Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)*0,3+Емт*0,4
3. Курстың академиялық тұсаукесері Бұл пән бастауыш сыныпта «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты қарастырып меңгертуді көздейді.
Оқу курсының типі: ТК Пәннің мақсаты - студенттерді Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуымен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасап, оларды бастауыш оқушыларының ұлттық құндылығын тәрбиелеуге даярлау.
Пәннің міндеттері - түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
Студенттерді денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз
ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы студенттерді әлем
және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде жоғары оқу орнында студенттердің танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
- Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз дамуына қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру