[ 3,43 бет] Жұдырықша - жұдырыкшалы механизмнің сырғыма беті бар тілімше, диск және цилиндр түріндегі тетігі. Оның көмегімен оған жанасқан тетік козғалысқа келеді. Жұдырықшалы механизм басқа да жылжымалы буындармен (итергішпен және қарнақпен) өзара әрекет ете отырып, жоғары кинематикалық жұпты құрайды. Жұдырыкшалы механизмнің іштей жану қозғалтқыш 3 тарының газ үлестіргіш механизмдерінде қолданылады.
Бөліп таратқыш біліктің жұдырықшасы - іштен жану қозғауышының бөліп таратқыш біліктің пішінделген ағуы, ол басты көтерілуді және белгілі бір заң бойынша қақпақшаның түсуін қамтамасыз етеді.
Отын сорабының жұдырықшасы - іштен жану қозғауышының бөліп таратқыш білігінің дөңесі, ол отын сорабын іске қосады
Жұдырықшалы механизм Жұдырықшалы механизм өзара жоғарғы жұп құрайтын жұдырықша мен жетектегі (итергіш) буыннан және тіректен тұрады және жұдырықша әрқашан да жетекші буын болып табылады. Жұдырықша және жетектегі буын – итергіш айналмалы, ілгерілемелі және күрделі қозғалыстарды іске асыралады. Итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықшаның айналу центрі арқылы өтіп алады немесе айналу осіне қатысты е(эксцентриситет) аралық орын ауыстырып алады Б) а) Центрлік ұшты итергіші бар жұдырықшалы механизм б) Центрлік емес роликпен жабдықталған жұдырықшалы механизм Жұдырықшалы механизм теория жағынан алғанда әртүрлі қозғалыс заңдарды жүзеге асырады, бірақ практикада тек қана жұдырықшаның профильнің өңдеу оңай технология қамсыздандыратқан және жұдырықшалы механизмдерге кинематикалық пең динамикалық талаптарға сай болу заңдарды пайдаланады. Берілген әдістемелік құралда центрлік емес роликпен жабдықталған ілгерілі- кейінді қозғалыс жасайтын итергіші бар жұдырықшалы механизмнің проекциялауы қарастырылады. Итергіштің қозғалыс заңы s=f (t), яғни итергіштің уақытқа байланысты орын ауыстыру тәуелділігі графикалық түрінде диаграммамен берілген (3.2-сурет). Бұл қисық сызық жұдырықшаның бірқалыпты қозғалысы уақытқа және бұрылу бұрышына байланысты итергіштің орын ауыстыруы s=f (φ) анықталады. Жұдырықшаның бір толық айналуына сәйкес келетін жетектегі буынның қозғалысы жалпы жағдайда төрт фазадан тұрады: мұнда : φқаш – қашықтау фазасы, φж.т – жоғарғы тұру фазасы, φк.қ – кері қайту фазасы, φт.т – төменде тұру фазасы, ал жұдықшаның толық бұрышы – φқаш+φж.т+φк.қ+φт.т=2π(рад) Механизмнің мұқият буының әлпеттес қозғалыс циклограммасы итергіштің қашықтау фазаларын, жоғарыда тұру, кері қайту мен төменде тұру көрсетеді. Итергіштің төрт қозғалу фазасына жұдықшаның төрт профиль бұрышы сәйкес келеді. Кейбір жағдайларда итергіштің жоғарғыда мен төмендегі тұру бұрыштары нольге тең болулары мүмкін.