Білім беру бағдарламасының атауы: «6В01501-Математика»; «6В01502-Математика-физика»



бет2/6
Дата24.09.2023
өлшемі97,5 Kb.
#110094
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус (модуль) 23-24 оқу жылы

Оқу курсының типі: МК
«Психология (модуль)» пәнінің мақсаты - адамның танымдық, оқу, коммуникативті, шығармашылық, кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде психикалық белсенділігінің жүйелі негізін құрайтын әртүрлі психикалық құбылыстарды зерттеу және меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыру және дамыту.


«Психология (модуль)» пәнінің негізгі міндеті «6В01501-Математика»; «6В01502-Математика-физика»; «6В01509-Информатика және робототехника»; «6В05401-Математика»; «6В01506-Физика-информатика» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
ОН2 – адам белсенділігінің жүйелік негізін құрайтын психикалық құбылыстарды зерделеудің негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдерін талдайды және қорытады, психикалық құбылыстарды талдау әдістемесі мен әдістерін (танымдық процестер мен реттеушілік механизмдер, жай-күй мен уайымдар, жеке қасиеттері мен жеке ерекшеліктері) меңгереді;
ОН8 – дауларды баламалы шешудің стратегиялары мен тәсілдерін, жанжалдарды реттеу технологияларын білу, тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын меңгеру негізінде ұйымдардағы жанжалды жағдайларды анықтайды, алдын алады және шешеді;


4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер missis.kenzhe@bk.ru e-mail бойынша кеңес ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет