Білім беру бағдарламасы: В10104 Фармация Курсы Пән атауы: Физикалық және коллоидтық химия Пәннің коды: fkh 2215



бет1/26
Дата21.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#44543
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ФКХ Силлабус 2022 к


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ» коммерциялық емес акционерлік қоғам


ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Ғылыми Кеңестің шешімімен
бекітілді
№ ______хаттама
«____»_______ 20___ж.


СИЛЛАБУС
(Бакалавриат)


Білім беру бағдарламасы: 6В10104 - Фармация
Курсы 2
Пән атауы: Физикалық және коллоидтық химия
Пәннің коды: FKH 2215
Кредиттер саны 3
Құрастырушылар:
Профессор, х.ғ.к.____________ Дильмагамбетов С.Н.
Аға оқытушы, ж.ғ.м. _________ Дарменкулова А.Ш.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


№ ___ хаттама «___» ___________20 ____ж..
Кафедра жетекшісі, б.ғ.к._________ Гумарова Ж.Ж.

«Фармация» ББ бойынша АК келісілген


№ ___ хаттама «___» ___________20 ____ж..
Төрайымы, ф.ғ.к. __________ Сагинбазарова А.Б.

АкЖД-мен келісілген


№ ___ хаттама «___» ___________20 ____ж..
Жетекші, PhD__________ Алекенова Н.У.


Ақтөбе, 2022


Оқытушылар туралы ақпарат



Тегі

Ғылыми дәрежесі

Қызметі

Кафедрадағы жұмыс уақыты

1

Гумарова Ж.Ж.

биология
ғылымдарының кандидаты

доцент,
кафедра жетекшісі

жұмыс
кестесі бойынша

2

Дильмагамбетов С.Н.

химия
ғылымдарының кандидаты

профессор

жұмыс
кестесі бойынша

3

Ермуханбетова Н.Д.

-

аға оқытушы

жұмыс
кестесі бойынша

4

Дарменкулова А.Ш.

жаратылыстану ғылымдарының
магистр

аға оқытушы

жұмыс
кестесі бойынша

5

Таумова А.Б.

педагогика ғылымдарының
магистрі

аға оқытушы

жұмыс
кестесі бойынша

6

Досжанов Ж.А.

техника ғылымдарының
магистрі

оқытушы

жұмыс
кестесі бойынша



Байланыс ақпараты: Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 68, 1 ғимарат, 4 қабат, химиялық пәндер кафедрасы, телефон 56-72-41, e-mail: himiya_15@mail.ru


Пәннің саясаты.
Оқу үдерісін жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыру. Студент-бағытталған білім беруді қолдану.
Кафедраның білім беру үдерісі кезіндегі білім алушыларға қоятын жалпы талаптары:

  • уақытылы практикалық сабақтар мен дәрістерге міндетті түрде қатысу;

  • киім формасы: медициналық халат және қалпақ, медициналық қолғап, ауыстырып киетін аяқ-киім.

  • еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

  • зертханалық-практикалық сабақтарды орындағанда студенттер қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаулары тиіс;

  • ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауларды жүргізу сабағы кезінде студенттерге сөйлесуге, орындарын алмастыруға, тексеру материалдарын алмастыруға, мобилді байланыс құралдарын, оқулықтарды, шпаргалканы қолдануға болмайды;

  • тақырыптық кеңес беру, жіберген сабақтарды өтеу кафедраның ақпарат тақтасында жарияланады.

Студент университеттің ішкі нормативтік құжаттарын сақтауы қажет:
- Университеттің Академиялық саясаты ;
- Білім алушылардың Ар-намыс Кодексі ;
- Академиялық адалдық кодексі;
- Университет Жарғысы;
- «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-та білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері.
1. Кіріспе
Физикалык және коллоидтық химия – фармациялық білім беру саласындағы біліктілігі жоғары мамандар – фармацевтерді дайындауда маңызды кызмет аткаратын пәндердін бірі.
Осы пән студенттердің химиялық ойлау қабілетін қалыптастырады, физикалық-химиялык процестердің өту заңдылыктарын және химиялык тепе-теңдікке жету шарттарын аныктайды, сыртқы факторлардың, заттар табиғатының процеске әсерлерін қорытып, оларды талқылауды үйретеді.
Физикалық және коллоидтық химияның негізгі міндеті – биохимия, физиология, фармхимия, фармакология, дәрілік заттар технологиясы және басқа да арнайы пәндердІ толық және тереңокып-үйренудің теориялык негізІ болып келетін физикалык және коллоидтык химияның негізгі бөлімдерімен таныстыру.
«Физикалық және коллоидтық химия» пәні бойынша силлабус мына нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:

  • 6В10104 «Яармация» мамандығы бойынша жоғары білім беру стандарты, ҚР ДСМ 21 ақпан 2020 жылы № 12/2020 бұйрығымен бекіткен және іске қосқан, ҚР Әділет министрлігінде 27 ақпан 2020 жылы № 20071 тіркелген .

  • 2022-2023 оқу жылындағы Марат Оспанов атындағы БҚМУ жұмыс оқу жоспары, Басқарма Төрағасы м.а. – «М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАК» Ректоры бекіткен және "___"______20___ж., хаттама №__ іске қосылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет