Пәннің сипаттамасы:Пән қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі әдістерінің бірі ретінде статистикалық әдісті егжей-тегжейлі зерттейді. Зерттеу жоспарлары, биостатистикада заманауи ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдану, компьютерлік статистикалық бағдарламалар, медициналық, әлеуметтік, биомедициналық, клиникалық және эксперименттік зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану сияқты бөлімдер қарастырылған.
Білім беру бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттіліктердің дамуына бағытталған
Құзыреттер (Қ)
Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН):
Б1. Медициналық сарапшы
-Балалар мен ересек жастағы пациенттерге шұғыл және жедел шұғыл медициналық көмек көрсету білімімен дағдыларын меңгеру және ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтау (ОН2).
Б7. Кәсіпқой
-Заманауи аспаптық зертханалық және функционалдық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау(ОН12).
Б8. Ғалым
-Өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру, өз жұмысында академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану (ОН15).