Мақсаты: ветеринариялық мәселелер және ветеринария қызметтерінің оларды шешудің ұйымдастырушылық жолдары, ветеринариялық қызметті теориялық, практикалық құрудың және басқарудың маңызы туралы дағдылану және білуіне қажетті «Ветеринариялық медицина» мамандығы студенттері қажетті білім беру.
Міндеті: студентке жануарларды аурулардан қорғау, оларға тиімді медициналық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру, сондай-ақ адам денсаулығын сақтау, оларды жануарларға ортақ аурулардан қорғау туралы қажетті білім кешенін беру.
Пән курсын оқығаннан кейін студент: Ветеринариялық қызметтің қалыптасу тарихын, ветеринариядағы заңнамалық реттеу негіздерін, ветеринариялық қызметтің, мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің, халықаралық ветеринариялық ұйымдардың құрылымын білуі тиіс; Ветеринариялық іс-шараларды жоспарлауды, ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды, ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыруды, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу дағдыларын қолдану керек;
Ветеринариялық қызметте, ветеринариялық институттарда, шет мемлекеттердің ветеринариялық қызметтерінде құзыретті болу керек.
Курс саясаты Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.
Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары балл алу керек.
Емтиханда студент ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады. (білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).
FХ" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студентке оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Транскриптте FX және F бағаларын қоса алғанда, білім алушының қорытынды бағасын көрсете отырып оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
Емтихан билетіне 4 сұрақ кіреді (4 сұрақ-ауызша). Әр сұрақ 100 баллмен бағаланып, орта баллы шығарылады.