Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 23.
№4 СОӚЖ. Дауысты дыбыстарды жасаудағы жақтың, тілдің, еріннің қатысы. Морфонологияның
морфологиядан ӛзгешелігі
Тапсырмалар
1. Дауысты дыбыстардың фонемалық қасиеті немен байланысты болатынын түсіндіріңіз.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыс? Олардың өзіндік ерекшелігін сипаттаңыз.
2. Дауысты дыбыстар құрамының өзгеруіне назар аударыңыз; Сөз ішіндегі дауысты
дыбыстардың қолданылудағы өзгерісі (протеза, эпентеза, эпитеза, редукция, элизия құбылысы)
немен байланысты екенін түсіндіріңіз; Дауыстылардың жазылу емлесін түсіндіріңіз.
3. Ильминский, Радлов, Мелиоранский т.б. еңбектеріндегі дауыстыларды қазіргі қазақ тіліндегі
дауысты дыбыстармен салыстырыңыз. Мәтінді көшіріп, әр сөздегі дауысты дыбыстарды акустика-
артикуляциялық қасиеті жағынан талдаңыз. Әр дауысты дыбыстың фонемалық қасиетіндегі ортақ
белгі мен айырмашылықты түсіндіріңіз.
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне
айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар кӛп кӛрінеді. Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл
реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл кӛде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып,
елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта кӛп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып ӛтеді (М.Ә.).
4. «Дауысты дыбыстар жүйесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-14, 16, 17, 18, 21, 25.
№5 СОӚЖ. Құранды дауыстылар; Кейбір дыбыстың дифтонг сапада айтылуы.
Морфонологиядағы үнем қағидаты
Тапсырма
1. Құранды дауыстылардың фонемалық қасиеті немен байланысты болатынын түсіндіріңіз.
Қазақ тіліндегі құранды дауысты дыбыс? Олардың өзіндік ерекшелігін сипаттаңыз.
2. Мәтінді оқып шығып, әр сөздегі дауысты дыбыстарды әуелі тілдің қызметіне қарай, одан соң
жақтың ашылуы қалпына қарай, ең соңында ерін қызметіне қарай топтастырыңыз. Әр топтағы
дауысты дыбыстар құрамының өзгеруіне назар аударып, сипаттама беріңіз.
Бақыттың кілті осында тұрса да, осы қылығына қарағанда үйде жатып алайын деп ем, дәмдес
адам болған соң саған ақылдасайын деп шақырып отырмын. Кенжетай мен Асқар үйге кірсе, Ұлбосын
пешке от жағып жатыр екен. Шам жағылған жоқ, үй іші қара кӛлеңке (С.М.). Үй ішімен Әбдірахман
тегіс амандасты. Есімбек бай онша жақсы кӛрмеген адамның қалыбын істеді (Б.М.). Қыпшақ Сейітқұл
отыз үйлі тобырымен жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша
етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды (Ы.А). Бұл жігіттің жасы отыз шамасында
орта бойлы, дӛңгелек денелі, қысқалау мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дӛңгелек, жалпақтау.
Суық қарайтын қисық біткен кішілеу ӛткір кӛзінде және түксиген қабағында ӛзгеше қаталдық бар.
Кішкене мұрны кӛз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні, құмарлыққа кӛп
салынғандығын білдіріп тұр (М.Ә.).
19
3. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов т.б. еңбектеріндегі дауыстыларды қазіргі
қазақ тіліндегі дауысты дыбыстармен салыстырыңыз. Морфонологиядағы үнем қағидатын
мысалмен түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |