Сайфуллақызы Бағдагүл, Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі14,63 Mb.
#21367
  1   2   3   4
Байланысты:
7 «Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын және креативті ойлауын қалыптастыру»

  • «Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын және креативті ойлауын қалыптастыру»

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Функционалдық сауаттылықты және креативті ойлауды қалыптастыру неліктен өзекті?
  • Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын және креативті ойлауын қалай қалыптастырамыз? Нені жоспарлаймыз, нені ұйымдастырамыз?
  • Білімділік бағыттан құзіреттілік бағытқа
  • Құзыреттілік бағыт – межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі (білім, білік, дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер және т.б.) және сыртқы (ақпараттық, адами, материалдық және т.б.) ресурстарды тиімді ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді.
  • Мектепте берілетін білім, ендігі жерде, негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы керек деп тұжырымдалды.
  • Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана беріліп, сол берілген білімнің болашақта бала өміріне қаншалықты қажет екендігі қарастырылмады.
  • Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет болып саналады.
  • Педагогикалық мақсат нәтижесінде бала түсініктерді, мәліметтерді, ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және т.б. меңгеруі тиіс, ал мұғалім сол білімді меңгертуі тиіс болды.
  • «Функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.
  • Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары, қажетті жағдайда қандай да бір сала мәліметтерін игеру
  • Функционалды – қандай да бір қызметтен шыққан әрекетке тәуелді.
  • Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары.
  • Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі.
  • Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.
  • Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
  • «Функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады.
  • ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ (PISA)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет