Бернулли формуласы 3.6-тапсырма. Монетаны 5 рет тастады. Елтаңба жағының тура 3 рет түсу ықтималдығы қандай? Елтаңба жағының қанша рет түсуі ықтимал?
3.7-тапсырма. Кәсіпорында жоғары сапалы өнім әзірлеу ықтималдығы 0,8-ге тең. 100 өнімнен түратын топтамадан кездейсоқ таңдалған бір өнімнің жоғары сұрыпты болуының ең ықтималды саны қандай?
КАРТОЧКАЛАР Толық ықтималдық формуласы 1. Қоймада бірінші станокта жасалған 2000 деталь, екінші станокта жасалған 3000 деталь бар. Бірінші станок – орта есеппен 0,1%, екіншісі 0,2% ақаулы деталь беретіні белгілі. Құрастыру үшін қоймадан бір деталь алынады. Оның ақаулы болу ықтималдығы қандай?
2. Тирде бірінші типтегі 8 мылтық, екінші типтегі 7 мылтық және үшінші типтегі 5 мылтық бар, олардың нысанаға діл тигізу ықтималдығы сәйкесінше 0,5, 0,7 және 0,8. Мергеннің кездейсоқ алған мылтығының нысанаға дәл тигізу ықтималдығын анықтаңыз.
3. Үш машина бұранда шығарады. Олардың біріншісі – барлық өнімнің 10%-ын, екіншісі – 40%-ын, үшіншісі 50%-ын өндіреді. Бірінші машина өнімдеріндегі ақаудың үлесі 5%-ды, екіншісінде 10%-ды, үшіншісінде 2%-ды құрайды. Кездейсоқ алынған бұранданың сапалы болу ықтималдығы қандай?
4. Аспап құрастыруға бір типті детальдардың үш топтамасы келіп түсті. Бірінші партияда – 40, екінші партияда – 60, үшінші партияда 20 деталь болды. Детальдің есептелген уақытта жұмыс істемеу ықтималдығы осы партиялар үшін сәйкесінше 0,05, 0,1 және 0,2-ні құрайды. Кездейсоқ таңдалған детальдің есептелген уақытта жұмыс істеу ықтималдығын табыңыз.
Байес формуласына берілген есептер 1. 1000 шамның 380-і – 1 партияға, 270-і – екінші партияға, қалғандары үшінші партияға жатады. Бірінші партияда 4%, екінші партияда 3%, үшінші партияда 6% шам ақаулы. Кездейсоқ бір шам таңдалады. Таңдалған шамның ақаулы болу ықтималдығын анықтаңыз.
2. Маркетинг бөлімінің қызметкерлері жақын арада компания өнімдеріне сұраныс өседі деп күтеді. Мының ықтималдығы 80% деп санайды. Нарықтық жағдайды болжаумен айналысатын кеңес беру фирмасы сұраныстың өсетіні туралы болжамды растады. Кеңес беру фирмасының оң болжамдары 95% ықтималдықпен, ал теріс болжамдар 99% ықтималдықпен орындалады. Сұраныстың шынымен өсу ықтималдығы қандай?
3. Спортшылар тобында шаңғышылар жүгірушілерге қарағанда 2 есе, ал жүгірушілер велосипедшілерге қарағанда 3 есе көп. Шаңғышының норманы орындау ықтималдығы 0,9, жүгірушінікі 0,75, ал велосипедшінікі 0,8. Кездейсоқ таңдалған спортшының норманы орындайтынының ықтималдығын табыңыз.