Әдеби-теориялық білімді меңгеру.
Функционалдық сауаттылық және «Әдебиеттік оқу» пәнінде
мәтінмен жұмыс жүргізу
Оқудың бірнеше түрі бар (12-кесте). Оқудың көрсетілген түрлері негізгі мектепте түпкілікті пысықталады. Бастауыш мектепте оқушылар оқуды зерттеп меңгереді, алайда оқудың басқа түрлері туралы да түсінік беру керек. Мына оқу функцияларын да ескеру қажет:
ақпарат алу процесінде жүзеге асырылатын танымдық функция;
практикалық қызметті басқаруға бағытталған реттеу функциясы;
адам өмірінің эмоциялық саласымен байланысты құндылық-бағдарлы функция.
Оқуды екі формада қалыптастыру маңызды – дауыстап оқу және ішінен оқу. Дауыстап оқу тыңдаушыларға арналған, яғни бұл анық, түсінікті, қатесіз тұтас сөздермен, қалыпты қарқында оқу. Мектепте ол орфоэпиялық сауаттылыққа, қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Ішінен оқу – бұл сыртқы сөйлеу қозғалыстарынсыз көзбен оқу.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын оқу түрлері.
Шолып оқу
|
мақсаты мәтіннің мазмұны туралы жалпы түсінік алу болып табылады. Мәтіндегі қызықты/ құнды мәліметтерді белгілей отырып, жалпылама шолып оқып шығу. Мұндай оқу танымдықтан бұрын келеді және кітаптың мазмұнымен, атауымен, шығарманың авторымен танысу керек болғанда қолданылады
|
Танымдық оқу
|
мақсаты мәтіннің мазмұнын жалпы түсіну болып табылады. Мұндай оқу бірнеше дереккөздің белгілі бір сұрақтарын бөлу, сондай-ақ аталған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыру мақсатында, алынған ақпаратты салыстыру және салғастыру үшін қолданылады.
|
Зерттеп оқу
|
оқудың бұл түрінің мақсаты мәтін ақпаратын толық немесе мүмкіндігінше дұрыс түсіну болып табылады. Зерттеп оқу мәтіннің басты ойын, оның мақсатын меңгеруге, қойылған сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |