Тапсырма 1. Сөйлемдегі әр сөзге логикалық екпін түсіріп айтыңыз да, сол арқылы қандай мақсат көзделетініне түсінік беріңіз, логикалық екпін түскен сөздің орын тәртібіне көңіл аударыңыз. Үлгі: 1. Мен кеше концертке бардым (Кеше басқа жерге бармай, тек концертке барғанмын.). 2.
Кеше концертке мен бардым (Кеше концертке ӛзім барғанмын). 3. Мен концертке кеше бардым
(Концертке бүгін емес, кеше ғана барғанмын). 4. Ержан таңырқағандай Бӛрібайдың бетін қарады. 5.
Осы кезде бӛлмеге Мұрат кірді. 6. Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға
мақтана кӛрсетті (Х.Ес.).
2. Сөйлемдерден аралас буынды (жуан, жіңішке буынды) сөздерді теріп жазып, оларға қосымша жалғану заңдылығын түсіндіріңіз. 1. Жиенбайдың ӛзі самолетте ұшып кӛрген емес. (Ә.Әлім). 2. Қатты жүрген жолаушылар күн бата
Кӛлқораның табанында отырған кӛп ауылдың шетіне кірді (Ә.Н). 3. Кристалдардың бұл баяндалған
люминесценттік қасиетімен қатар, стимулданған сәуле шығара алатын қасиеті де бар екені белгілі
(Т.Ә.). 4. Жауынгерлер орындарынан кӛтеріліп, ілгері жүгірді. 5. Ауылдағы бар баланың арманы еді
сондай ӛнерпаз болу. 6. Тобықтының жемпаздары қасаптың да семізін, лапкенің де қызарғанын
құртып барады (М.Ә.). 7. Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезімде кітапханадан
Шоқан туралы кейбір кітаптардан оқып, оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін ұққан едім
(С.Бегалин). 8. Бируни ӛз бетімен Хорезмидің, Фарабидің, Жауһаридің, Қараджидің, Ферганидің тағы
басқа білімпаздардың кітаптарын оқыды (Б.С).
№12 семинар. Дыбыс үндестігі. Тіл арты дыбыстарының тіл алдына жылжу үрдісі
Сұрақтар: 1. Дыбыс үндесімі. Игерудің түрлері, маңызы.
2. Дауыссыз дыбыстардың ӛзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылығы. Жасалым, айтылымға
қатысты игеру
3. Тіл арты дыбыстарының тіл алдына жылжу үрдісі
Тапсырма 1. Дауысты дыбыстардың еріннің қызметі жағынан үндесуіне көңіл бөліп, мына шумақтарды дұрыс оқып және айтылуы бойынша жазыңыздар. Қазақтың ӛзге жұрттан сӛзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сӛзін.
Кӛздің жасы, жүректің қаныменен,
Ерітуге болмайды ішкі мұзын (Абай).
Ӛсер... ӛсер... не ӛсер. Тек зұлымдық ӛсер нӛсер болып сенен! Сор ӛсер, ар ӛшер! Ӛскенде тек зар
ӛсер сенің лағынет табаның астында! (М.Әуезов).
Ӛлсе ӛлер табиғат, адам ӛлмес.
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені мен менікі»-нің айрылғанын
«Ӛлді» деп ат қойыпты ӛңкей білмес (Абай).
Сӛйтіп, он шақты күн ішінде Абайды ӛзінің шаруа мұңымен, қамдармен ертелі-кеш алаң ететін
сӛздер енді Аралтӛбедегі ауылда саябырлап басылған еді. Ас үстінде, кейде шақтарда, Абай оқыған
кітаптың жайынан әңгіме сұрайды (М.Ә.). – Әділ тӛресін ӛздерің айт ағалар, – деп Сұлтанмахмұт сӛзін
бітірді де, жұртқа тесіле қарап, «Үкім» күтіп тұрып алды (Д.Ә.). Жез қалпақ қайта қағылғанда, жұрт
тапыр-тұрып отыра бастап еді (Ғ.М.).
2. Төмендегі сөйлемдерден сөз ішінде немесе сөз аралығындағы дауысты дыбыстардан болатын комбинаторлық өзгерісті (элизиялық құбылысты) анықтап, себебін түсіндіріңіз. Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп асығып келеді екен (М.Ә.). Мұң ұялап қамыққан кӛңілді
сол мұңды әндер ғана босата алады (Ғ.М). Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Машат
тауының желке тұсы екен (М.Ә). Ӛзінің ауру-сауын да айыра алмайды (М.Ә.). Ұлжан да кӛп әңгіме
білуші еді (М.Ә.). Сары ала дорба қайыс таспамен тӛбеге ілулі тұрады. Сырымбет тауының күнгей
жағында жалаңаштанған екі ӛркеші қылтияды. Құдаларды қарсы алуға тӛрт ауыл түгел әзірленіп
жатыр. Тірі болсам, туған жерді бір кӛрсетем деуші едім. Қыстыгүні сақылдаған сары аяз. Әкемнің қол
таңбасы түскен шахмат сақалды ма екен. Нұржан қосқа қайта оралады.
15
№13 семинар. Орфоэпия. Диссимиляциялық (керігу) дыбыс алмасуы