Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет40/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық Интегр началка (Восстановлен)

Дереккөз: Morgan, A., Wilcox, B. R., & Eldredge, J. L. (2000). Effect of difficulty levels on second-grade delayed readers using dyad reading. The Journal of Educational Research, 94(2), 113–119.
2-нұсқаулық
Оқушыларды мәтіннің құрылымын түсініп оқуға, мазмұнын есте сақтауға дағдыландырыңыз

Оқушылар мәтін құрылымын ажыратуды білген кезде, оның мазмұнын жақсы түсінеді және есте сақтайды, өйткені бұл олардың оқу кезінде мәтіннің мән-мағынасын түсінуіне және есте сақтауына көмектеседі. Мысалы, мәтіннің қалай құрылымдалғанын түсіну оқушылардың негізгі және қосалқы оқиғаларды ажырата білуіне, оқиғаның қалай өрбитінін болжауына көмектеседі. Оқушылардың дұрыс құрылымдау қабілетін балабақша жасынан дамытуға болады. Бұл кезеңде оқыту негізінен баяндау сипатында болғанымен, бастауыш сынып оқушылары да ақпараттық мәтінмен танысу керек, өйткені мәтін құрылымы олардың негізгі ойларды түсінуіне және есте сақтауына көмектеседі. Мұғалімдер оқушыларды өз бетінше мәтін құрылымын ажырата білуіне, оқу мақсатын ескере отырып, мән-мазмұнын меңгеруге дағдыландыруы керек. Бұл жерде оқушылардың мәтін құрылымы туралы біліміне сүйене отырып, күрделі мәтіндерді түсінуіне көмектесу маңызды болып табылады.


Мәтіннің құрылымын айқындау, мазмұнын зерделеу және есте сақтау әрекеттері:
Баяндалатын мәтіннің бөліктерін анықтау және байланыстыру жолдарын түсіндіріңіз. Мысалы, жақында оқылған кітаптарды сыныпта талқылау мәтін құрылымының негізгі элементтері туралы сұрақтарды қамтуы керек. Мәтін құрылымын алдымен оқушыларға жақсы таныс әңгімелер арқылы үйреткен жөн. Мұғалім оқушылардан негізгі элементтерді (мәтіндегі оқиғаның орны, кейіпкерлері, сюжеті, проблемалар мен шешімдер) атап, олардың әрқайсысын қолдың саусақтарымен байланыстыруды ұсынасыз. Мұғалімдер мәтін құрылымы бойынша нұсқауларды оқушылардың қабілеттеріне бейімдей білуі керек. 1-2-сынып оқушыларына бұл элементтерді қарапайым сұрақтарды (мысалы, қашан және қайда? кім? не болды? оқиға қалай аяқталды?) қолдану арқылы анықтау ұсынылады. Оқушыларға дауыстап оқылатын (кейде олардың өз көшірме нұсқалары лерінен оқып жатқанда) немесе сызбалар арқылы берілетін әңгімелер құрылымы ұсынылады.
10-кесте. Баяндау мәтіні құрылымының элементтеріне сәйкес оқушының мәтінді түсінуіне педагогикалық қолдау көрсету («Қызыл телпек» мәтіні)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет