Қалыптасатын құзыреттілік
(дублиндік дескрипторлар)
|
Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері
|
Білімі және түсінігі
|
химияның жалпы заңдары мен заңдылықтарына бағынатын организмдегі химиялық үдерістер (реакциялардың негізгі түрлері);
химиялық үдерістер жүруінің жалпы энергетикалық және кинетикалық заңдылықтары;
зерттелетін жүйелердегі, соның ішінде биологиялық сұйықтықтардағы, заттың сандық мөлшерін анықтау үшін титриметрлік талдауды қолданудың мүмкіндіктері;
ерітінділерді дайындаудың, оларды сандық сипаттаудың мүмкін әдістері;
медицинадағы органикалық қосылыстардың негізгі кластарының жіктелуі, қасиеттері және қолданылуы.
|
Білімі мен түсінігін қолдана білуі
|
ерітіндідегі, соның ішінде биологиялық сұйықтықтардағы заттың сандық мөлшерін анықтау үшін есептеу формулаларын қолданады (массалық үлес, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, молялдық концентрация, молярлық үлес, титр);
сұйылту әдісімен ерітінді дайындайды;
медицинада қолданылатын химиялық ыдыстардың, реактивтердің белгілі бір жиынтығын, негізгі аспаптар мен физикалық-химиялық зерттеу әдістерін қолданады;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды, химиялық зертханада қауіпсіз жұмыс жасау дағдылары бар, алғашқы медициналық көмек көрсете алады.
|
Ойлау қабілетін қалыптастыруы
|
алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын өзінің келешек кәсіби қызметінде қолдану үшін химияның жалпытеориялық негіздерін тұжырымдайды.
|
Коммуникативтік қабілеттері
|
зертханалық оқу-зерттеу жұмыстарының хаттамаларын рәсімдейді;
медициналық дерек көздерінің ақпараттық базасын және компьютерлік технологияны қолдана отырып, химия саласындағы заңдылықтар мен эксперименттік зерттеулер бойынша ақпаратты талдайды, жүйелейді.
|
Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері
|
химия саласындағы байқалатын заңдылықтарды медицинада қолдану мәселелері бойынша мәлімет береді және түсіндіреді;
оқулық, анықтамалық, ғылыми әдебиеттерден және ғаламтор қорынан алынған ақпаратты жеткізеді;
химияны медицинада қолдану саласындағы өзінің жеке пікірлерімен, ақпаратты талдау және синтездеумен көпшілік алдында сөз сөйлейді.
|