Автор кітабында жасаған таңдаулары мен қоршаған ортаға тигізген әсерінің салдарынан қираған бірнеше өркениеттерді сипаттайды.
+
Кітаптағы ең қорқынышты мысалдардың бірі – Рапа-Нуи.
+
Олар әйгілі мүсіндерді, моайларды жасады және бұл үлкен мүсіндерді арал ішінде әртүрлі жерлерге көшіру үшін өздеріне қол жетімді табиғи ресурстарды пайдаланды.
+
Еуропалықтар алғаш рет 1722 жылы Рапа-Нуиге келіп қоныстанғанда, моай мүсіндері әлі сол жерде қалған болатын, бірақ ағаштар болған жоқ.
+
Кітап жақсы жазылған және қоршаған орта туралы алаңдайтын жандар үшін оқуға тұрарлық.
+
Ғылым жаңалықтары Полинезиялық егеуқұйрықтар Рапа-Нуи ағаштарын құртты ма? Мақсат Көркемұлы, Ғылыми репортер 2005 жылы Джаред Даймонд Коллапс кітабын басып шығарды. Ол аталмыш кітабында Рапа-Нуи (Пасха аралы деп белгілі) елді мекенін суреттейді.
Аталмыш кітап жарыққа шыққаннан кейін, көпшіліктің сынына ұшырады. Көптеген ғалымдар Даймондтың Рапа-Нуиде не болғаны жайлы теориясын сынға алды. Олар еуропалықтар алғаш рет 18-ші ғасырда аралға келулеріне байланысты үлкен ағаштардың жойылғанымен келіседі, бірақ, олар Джаред Даймондтың осы жағдайға байланысты теориясымен келіспеді.
Енді, екі ғалым Карл Липо мен Терии Хант жаңа теория жариялады. Олар полинезиялық егеуқұйрықтар ағаштардың дәнін кеміріп, басқасының өсуіне кедергі болған деп есептейді. Олардың ойынша, алғашқы тұрғындар Рапа-Нуиге қоныс аудару үшін пайдаланған қайықтарда егеуқұйрықтар кездейсоқ немесе әдейі әкелінген.
Зерттеулер егеуқұйрықтардың популяциясы әр 47 күн сайын екі еселене алатынын көрсетті. Бұл тамақтың жұты десе де болады. Липо мен Хант теорияларын қолдау үшін егеуқұйрық кемірген тесікті көрсететін кокос жаңғағының қалдықтарына сілтейді. Әрине, олар Рапа-Нуидегі ағаштарды жоюда адамдардың да белгілі бір рөл атқарғанын мойындайды. Бірақ, олар бірқатар факторлардың арасынан полинезиялық егеуқұйрықтарды басты айыптылар деп есептейді.