Білім беру бағдарламасы үшін ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus) Курс: семестр: Курс: Оқу мерзімі: 4 жыл



бет24/41
Дата22.09.2023
өлшемі198,8 Kb.
#109801
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Негізгі әдебиеттер1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 24.

6 СОӚЖ. Дауыссыз дыбыстарға сипаттама. Аффрикат дыбыстар. Морфонологиядағы ұяңдану


үдерісі
Тапсырмалар 
1. Қазақ және түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстарына қысқаша сипаттама жасаңыз. 
Дауыссыз дыбыстарда қанша құрылыстық белгі болады? Дауыссыздар қандай белгілеріне қарай 
сәйкестік (арақатынастық) жұп құрайды? Түсінік беріңіз.
2. А.Байтұрсынов еңбектеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды топтастыру 
ерекшелігін көрсетіңіз. 
3. Морфонологиядағы ұяңдану үдерісіне кеңінен сипаттама беріп, мысал жазыңыз. 
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.

7 СОӚЖ. Буынға байланысты қазақ тіл біліміндегі кӛзқарас. Гаплология құбылысы


Тапсырма 
1. Сөздің буындық құрамы деген не? Буын ығысуы және буын жылысуы дегенді мысалдармен 
түсіндіріңіз. Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінен (Алматы, 1966) буын 
жігін қалай табу керектігі жөніне қатысты конспект жазыңыз.
2. Гаплология құбылысына түсініктеме беріп, мысалмен көрсетіңіз. 
3. Сөздің буын жігі мен морфологиялық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы; 
Буын жігінің орфоэпиялық бөлінуі мен орфографиялық бөлінуінің кейде сәйкес келмейтіні, оның 
себебін түсіндіріп, мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.

8 СОӚЖ. Дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі. Шұғыл-ызың дауыссыздардың алмасуы


Тапсырма 
1. Дауыс ырғағы дегеніміз не? Оның өзіндік ерекшелігіне түсінік беріңіз. Жалпы тілдегі дауыс 
ырғағының түрлерімен танысып, сипаттама жасаңыз. 
2. Қазақ тіліндегі тіркес немесе бунақ екпініне айрықша мән беріп, басымдылық қасиетін 
мысалмен дәлелдеңіз.
3. Интонацияның қызметі неде? Кідіріс (пауза) сөйлем ішінде қандай қызмет атқарады? 
Сөйлеудің фонетикалық бөліктері дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар арқылы түсіндіріңіз. Шұғыл-
ызың дауыссыздардың алмасуына 10 мысал келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет