Тісті механизмдер
(4 жеке тапсырма 20 нұсқа)
Берілістер қорабы — беріліс қатынастарының баспалдақты өзгеруі тісті берілістердің ажыратылып-қосылуымен жүзеге асырылатын көп буынды механизм.
Берілістер қорабы металл кескіш білдектің жетекші білігі айналуының түрақты жиілігі кезінде жетектегі біліктің айналу жиілігін өзгертуге арналған, мысалы, металл кескіш білдектердің негізгі жону қозғалысының жетегі.
Берілістер ауыстыру тәсілі бойынша жылжыма тісті жиынтығы бар берілістер қорабы (жұдырықшалы және тісті жалғастырғышты), үйлестіргіштері бар тісті жалғастырғышты, үйкеліс түзілімді жалғастырғышты жөне тежегішті, бос жүріс жалғастырғышты болып бөлінеді.
4.1 Тісті механизмдерді жобалау
Өсьаралық қашықтық А=О1О2= 360мм етіп түзу жүргіземіз.
О1 центр арқылы RТ1, RБ1, RН1, RО1 , ал О2 центр арқылы RТ2, RБ2, RН2, RО2 радиустармен шеңберлер жүргіземіз (4.1-сурет). Екі бастапқы шеңберлердің жанасуынан Р(полюс) белгілейміз.
Р нүктесі арқылы ортақ жанама Т-Т сызығын жүргіземіз. Екі негізгі шеңберлерге ортақ жанама N-N сызығын жүргіземіз(4.1- сурет).
О1 нүктесі арқылы N-N жанама сызығына перпендикуляр түзу жүргіземіз. Оны К деп белгілейміз. РК аралығын өлшеп, бірдей етіп төрт бөлікке бөлеміз. К-дан кейін де сызықты қажет болғанша бірдей бөлікке бөліп тастауға болады, яғни нүкте көп болған сайын, сызбамыз дәлірек шығады деп қағидаға сүйенеміз.
Ортақ негізгі шеңбердің бойындағы нүктелерді 1,2,3,5,6,7 деп белгілеп, циркульдің көмегімен К нүктесін центр етіп алып, екінші жағын 1,2,3,5,6,7 нүктелерге қойып RН1 шеңберге доғамен қиылысқанша түсіреміз де қиылысқан орындарын 1/,2/,3/,5/,6/,7/ нүктелермен белгілейміз. Әр нүктені жіңішке сызықпен О1 қосамыз .
О11/ , О12/ , О13/ , О15/, О16/ , О17/ сызықтарына перпендикуляр етіп, негізгі шеңбердің бойымен айналатын жанамаларды О11/┴ N1 N1, О12/┴ N2 N2, О13/┴ N3 N3, О15/┴ N5 N5, О16/┴ N6 N6, О17/┴ N7 N7 жүргіземіз (4.2-сурет).
1Р аралығын өлшеп алып 1/ нүктесінен N1- N1 сызығына саламыз, 1Р аралығын өлшеп алып 1/ нүктесінен N1- N1 сызығына саламыз, 2Р аралығын өлшеп алып 2/ нүктесінен N2- N2 , 3Р аралығын өлшеп алып 3/ нүктесінен N3- N3 , 5Р аралығын өлшеп алып 5/ нүктесінен N5- N5 , 6Р аралығын өлшеп алып 6/ нүктесінен N6- N6 , 7Р аралығын өлшеп алып 7/ нүктесінен N7- N7 сызықтарына саламыз.
Салынған өлшемдерді Р1,Р2,Р3,Р5,Р6,Р7 деп белгілейміз. Р1,Р2,Р3,Р5,Р6,Р7 нүктелерді қалыпты түрде қоссақ тістің эвольвентасы шығады. Тіс симметриялы болғандықтан тістің жартысын табамыз. Тістің жартысын табу үшін тістің енің анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |