Білім беру бағдарламасы үшін ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus) Курс: семестр: Курс: Оқу мерзімі: 4 жыл



бет15/41
Дата22.09.2023
өлшемі198,8 Kb.
#109801
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Тапсырма 
1. Берілген сөздердегі әрбір екі дауыссыз фонеманы салыстыра отырып, олардың бір-біріне 
ұқсастығын және бірінен екіншісінің айырмасын көрсетіп жазыңыз. Жол, тал, қарқ, кілт, шоқ, ес, ет,
гүл, кӛз, нан, шаң, су, шу, бал.
2. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Содан кейін сөз ішіндегі буын 
түрлерінің орналасу тәртібіне көңіл аударып түсінік беріңіз. Сатып алынған бір бәтеңкенің мінезі екі
түрлі болып шықты. Әсіресе сол аяққа киетін бәтеңкенің мінезі ӛзгеше. Оң аяқтың бәтеңкесіне күн
кӛрсетпейді. Жүрсе нұқып қалады, тоқтаса, соғып ӛтеді.
– Досым-ау айтшы, менің не жазығым бар? – деп мұңайды ол.
– Бүйте берсең, жүрістен қалдырасың ғой.
– Қалсаң қала бер, – деді сол аяқтың бәтеңкесі. – Немене, сенсіз жер басып жүре алмайды
деймісің?
– Оң аяқтың бәтеңкесі кӛпке шыдамады. Бір күні ӛкшесі қақырап, аузы ырсиып қалды. Иесі
екеуін екі жаққа лақтырып жіберді. Сол аяқтың бәтеңкесі сыңарымен бірге ӛзінің де құритынын
ойламапты (Б.Әдетов).

8 семинар. Дыбыстық құбылыс. Дауысты дыбыстардың алмасуы


Сұрақтар: 
1. Дыбыстық құбылыстың пайда болу себебі
2. Үстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза), дауыстының әлсіреуі
(редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң дауыссыздардың сӛз
соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
3. Протеза болатын дыбыстар. Қысаң дыбыстардың дыбыстық құбылысқа қатысы.
4. Дауысты дыбыстардың алмасуы
Тапсырма 
1. Мәтіндегі сөздердің түбір тұлғасын ажыратып, буынға бөліп түрлеріне қарай ажыратыңыз. 
Сол сөздің бастапқы түбір қалпындағы буын түрінің өзгеріске түскен-түспегенін анықтаңыз. ХІХ
ғасырдың аяғында адамдар жылжып бара жатқан затты, жан-жануарды пленкаға түсіріп алатын құрал
ойлап шығарды. Оны «кинематограф» деп атады. Ол гректің «кинема» – жылжу және «графо» –
жазамын, хатқа түсіремін деген екі сӛзінен құралған. Кейін ол құрал кинокамера деп аталды. Міне,
кино ӛнері, кино жасау ӛнері дүниеге осылай келді («Ол кім? Бұл не?).
2. Сөздің буын жігі мен морфологиялық жігінің сәйкес келу-келмеуіне көңіл аударып, бұлардың 
арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Сендер күнде кӛріп жүрген фильмдеріңнің дайын боп
шығуына әртүрлі мамандықтағы кӛптеген адам үлкен еңбек сіңіреді.
Фильм жасау, ең алдымен, кӛркем әдебиеттің ерекше түрі сценарийден басталады. Онда болашақ
фильмнің оқиғасы, ӛтетін орны, актерлардың сӛзі түгел жазылады. Композитор музыкасын шығарады.
Фильмді таспаға түсіретін – кинооператор.



13
Кино жасайтын адамдарды: актер, оператор, суретші, гример, костюмерлерді режиссер басқарады


(«Ол кім? Бұл не?).

9 семинар. Буын, бунақ, екпін. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы


Сұрақтар: 
1. Буын. Оның жасалуы, тілдегі орны.
2. Қазақ тіліндегі буын туралы кӛзқарас
3. Буын мен тасымалдың ұқсастығы мен ерекшелігі
4. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет