1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы: Психология (Әлеуметтік-саяси білімдер модулі)
Кредит саны: ESTS 2
Курс, семестр, оқу жылы: 2-курс, 3 семестр 2023-2024 оқу жылы
Шифр және Білім беру бағдарламасының атауы: «6В01501-Математика»; «6В01502-Математика-физика»; «6В01509-Информатика және робототехника»; «6В05401-Математика»; «6В01506-Физика-информатика» мамандықтары
Институт: Педагогика және психология Кафедра: Жалпы және қолданбалы психология
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: Бейсембаева Кенже Доғарқызы- пед.ғ.магистрі, аға оқытушы
Қатынас ақпарат (телефон, e-mail): 8747 4694667, missis.kenzhe@bk.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Бағалау критериялары: Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасаужәне кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін БӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы: Ұлттық сана контексіндегі тұлға. Мен және менің мотивациям. Эмоциялар, эмоционалды интеллект. Адамның еркі, өзін-өзі реттеу психологиясы. Дара-типологиялық ерекшеліктер. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар – рухани негіз. Өмірдің мәні, кәсіби өзін-өзі анықтау, денсаулық психологиясы. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Әлеуметтік-психологиялық кикілжің. Кикілжіңдегі мінез-құлық модельдері. Тиімді коммуникация техникалары. «Психология» (модуль) пәні болашақ мұғалімдердің ұлттық, кәсіби сана-сезімін, олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер рухани жаңғыру контекстіндегі тұлғаның мотивациялық сферасын, кәсіби өзін-өзі анықтау, өзін-өзі реттеу психологиясы мен эмоционалды интеллектісін дамыту әдістерімен танысып, қарым-қатынастың перцептивті, интерактивті, коммуникативті аспектілерін, шиеленісті мінез-құлық үлгілері мен тиімді коммуникация техникаларын меңгереді.