Білім беру бағдарламасы тобы «География және экология» кафедрасы



бет4/6
Дата12.05.2023
өлшемі226,53 Kb.
#92377
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3. Курстың академиялық презентациясы:
Оқу курсының типі: ТК
«Картография және геодезия негіздері» пәнінің басты мақсатыстуденттерді барлық топографиялық, инженерлік-геодезиялық жұмыстарды атқара білуге оқыту, үйрету; геодезиялық аспаптармен жұмыс істей білуге машықтану, далалық геодезиялық жұмыстарды атқару әдістерін игеру, істелген жұмыс нәтижелерін өңдеу, есептеу және графикалық сызбаларын құрастыра білу мақсатын ұстану болып табылады.
Пәннің негізгі міндеттері «География» білім бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру:
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер: түсінік алуы керек:
- геодезияның қазіргі кездегі жағдайы мен болашақта даму жолы туралы;
- негізгі геодезиялық аспаптардың құрылысын, бұрыш, ұзындық және биіктік өлшеу, анықтау әдістерін, жер бетінде атқарылған өлшеу нәтижелерін өңдеу, план және профиль құрастыру туралы;
білуі керек:
- аспаптарды, жабдықтарды тексеру, түзету, инженерлік-геодезиялық тапсырмаларды шешу, жер бетінде атқарылған өлшеу нәтижелерін өңдеу, план және профиль құрастыру;
істей алуы керек:
- топографиялық материалдарды пайдалануды, солардың ішінде, топографиялық картаны оқи отырып, соның негізінде графикалық, математикалық сипаттағы есептеулермен жұмысты практикалық машықтануы керек:
- карта арқылы инженерлік-геодезиялық есептерді шығару, әртүрлі масштабтарда жұмыс істей алу, геодезиялық аспаптармен бұрыштық, ұзындық өлшемдерді атқарып, координаталар өсімшелерін есептей білу, өлшеу нәтижелерін өңдеу, солар арқылы план мен профильдер сала білуді меңгеруге.


4. Курстың академиялық саясаты:
- оқытушы өзінің іс-әрекетін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады;
- қарым-қатынас стилі – демократиялық, оқытушы білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескереді;
- оқытушының білім алушыға талабы кәсіби этикаға негізделіп позитивті сипатта болуы тиіс;
- оқытушы және білім алушылары әрбір аудиториялық сабаққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес алдын ала дайындалады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет