Бернулли формуласы Жұмысшы өңдейтін детальдардың ішінде 4% стандартты емес деталь бар. Сынақ үшін алынған 30 детальдің ішінде кем дегенде екеуі стандартты емес болу ықтималдығын табыңыз.
Мылтықпен бір атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы 0,9. Атылған 20 оқтың 16-дан көбі және 19-дан азы нысанаға дәл тиетінінің ықтималдығын табыңыз.
Бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейтін бес элементтен тұратын құрылғы бір уақытқа іске қосылды. Осы уақыт ішінде элементтердің әрқайсысының істен шығу ықтималдығы – 0,2. Кем дегенде төрт элементтің істен шығу ықтималдығын табыңыз.
Монетаны 7 рет тастады. «Бүркіт» жағының 5-тен көп рет түсу ықтималдығы қандай?
Жаңа кеңседе 5 электр құралы бар. Олардың кез келгенінің үш жыл бойы жұмыс істеу ықтималдығы p=2/3. Үш жыл ішінде а) екі құрылғыны ауыстыру ықтималдығы қандай? ә) кемінде екі құрылғыны ауыстыру ықтималдығы қандай?
Қаланың білім беру мекемелерінде сауалнама жүргізу кезінде респонденттердің 30%-ы студенттердің спортпен шұғылдануға кететін уақытын көбейту идеясын қолдайтыны белгілі болды. Кездейсоқ түрде 7 студент таңдалды. Таңдалған жеті студенттің кем дегенде біреуінің спортқа кететін уақытты көбейту идеясын қолдайтынының ықтималдығы қандай?
Қалыптастырушы бағалау:Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.
Пән ___________________________________________ Сынып Бөлім __________________________________________________________________