Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


III кезең. Шамаларды жанама салыстыру



бет59/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
III кезең. Шамаларды жанама салыстыру.
Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларда мыналар туралы түсінік қалыптастыру:

    1. өлшем өлшенетін шамамен біртекті, ыңғайлы болуы керек;

    2. шаманың сандық мәні таңдалған өлшем бірлігіне (өлшемге) байланысты: өлшем неғұрлым үлкен болса, сан (өлшем) соғұрлым кішірек және керісінше болады;

    3. тек бір өлшем бірлігімен өлшенген шамаларды салыстыруға болады.

Мұнда оқушылар тиісті өлшемді таңдау үшін жаттығулар орындайды (ұзындықты өлшеу үшін – жіп, қағаз жолақтары, сым кесінділері, әртүрлі мөлшердегі таяқшалар). Шамаларды әртүрлі өлшемдермен өлшеуді жүзеге асыра отырып, оқушылар шама мен шама бірлігі арасындағы байланысты анықтайды, бірыңғай (жалпы қабылданған) бірлікті енгізу қажеттігін түсінеді. Оқушыларды ежелгі замандарда қолданылған өлшем бірліктерімен – сажын, фут, қадақ (фунт), ярд, шынтақ, қадам бірліктерімен таныстыруға болады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалған тапсырмалар жүйесі оқушыларға бұрын қолданылған (стандарты өлшем бірліктері енгізілгенге дейін) барлық бірліктер, әдетте адам денесінің бөліктерімен байланысты болғанын және субъективті сипатта болғанын түсіндіруге мүмкіндік береді.
IV кезең. Шамалардың стандартты өлшем бірліктерін енгізу.
Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды жалпылама қабылданған өлшем бірліктерімен таныстыру. Бұл көрсетіп таныстыру әдісі арқылы жүзеге асырылады: мұғалім оқушылардың назарына ортақ өлшем шамасы бар әртүрлі заттарды (объектілерді) ұсынады; оқушылар осы үлгінің (қағаз, сым, пластилин, жіп) қандай материалдан жасалғанына қарамастан, барлық объектілерге тән ортақ қасиеті бар екенін түсінуі керек – мысалы, ұзындығы.



1-сынып

Ұзындығы (см, дм). Салмағы (кг). Көлемі (л)

2-сынып

Фигураның ауданы (шаршы см, шаршы дм, шаршы м). Фигураның көлемі (текше см, текше дм, текше м). Ұзындығы (м)

3-сынып

Ұзындығы (мм, км). Уақыт (сек, мин, сағ, күн, жыл, ғасыр...). Массасы (т, ц)

4-сынып

Ауданы (ар, га)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет