Білім беру бағдарламасы үшін ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus) Курс: семестр: Курс: Оқу мерзімі: 4 жыл



бет16/41
Дата22.09.2023
өлшемі198,8 Kb.
#109801
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Тапсырма 
1. Төмендегі түбірлес сөздердің буын құрамын салыстыра отырып, буынның ауысуы, жылысуы 
сияқты құбылысты ажыратып себебін түсіндіріңіз. 1. Ӛлшем, ӛлшеу, ӛлшену, ӛлшеуіш. 2. Ойын,
ойыншық, ойна, ойыны. 3. Сан, сана, саны, санасы, санақ, санаңды. 4. Орын, орындық, орна, орны,
орында. 5. Сау, сауын, саулық, сауу, саумал, сауыншы. 6. Ӛкін, ӛкіну, ӛкінту, ӛкінісу, ӛкініш.
2. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп айтылуы мен жазылуы сәйкес келмеген буындардың астын 
сызып себебін түсіндіріңіз. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік
қаны тамған жері – Құсмұрын. Шоқан туған Аманқарағай дуанының (округі) осында ауысуына орай,
жаңа дуан да Құсмұрын болып аталып кеткен. Шоқанның әкесі майор дәрежесіндегі Шыңғыс
Уәлиханов сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған, «Қара шаңырақ» иесі атанған. Ӛз
шаңырағының, қала берді, бүкіл Уәли әулетінің мұрасы - Уәли ханның сауыты мен дулығасын
Шыңғыс 1865 жылы Орыс География қоғамына тарту еткен (С.Мұқанов).

10 семинар. Дыбыстардың үндестігі. Ұяңдану үрдісі


Сұрақ: 
1. Дыбыстардың үндесуіндегі ерекшелік
2. Қазақ тілінің ең негізгі заңы – үндестік. Үндестік заңының пайда болу себебі
3. Үндестік заңының тілдегі кӛрінісі
4. Ұяңдану үрдісі
Тапсырма 
1. Төмендегі шумақтарды ритмикалық топтарға бөліп шығып, ритмикалық топтар арасындағы 
дыбыстар алмасуын, фонетикалық өзгерісті көрсетіңіз. Топ құрайтын сөздерді шартты түрде 
қосып жазыңыз. Әр топтың жігін бір тік сызықшамен, сөйлемдерді шартты түрде қосып жазыңыз. 
Әр топтың жігін бір тік сызықшамен, сөйлем аяқталып, толық пауза болған жерді қос тік 
сызықшамен ажыратыңыз.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай кӛзі күлген.
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Шақыртпай еш адамға ӛзі келген,
Баянауыл басында балалы құр,
Бір сӛз айтам, қалқатай, мойынды бұр.
Аулыңның тұсынан аттанғанда,
Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр (Халық ӛлеңдері).
2. Төмендегі өлең шумақтарын ритмикалық топқа бөлініп, дұрыс айтылуын жазыңыз. Қатар 
келген дауысты дыбыстардан кірігетін (элизия) және кірікпейтін жерін дәлелдеңіз.
Аласы аз қара кӛзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі, кӛріп пе ең қыздың жайын? (Абай).
Ұшады аққу кӛлден байпаңдаған,
Қалқаға бір сӛзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Кӛзіңнен айналайын жаутаңдаған (Халық ӛлеңі).

11 семинар. Тіл (буын) үндестігі. Шұғыл дауыссыздардың ызың дауыссыздармен алмасуы


Сұрақтар: 



14
1. Буын үндесімі.


2. Тіл, ерін үндесімінің тілдегі орны.
3. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі.
4. Шұғыл дауыссыздың ызың дауыссыздармен алмасуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет