|
Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдеріБайланысты: тиімді оқытуТиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері - Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіздер.
- Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:
- оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;
- жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады;
- қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;
- нәтижесі – терең білім;
- көзқарасты өзгертеді.
- Құрылымдалған топтық жұмыс:
- тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;
- ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;
- тиімді дербестікті дамытады – «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;
- оқушылар арасындағы тосқауылдарды жояды.
- Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
- түсінік пен дағдылар тереңдейді;
- өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;
- оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;
- барлық оқушылар үшін тиімді;
- барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
- Пәндердің арасында байланыс орнату:
- білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;
- тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;
- көптеген дағдыларды қалыптастырады;
- түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;
- оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;
- оқуға деген уәжді арттыра алады.
- уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;
- оқыту үдерісіне бағыт береді;
- оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік береді;
- оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі
- 5. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру
- Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:
- оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;
- оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;
- тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;
- оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
- тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.
- Технологияларды пайдалану:
- белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;
- уәжді арттыра алады;
- зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады;
- оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді;
- сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді.
- 7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
- Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну:
- оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
- үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|