Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет50/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Математикалық сауаттылық
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, математикалық білімді нақты шынайы өмір объектілеріне қатысты өнімді және саналы іс-әрекетті жүзеге асыра алу үшін оқушының жеке тәжірибесі мен қажеттіліктеріне байланысты біліммен, білік-дағдылармен толықтыру қажет. Сабақтарда біз мақсат қоюға және оларға қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлауға, қолжетімді дереккөздерді (анықтамалықтар, оқулықтар, сөздіктер, БАҚ) пайдалана отырып, қажетті ақпаратты алуды үйретуге тиіспіз. Балалар өз пікірлерін білдіре және дәлелдей білуі керек екенін әрдайым есте ұстау қажет. Сабақ барысында математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, өзін-өзі бақылау және өзара бақылау дағдыларын қалыптастыру қажет. Демек, функционалдық математикалық сауаттылық ақпаратты іздеу және түсіндіру, әртүрлі өмірлік жағдайларда математикалық есептерді шешу дағдыларын қамтиды. Ақпарат суреттер, сандар, математикалық таңбалар, формулалар, диаграммалар, карталар, кестелер, мәтін түрінде ұсынылуы мүмкін, сонымен қатар материалды визуализациялаудың техникалық әдістерін қолдана отырып көрсетілуі мүмкін. Бұл математикалық ақпаратты қолдану арқылы нақты өмірдегі мәселелерді шешу дағдыларын қамтиды: шамалар мен сандар, көлемдік өлшемдер, сызбалар мен диаграммалар, деректердің байланысы, ықтималдық және т.б.
Математикалық сауаттылықтың үш құрамдас бөлігі: ақпаратты табу және іріктей білу; арифметикалық амалдарды орындау және оларды нақты есептерді шығаруда қолдану; деректерді түсіндіру, бағалау және талдау. Нақты өмірде дағдылардың бұл үш тобы бір мезгілде қолданылуы мүмкін.
Математикалық сауаттылықты меңгерген оқушылар мыналарды жүзеге асыруға қабілетті болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет