Білім беру бағдарламасы үшін ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus) Курс: семестр: Курс: Оқу мерзімі: 4 жыл



бет18/41
Дата22.09.2023
өлшемі198,8 Kb.
#109801
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Сұрақтар: 
1. Орфоэпия, оның зерттелуі. Орфоэпияның тілдегі орны
2. Суперсегментті бірліктердің ауызша сӛзді ұйымдастырудағы рӛлі
3. Диссимиляциялық (керігу) дыбыс алмасуы
Тапсырма 
1. Сөйлемдерді айтылуы (орфоэпия) бойынша жазыңыз. Қарагӛздің ауылы бүгін қалың жаудың
ішімен жайлаудағы кӛк шалғынды, салқын сулы шалқар қонысқа кӛшіп келе жатыр. Таң қылаңдап
келе жатқаннан жүгін арта бастаған ауыл жаздың күні жақын белден жаңа қызарып шығып келе
жатқанда ескі жұртынан жӛнелген (М.Ә.).
2. Сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен (екпінмен) айтып, екі түрлі түсінуге 
болатынын дәлелдеңіз.
Қазақ тілін сүйеді
Қазақ жерін сағынды
Қонақ үйге кірді
Мал қорада тұр
Жүн қапта тұр
Тас жолға тӛселді
Үй күшіктің мекені
Ағаш үйде ғой
Алтын қасықпен ішті
Темір тәртіпті сақтады
Әдемі алма жеді
3. Сингармонизм заңына сәйкес комбинаторлық алмасуын көрсетіңіз. Ол үшін әуелі қосымша 
атаулыда қандай дауысты дыбыстың қатынасатынын анықтау қажет. Сӛйтіп, он шақты күн
ішінде Абайды ӛзінің шаруа мұңымен, қамдарымен ертелі-кеш алаң ететін сӛздер енді Аралтӛбедегі
ауылда саябырлап басылған еді. Соңғы кезде нұрлы жүзіндегі жұқалаң қызылы басылғандай, ӛңі
ақшыл сарғыш тартып, жүдей түскен Әйгерім енді күлкісі оянып, кӛңілді жүзі және де ӛзінің ақ қызыл
ажарымен әсемдене түседі.

14 семинар. Графика. Метатеза (ауысым) құбылысы


Сұрақтар: 
1. Графика (жазу). Қазіргі әліпбиінің құрамы
2. Қазақ әліпбиіндегі әріп пен фонеманың арақатынасы
3. Қазіргі қолданыстағы әліпбидің тарихы
4. Метатеза (ауысым) құбылысы
Тапсырма 
1. Сөйлемдерден көп буынды сөздердің құрамында өзгермей айтылған фонеманы бір топқа, 
өзгеріп айтылған дауыстыларды екінші топқа теріп жазыңыз, олардың өзгермеу және өзгеру 
себебіне түсінік беріңіз.
1. Бала күнімізде анау кӛрінген тӛбенің басында талай асық ойнап едік. Биыл Есімбектің
Қарақұмды жайлап қалды (Б.М.). 2. Үйдің екінші жақ бұрышында ұзыншалау стол бар (Б.М.). 3.
Құдық басына келгендер, ауылдан қосылғандар бәрі қарықшыларға кӛмектесіп жүр (Ғ.М.). 4.
Раушанның қызыл шырайлы жүзі, күлімсіреген кӛзі, баптап сӛйлеген сӛзі Бәкенді сиқырлаған болады
(Б.М.). 5. Жаздыгүні ауылдың шаруасы саябырлады да, енді тыныштық-демалыс кезіне шыққан соң,
болыс Бақтығұлды, ел жұмасы дейтін болыстың кеңесінің керегіне жарата бастады (Ғ.М.).
2. Сөйлемдерден ұяң дауыссыздардың қатаңға айналған түрлерін теріп жазыңыз. Қатаңдану 
себебіне түсінік беріңіз. 1. Жарықтық аққу – құс тӛресі, құс біткеннің асқан ақылды падишасы ғой. 2.
Құдаға кел, жамағат, кӛз салайық, жарасқан сән-тұрманын біз санайық. 3. Екі жасқа бұл шаттық сонша
қымбатын арба айдаушы Сақал қайдан сезсін. 4. Сұлтанмахмұт кӛш жӛнінде ӛз әке-шешесінің де,
ӛзінің де кӛрген қорлығын, кесел-кейістігін кӛз алдына келтіреді. 5. Абылғазының ӛз қасындағы
жиырма бес жігіт бастық аға айтқандай тобын жазбай, бұның қатарында бӛлек түйіліп келе жатты
(М.Ә.).

15 семинар. Орфография. Тұлға жігіндегі қыстырма дыбыстар


Сұрақ: 



16
1. Орфография, оның зерттелуі. Орфографияның тілдегі орны


2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
3. Қазақ тілі орфографиясы сүйенетін қағидаттар
4. Тұлға жігіндегі қыстырма дыбыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет