Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет39/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық Интегр началка (Восстановлен)

1-нұсқаулық
1. Оқушыларды оқыған мәтінді түсіну стратегияларын қолдануға дағдыландырыңыз.
Жақсы оқырман оқу барысында ойлаудың және мәтінді талдаудың көптеген түрлерін қолданады. Сондықтан оқуды жаңадан үйреніп жүрген оқырмандарға мәтіннің мән-мазмұны бойынша түсінік қалыптастыру стратегияларын үйрету маңызды. Стратегия – оқырманның мәтінді оқу алдында, оқу барысында немесе оқығаннан кейін танымдық процедураларды арнайы қолдануы. Түсіну стратегиялары оқырмандарға өздерінің түсінігін жақсартуға, мәтінді түсінудегі қиындықтарды еңсеруге және мәтінге байланысты әлсіз немесе толық емес білімін жетілдіруге көмектеседі.
Әдіс-тәсілдер мен стратегияларды жекелеп немесе кешенді түрде үйретуге болады. Екі тәсіл де оқығанын түсіну дағдысын жақсарта алады, сондықтан мұғалімдерге сыныпта өздеріне ыңғайлы әдісті таңдау ұсынылады.
9-кесте. Оқыған мәтінді түсінудің тиімді стратегияларына мысалдар

Оқыған
мәтінді түсіну стратегиялары


Тиімді стратегияның сипаттамалары

Стратегияны тәжірибеде қолдану тәсілдері

Бұрыннан бар білімін қолдану

Оқушылар өздері білетін нәрселер туралы ойланады
және оқығанын түсіну үшін немесе мәтінде әрі қарай не болатыны туралы болжам жасау үшін бұрыннан бар білімін басқа тәсілдермен бірге қолданады. Оқушылар өз болжамдарының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқуды жалғастыруы керек деп күтіледі.



1. Мәтіннен негізгі ойды таңдап, оқушыларға осы идеяны олардың өз тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік беретін сұрақ қойыңыз. Мәтінде осыған ұқсас оқиғаның орын алу мүмкіндігін болжауды ұсыныңыз.
2. Әңгіменің ортасында оқушыларға әңгіменің соңында не болатыны туралы болжам жасауды ұсыныңыз. Олардан өздерінің мұндай болжамға қалай келгенін, бұл оларды өзінің оқығандары туралы қорытынды жасауға және сөздер мен тіркестердің мағынасын тереңірек қарастыруға не түрткі болатынын түсіндіруді сұраңыз.

Сұрақ

Оқушылар өз түсінігін дамыту үшін оқу барысында «Қайда?» және «Неліктен?» деген сұрақтарды қолдана отырып, мәтіндегі маңызды идеялар туралы сұрақтарға жауап
беруге тырысады.



1. Сұрақтарды тұжырымдау үшін қолданылатын сөздерді (мысалы, қайда? неліктен?) карточкаларға жазып, оқушыларға таратыңыз.
2. Шағын топтарда жұмыс істейтін оқушыларға осы сөздерді қолдана отырып сұрақтар қоюды ұсыныңыз.

Визуализация

Оқушыларда мәтінде сипатталған нәрсенің ойша бейнесі қалыптасады.



1. Оқушыларға мәтінде сипатталған нәрселерді визуализация арқылы ​​елестету оқығанды есте сақтауға көмектесетінін түсіндіріңіз.
2. Оқушыларға алдарында тұрған заттарға қарауды, содан кейін көріністі бейнелейтін суретті қарастыруды ұсыныңыз. Осыдан кейін заттар мен суретті алып тастап, оқушылардан өз көргендерін визуализация арқылы елестетуді және сипаттап беруді сұраңыз.
3. Сөйлемді оқыңыз және оқушыларға не көріп тұрғаныңызды сипаттаңыз. Мәтіннен бөлімдерді таңдап, оқушыларға өз көргендерін визуализация жасап және талқылап жаттығуды ұсыныңыз.

Тексеру, нақтылау және түзету

Оқушылар оқыған мәтінді өзінің түсінген-түсінбегеніне назар аударады, егер түсінбеген болса, қайта оқиды немесе оқығанын түсінуге көмектесетін стратегияларды қолданады.



1. Әрбір стратегияны жол белгісімен байланыстырыңыз (мысалы, «тоқта» белгісі – оқуды тоқтатып, мәтінде не болып жатқанын өз сөзіңізбен айтып беруге тырысыңыз; «кері орал» – мәтіннің мағынасы жоқ бөліктерін қайта оқыңыз).
2. Оқығанды түсінудің әртүрлі стратегияларын таңбалары бар карточкаларға жазыңыз және оқушыларға түсінбеген мәтін бойынша стратегияларды қолдану үшін жұппен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз.

Қорытынды тұжырым әзірлеу

Оқушылар мәтіннің мағыналық құрылымы үшін маңызды, бірақ мәтінде жоқ немесе тікелей айтылмаған ақпаратты қарастырады.



1. Оқушыларға мәтінді түсінуге көмектесетін тірек сөздерді іздеуді және мұндай сөздерден қалай қорытынды жасауға болатынын үйретіңіз. Мысалы, мұғалім «клоундар» мен «акробаттар» туралы айтылған үзінді циркке қатысты болуы мүмкін екендігін көрсете алады.
2. Үлгі мәтіндегі түйінді сөздерді анықтаңыз және
оқушылардың осы сөздердің көмегімен үзінді туралы не біле алатынын түсіндіріңіз.

Қорытындылау/ Баяндау

Оқушылар оқылған мәтіннің түйінді мәселелерін ауызша немесе жазбаша түрде қысқаша баяндайды.

1. Оқушыдан сыныптасына немесе мұғаліміне мәтінді өз сөзімен сипаттап беруін сұраңыз.
2. Егер бұл оқушыға қиындық туғызатын болса, «Бұдан әрі не болады?» немесе «Үзіндіде (тақырыпта) тағы не туралы айтылады?» деген сұрақтарды қойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет