Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет68/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық Интегр началка (Восстановлен)

18-сурет



  • Сіз жаңа геометриялық фигураны қандай жағдайда алдыңыз? (1, 5, 6);

  • Бұған фигураның қандай сипаттамасының өзгеруі себеп болды? (пішіннің өзгеруі) Сонымен, біз үшін геометриялық фигурада ең маңыздысы не? (оның пішіні);

  • Фигуралардың қандай сипаттамаларының өзгеруі жаңа геометриялық фигураның пайда болуына әкелген жоқ? (түсінің, өлшемінің, кеңістіктегі орналасуының өзгеруі)

4. Жұмбақты шеш:
Осы сипаттаманың көмегімен геометриялық фигураның атауын анықтаңыз:

  • Бұл фигура бастапқы нүктесі ортақ екі сәуледен тұрады (бұрыш);

  • Төртбұрыштағы қарама-қарсы төбелерін байланыстыратын кесінді (диагональ);

  • Осы шеңберде орналасқан кез келген нүктемен шеңбердің ортасын байланыстыратын кесінді (радиус);

  • Бұл фигура үш буынның сынық сызығымен шектелген (үшбұрыш);

  • Бұл фигураның 4 тең жағы және 4 тік бұрышы бар (шаршы);

  • Бұл сызық бір түзу сызықта жатпайтын кесінділерден тұрады (сынық);

  • Басы мен аяғы бар түзу сызықтың бөлігі (кесінді);

  • Басы мен аяғы жоқ сызық (сызық);

  • Барлық бұрыштары тік төртбұрышты атаңыз (тіктөртбұрыш);

  • Соңы жоқ, бірақ басы бар түзу сызықтың бөлігі (сәуле).

5. Геометриялық фигуралардың атауларын сызықтар арқылы оларға сәйкес суреттермен жалғаңыз (19-суретті қараңыз).



19-сурет


III. Геометриялық фигураларды сызу және оларды әріптермен белгілеу дағдыларын дамыту
Бұл жаттығулар жүйесі сызу құралдарын қолдана отырып және құралсыз геометриялық фигураларды сызу, әріптермен белгілеу және дұрыс атау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
1. Графикалық диктант.
Тор көзді параққа жазамыз: «Нүкте қойып, содан кейін 12 торкөз санап, сызықты жоғары қарай сызамыз, содан кейін 8 торкөз санап, оңға қарай сызық сызамыз, 4 торкөзге төмен сызық жүргіземіз, содан кейін солға 3 торкөз, содан кейін қайтадан төмен 9 торкөз және солға қарай 5 торкөз бойынша сызық жүргіземіз. Қандай фигура пайда болғанын көрсетіңіз. Оны кесіп алыңыз. Оны қандай фигураларға бөлуге болады?».
2. Фигураны мұғалімнің көрсетуі арқылы сызу.

  • О нүктесінен бастап солдан оңға қарай көлденең сәуле сызыңыз. О нүктесінен екінші сәулені басқа бағытта сызыңыз. Енді осы екі сәуленің арасындағы аумақты қара қарындашпен сызуға болады. Бұл – бұрыш (20-суретті қараңыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет