Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы


АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ



бет10/13
Дата04.04.2022
өлшемі0,72 Mb.
#29822
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
10. АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ
Бірінші аралық бақылау сұрақтары:

Фонетика туралы түсінік.

Дыбыстың тілдегі қызметі.

Фонетика, оның нысаны.

Фонетика тілдің айтылуына (ауызша формасына) негізделетіні, тілдің дыбыстық жүйесін әр қырынан, түрлі мақсатта зерттейтіні.

Фонетиканың түрлері, салалары: жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы фонетика, оның маңызы.

Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің (1822-1891) қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов (1837-1918), П.М.Мелиоранскийдің (1868-1906) қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектеріОрыс тіліндегі зерттеулер мен орыс графикасымен жазылған қазақ мәтіндерінің қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, айтылым, емлесін пайымдауға қосар үлесі, маңызы.

Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының еңбегі, қалдырған мұралары. А.Байтұрсынұлының (1873-1937) қазақ тіл білімінің атасы аталуының себебі. Х.Досмұхамедұлының (1873-1937) қазақ тіліндегі сингармонизм туралы еңбегінің маңызы. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлының әріп, емле, дыбыс төңірегендегі ізденістері., оның мәні.

Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов (1899-1938) еңбектерінің маңызы. Оның фонема, дыбыс, буын, үндестік туралы зерттеулерінің маңызы.

Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні.

Дыбыс, әріп, фонема

Фонетиканың зерттеу нысаны – дыбыс, сөздің айтылуы.

Күнделікті өмірдегі айту мен жазудың маңызы, фонема туралы ұғым.

Фонеманың үш қызметі.

Фонема мен дыбыстың арақатынасы.

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі.

Дауыстылар мен дауыссыздар. Тіл дыбыстарының дауыстылар және дауыссыздар болып бөліну себептері. Дауыс, салдырдың қатысы, ауа жолы, сөйлеу аппараты, буын, екпін. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі сипаттар. Қазақ тілінде дауыссыздардың дауыстыларға тәуелді болып тұратыны.

Дауыстылар, оларға тән сипаттар. Дауыстылардың зерттелуі. Орыс тіліндегі дауыстылардың саны, сапасы. Қазақ дауыстыларының санын анықтауға қатысы. Байырғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар. Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а, о, ы, у) және жіңішке (ә,е,ө,ү,і,и) дауыстылар. Еріннің қызметіне қарай еріндік (о.ө.ұ,ү,у), езулік (а,ә,ы,і,е,и) болып жіктелетін себебі. Жақтың қатысына; ашық (а,ә), жартылай ашық (о,ө,е), қысаң (е,ұ,ү,ы,і,и,у) болып жіктелу себебі.

Дифтонг дауыстылар, оның ауызекі сөйлеу тіліндегі көрінісі.

Дауыссыздар, олардың жалпы сипаты, саны, сапасы.Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар. Орыс тіліндегі дауыссыз фонемалардың саны, сапасы. Қазақ тілі дауыссыздарына қатысы: ұқсастық, алшақтықтары. Дауыссыздардың жіктелуі. Дауыс, салдырдың қатысына (айтылымына) қарай үнділер (л,м,н,ң,р,й,у), ұяңдар (б,г,ғ,д,ж,з,в) және қатаңдар (п,к,қ,т,ш,с,ф,х,һ,ч,ц) болып бөлінетіні. Дауыссыз фонемалардың жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б,п,м,у,в,ф), тіл және көмей (һ) болып бөлінуі. Бұларды нақты білудің маңызы. Қос фокусты (ж,з), аффрикат (дж, ц,ч) фонемалар.

Тілдегі фонемаларды анықтауға қатысы.

Кірме сөздерде ғана кездесетін дауыссыздар.

Дыбыстар тіркесі – тілдің дамуының көрсеткіші.

Фонетикалық заңның дыбыстар тіркесінен туындаутыны.

Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы.

Жазу, айтудың арақатынасын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі.

Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар.

Шәлкес тіркестер. Олардың пайда болу жолдары.

Қайталама дыбыстар.
2 аралық бақылау сұрақтары:

Дыбыстық құбылыстар. Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себептері. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары Дыбыстық құбылыстар. Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себептері. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.

Буын, оның жасалуы. Буын, бунақ, екпін. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы.

Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысу туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы.

Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жоба, аша сөйлеуден туындайтын ерекшеліктер.

Үндестік заңының түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі.

Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі.

Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны.

Игеру нәтижесінде акустикалық- артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны

Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі.

Буын үндестігі. Тіл үндестігі – тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып құратыны. Бунақ ішінде аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздер.

Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үндестігі туралы түсінік.Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктердің бас буында ғана жазу ережесі, оның себебі, салдары.Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдің табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшеліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші.

Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпініЕкпін мен ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі. Дыбыстардың үндестігі.

Бейүндестік (диссимиляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.

Орфография. Графика Орфоэпия туралы түсінік.

Орфоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпияның сөйлеу практикасына негізделетіні. Қазақ орфоэпиясынығң қазіргі жай-күйі.

Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия.

Графика. Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ жазуы - фонемалық жазу.

Орфография мен орфоэпияның арақатынасы. Орфографиялық норма және орфографиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері.

Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізігі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылықтары мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.


Қорытынды бақылау сұрақтары:

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны.

Фонетика тілдің айтылуына (ауызша формасына) негізделетіні, тілдің дыбыстық жүйесін әр қырынан, түрлі мақсатта зерттейтіні.

Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б.

Дыбыстық қор туралы

Фонетиканың түрлері, салалары: жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы фонетика, оның маңызы.

Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің (1822-1891) қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы

В.В.Радлов (1837-1918), П.М.Мелиоранскийдің (1868-1906) қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектері

Орыс тіліндегі зерттеулер мен орыс графикасымен жазылған қазақ мәтіндерінің қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, айтылым, емлесін пайымдауға қосар үлесі, маңызы.

Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының еңбегі, қалдырған мұралары. А.Байтұрсынұлының (1873-1937) қазақ тіл білімінің атасы аталуының себебі.

Х.Досмұхамедұлының (1873-1937) қазақ тіліндегі сингармонизм туралы еңбегінің маңызы.

Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов (1899-1938) еңбектерінің маңызы.

Дыбыс, әріп, фонема . Фонеманың үш қызметі. Инварианттар мен варианттар.

Транскрипция мен транслитерация .Транскрипцияның түрлері, маңызы.

Қазіргі қазақ жазуының фонемалық транскрипцияға қатысы.

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері Жасалым (артикуляция)

Актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, дауыс шымылдығы. Айтылым (акустика).

Тіл дыбыстарына тән ерекшелік. Дыбыстың қарқыны, күші, тембрі, созылыңқылығы. Дауыс пен салдырдың пайда болуы. Дауыстылардың дауыстан пайда болатыны. Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің маңызы. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесімге қатысы. Естілім. Кез келген дыбыс естілім арқылы қабылданатыны. Тіл дыбыстарының сапасын анықтауда естілімнің маңызы.

Айтылым, жасалым, естілім аспектілерінің қарым-қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі рөлі, фонологияға қатысы.

Дауыстылар мен дауыссыздар. Тіл дыбыстарының дауыстылар және дауыссыздар болып бөліну себептері. Дауыс, салдырдың қатысы, ауа жолы, сөйлеу аппараты, буын, екпін. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі сипаттар. Қазақ тілінде дауыссыздардың дауыстыларға тәуелді болып тұратыны.

Орыс тіліндегі дауыстылардың саны, сапасы. Қазақ дауыстыларының санын анықтауға қатысы. Байырғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар.

Дауыстылар, оларға тән сипаттар. Дауыстылардың зерттелуі.

Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а, о, ы, у) және жіңішке (ә,е,ө,ү,і,и) дауыстылар. Еріннің қызметіне қарай еріндік (о.ө.ұ,ү,у), езулік (а,ә,ы,і,е,и) болып жіктелетін себебі. Жақтың қатысына; ашық (а,ә), жартылай ашық (о,ө,е), қысаң (е,ұ,ү,ы,і,и,у) болып жіктелу себебі.

Дифтонг дауыстылар, оның ауызекі сөйлеу тіліндегі көрінісі.

Дауыссыздар, олардың жалпы сипаты, саны, сапасы.

Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар. Орыс тіліндегі дауыссыз фонемалардың саны, сапасы.

Қазақ тілі дауыссыздарына қатысы: ұқсастық, алшақтықтары.Дауыссыздардың жіктелуі.

Дауыс, салдырдың қатысына (айтылымына) қарай үнділер (л,м,н,ң,р,й,у), ұяңдар (б,г,ғ,д,ж,з,в) және қатаңдар (п,к,қ,т,ш,с,ф,х,һ,ч,ц) болып бөлінетіні.

Дауыссыз фонемалардың жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б,п,м,у,в,ф), тіл және көмей (һ) болып бөлінуі. Бұларды нақты білудің маңызы. Қос фокусты (ж,з), аффрикат (дж, ц,ч) фонемалар.

Айтылу (ауа) жолына қарай дауыссыздардың шұғыл (б,п,т,д,к,қ,м,н, ң,ц,ч), ызың және діріл (р) болып бөлінуі.

Дауыстылар қоршауындағы шұғылдардың айтылуындағы ерекшеліктер.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, жазылуына байланысты кездесетін түрлі ерекшеліктер. Кірме сөздерде ғана кездесетін дауыссыздар.

Дыбыстар тіркесі. Дыбыстар тіркесі – тілдің дамуының көрсеткіші.

Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы. Жазу, айтудың арақатынасын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі.

Дыбыстардың түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында тіркесуіндегі ерекшеліктер.

Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар.

Сөз (буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер.

Шәлкес тіркестер. Олардың пайда болу жолдары.

Қайталама дыбыстар. Олардың түбірде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында қолданылуындағы ерекшеліктер. Үш дыбысты тіркестер.

Дыбыстық құбылыстар. Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себептері. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.

Буын, оның жасалуы. Буын, бунақ, екпін. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы.

Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысу туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы.

Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жоба, аша сөйлеуден туындайтын ерекшеліктер.

Үндестік заңының түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі.

Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі.

Ықпал туралы түсінік . Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру.

Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны.

Игеру нәтижесінде акустикалық- артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны

Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі.

Буын үндестігі. Тіл үндестігі – тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып құратыны. Бунақ ішінде аралас буынды сөздердің қайсы бірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздер.

Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үндестігі туралы түсінік. Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктердің бас буында ғана жазу ережесі, оның себебі, салдары. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер.

Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдің табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшеліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші.

Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпініЕкпін мен ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі. Дыбыстардың үндестігі.

Бейүндестік (диссимиляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.

Орфография. Графика Орфоэпия туралы түсінік.

Орфоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпияның сөйлеу практикасына негізделетіні. Қазақ орфоэпиясынығң қазіргі жай-күйі.

Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия.

Графика. Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ жазуы - фонемалық жазу.

Орфография мен орфоэпияның арақатынасы. Орфографиялық норма және орфографиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері.

Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізігі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылықтары мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары.

Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет