1.Экономикалық циклдің барлық фазаларын көрсететін экономикалық өсудің қисығын сызыңдар.
2. Егер 1994 жылы баға индексі 150%, ал 1995 жылы 180% болса, онда инфляция қарқыны қанша болады?
3. Келесі жағдайлардан логикалық жалғамдарды құрыңдар:
1) номиналды еңбек ақының өсуі;
2) мұнай және мұнай өнімдеріндегі бағаның өсуі;
3) өмір сүру деңгейінің өсуі;
4) «Ұсыныс шогы»;
5) баға деңгейінің өсуінің күтілімі;
6) өндіріс көлемінің төмендеуі;
7) жалпы баға деңгейінің өсуі.
СДЖ арналған тапсырмалар
Елдегі инфляция қарқынының көрсеткіші ретінде:
А) атаулы валюта бағамы;
В) тұтыну құнының индексі;
С) кемітушілік индексі;
Д) валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі;
Е) сыртқы сауда индексі.
2. Филлипс қисық сызығы инфляция деңгейімен ненің арасындағы байланысты көрсетеді?
А) ақша массасын;
В) экономикалық цикл;
С) нақты процент мөлшерлемесі;
Д) процент мөлшерлемесі;
Е) жұмыссыздық.
3. Баяу ағымды инфляция:
А) өндірістің тоқырау жағдайына сипаттас;
В) ұсыныс жағындағы инфляция түрлерінің біріне жатуы мүмкін;
С) жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды;
Д) негізгі нарық агенттері бейімділетін инфляцияның күтілген қарқынын білдіреді;
Е) ауытқуы мүмкін және болжауға келмейтін деңгейімен сипатталады.
4. Инфляция дегеніміз:
А) арнайы сый ақы;
В) міндетті төлем;
С) экономикада өрлеу;
Д) орташа бағаның өсуі;
Е) бағаның төмендеуі.
5. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:
А) ашық инфляция;
В) күтілетін инфляция;
С) шығындар инфляциясы;
Д) жабық инфляция;
Е) сұраныс инфляциясы.
6. Экономикада болған құлдырауға байланысты жұмысынан айырылған, жұмыссыздардың қай түріне есептеледі?
А) жұмыссыздықтың құрылымдық түрінде;
В) тұрақты жұмыссыздық түрінде:
С) циклдік жұмыссыздықтар қатарында;
Д) ерікті жұмыссыздықтүрінде;
Е) фрикциондық түрінде.
7. Экономикалық құлдырауға байланысты пайда болатын жұмыссыздық – бұл:
А) жасырын маусымдық;
В) құрылымдық;
С) бірқалыпты;
Д) циклдік;
Е) фрикциондық.
8. Жақын арада жұмысқа тұруға үмітті адам- ол:
А) жартылай жұмыспен қамтамасыз етілген адам;
В) жұмыссыздар қатарына кіреді;
С) жұмыспен қамтылғандарға жатады;
Д) жұмыс күші құрамына кірмейді;
Е) өзін өзі еңбекпен қамтамасыз еткен.
9. Толық жұмыспен қамту саясаты- бұл:
А) толық жұмыспен қамтуға жету, ЖҰӨ-нің көлемін өсіру, инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мақсатымен елде экономикалық жағдайға бақылау жасау үшін жасайтын үкімет іс-әрекеті;
В) эмиссиялық іс-әрекетті өзгерту арқылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат;
С) елдің барлық еңбекке жарамды халықтың жұмысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орнының болуы;
Д) бюджеттік саясат;
Е) табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі.
10. Өндірістің төмендеуі мен фирманың жабылуы салдарына жұмыстан босатылған адам:
А) жұмыссыздықтың фрикциондық формасына;
В) жұмыссыздықтың циклдік формасына;
С) жұмыссыздықтың құрылымдық формасына;
Д) жұмыссыздықтың жасырын формасына;
Е) жұмыссыздықтың маусымдық формасына.