Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Фонологиялық немесе фонематикалық хабардарлық



бет25/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Фонологиялық немесе фонематикалық хабардарлық
Фонологиялық хабардарлықты сөздің ішкі құрылымын тыңдау қабілеті ретінде қарастыруға болады. Бұл адамның сөзді тану барысында әртүрлі дыбыс бірліктеріне назар аудару қабілеті болып табылады.
Фонематикалық хабардарлық – фонологиялық хабардарлықтың анағұрлым күрделі немесе жетілдірілген бөлігі. Ол адамның сөздерді жеке дыбыстар (фонемалар) деңгейінде білуін қамтиды.
Фонематикалық хабардарлық – ауызша дыбысталатын сөздердегі жекелеген дыбыстарды есту, анықтау және қолдану қабілеті. Бұл бала сөздегі жекелеген дыбыстарды танып-білуді үйренетін кезде дамитын дағды болып табылады [38].
Оқушылардың табысты оқи білуі фонематикалық қабылдау қабілетімен байланысты. Балалар фонематикалық санаға жеткен кезде сөздердегі бірінші, соңғы және ортаңғы дыбыстарды анықтай алады. Сондай-ақ олар дыбыстарды (мысалы, «мысық» «м» - «ы» - «с» - «ы» - «қ» дыбыстарынан тұрады) бөлшектеп саралай алады және біріктіріе алады (мысалы, "қ" -" о"-"ш"-"а"-"қ"- "а" -"н" сөзін құрайды).
ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРДАРЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР


Ұйқастар
«Артық дыбыс»
Балаларға өзара ұйқасатын сөздердегі «артық дыбыстарды» тыңдап, тауып алу керектігін хабарлаңыз (мысалы: арман - орман, құдық - құрық). Бұл тапсырманы орындау қиынға соғатын балаларға қолдау көрсету үшін пайдалануға болатын суреттер/сөздер карталарын ұсыныңыз. Бұл тапсырманы өте жақсы орындаған балаларға қосымша берілген сөзге ұйқас болатын екі жаңа сөз ойлап табуды сұраңыз (мысалы: қамыс).


«Ұйқас жұмбақтар»
Қарапайым жұмбақтарды немесе тақпақтарды ойлап тауып, оларды балалармен бірге қарастырыңыз. Балалар жұмбақтарды немесе тақпақтарды таба бастаған кезде, ұйқас сөзді қосып отыруына рұқсат етіңіз (мысалы: «Бүгін баспалдақта көрдім мен мысық, Оның мұрты бар, көзі (қысық)!»


«Мен тыңшымын»
Бөлмеде бар заттар мен нәрселерді пайдаланып, «Мен тыңшымын» ойынын ойнаңыз (мысалы, «Мен «жазу» сөзімен ұйқасатын бір нәрсені бақылап отырмын). Егер балалар бұл ойынды жақсы меңгеріп алса, оларға кезекпен ұйқасы бар сөз айтуды ұсыныңыз. Баланың кезегі келген кезде өзі ойлаған сөзді қосып айтуына рұқсат етіңіз (мысалы, «Мен «қабақ» сөзімен ұйқасатын бір нәрсені көріп тұрмын ... «табақ!»). Балалардың сөздік қоры әлі дамып жатқандықтан, олардың мүлдем ұйқаспайтын сөздерді айтуы қалыпты жағдай, сондықтан оларды фонологиялық хабардарлық тапсырмасын дұрыс орындайды деп қабылдауға болады.


«Қоқыс жинау»
Сөздердің кем дегенде біреуі белгілі бір зат есім болатын (мысалы, мысық-қысық, аула-қаула) болатын ұйқас сөздер жұптарының тізімін жасаңыз. Топта/сыныпта ұйқасатын жұптағы сөздердің біріне сәйкес келетін заттарды немесе суреттерді жасырыңыз (мысалы, доптың, үйдің немесе мысықтың суреті).
Балаларды шағын топтарға топтастыруға болады. Балаларға өздері Сіздің сөзді қалай айтатыныңызды тыңдап, содан кейін сол сөзге сәйкес келетін затты немесе суретті табуы керек екендігін, одан кейін әр топ үшін бір сөзден оқуы керек екендігін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет