Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі4,78 Mb.
#7518
  1   2   3

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ЕШКІМ ДЕ 

ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, 

ЕШНӘРСЕ ДЕ 

ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС

Ж. Аймауытов 

атындағы қазақ 

музыкалық драма 

театрының жас 

әртісі Еркежан 

Төлеубек:

ӘЛИЯ, МӘНШҮК 

СЫНДЫ ҚАҺАРМАН 

ҚЫЗДАРДЫҢ РӨЛІН 

СОМДАҒЫМ КЕЛЕДІ

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ПЕН 

БАЯН СҰЛУ КҮНІН 

ТОЙЛАЙСЫЗ БА?



7

-бет

ҚЫЗҒАЛДАҚ:

Жанынан жылу, 

жүрегінен жыр 

төгілген

5

-бет

Павлодар

 

жастарының газеті

4



 (63)

30 сəуір 2015 жыл



4

-бет

3

-бет

Қойшығара Салғараұлы өзінің «Қа-

зақтар» атты кітабында былай деген: 

«Тәуекелдің саясаткерлігі, көршісінің 

көңіл-күйін күні бұрын аңғараты-

ны, соған қарай қарсы әрекет жасап, 

қауіптің алдын орауға ұмтылатыны».

ШЕБЕР САЯСАТКЕР – 

ТӘУЕКЕЛ ХАН

2

бет

2

Күлтөбе


 



ҰШҚЫН



 



ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ



ЖАСТАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында. Еліміз тəуелсіз ел, дербес мемлекет, XXI ғасыр та-

балдырығын сенімді аттаған ел болып саналады. Қазақстанның алда болуына бізде көптеген белестер бар. Енді, ең 

басты міндет – Қазақстанның жастарын патриоттық сезімге баулу. Қазақстанды – Отаным деп таныған əрбір жас-

ты Отанын, елін, жерін, Ата заңын, Мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге үйрету.

Қазақстандық  патриотизмнің  қайнар 

көзі  –  халықтың  береке  бірлігінде,  ынты-

мақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде жəне 

мемлекетіміздің  күш-қуатының  беріктігі 

мен ұлан-байтақ жерінің біртұтастығында. 

«Қазақстандық  патриотизм»  ұғымы  адам 

бойына өздігінен қалыптаса қоймайды.

Ұлтына  қарамастан  Қазақстанда  тұра-

тын əрбір азамат Қазақстанды туған Ота-

ным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адам-

ның  жүрегінде  қазақстандық  патриотизм 

сезімінің,  өз  Отанына  деген  перзенттік 

мақтаныш  сезімнің  өркен  ғажайып  та-

мырлануына  негіз  қаланады.  Яғни,  эт-

носаралық  интеграцияның  базасы  емес, 

адамдардың  өзін-өзі  азаматтық  билеуі, 

Қазақстан  халқының  бір  бөлшегі  ретінде 

сезімі дамып қалыптасады.

«Өткен  уақыт  үнсіз  мүлгиді,  келер  уақыт 

баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйт-

қиды» деген қанатты сөз бар. Бұл үшін де 

парық-парасат,  білім-білік,  ерік-жігер  керек 

емес пе? Ұрпағын сүйген баба ғана қасиетті. 

Отанның болашақ азаматына: «Тарихыңды 

зерделе,  аға  ұрпақтың  саған  деген  амана-

ты – ерлік, тəрбие алар сəтіңді бос жіберіп, 

қапы қалма», – деген. Тарихты зерделеу ар-

қылы біз ұрпағымызға, Отанымыз бен хал-

қымызға  шексіз  берілгендік,  қаһармандық 

патриотизмнің шынайы сабақтарын аламыз.

Патриоттық  сезім  –  ұлттық  рух  дең-

гейінің  айнасы.  Сол  себептен  Елбасы 

өзінің  халыққа  жолдауында  азаматтар-

дың  отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне 

деген  сүйспеншілігін  дамытуды  негізгі 

элементтерінің бірі ретінде таниды. Пре-

зидент стратегиясының түп қазығы, басты 

арқауы – адам тағдыры. Бүгінде өзгерген 

адам, келешек ұрпақ, олардың сапасы – 

ҚР  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  наза-

рында.


Ана  тілі  –  əділет  пен  шындық  тілі,  кү-

рес пен тартыс тілі, ізгілік пен инабатты-

лық  тілі,  досыңа  жылы,  қасыңа  қаһарлы 

тіл,  қажырлы  қайрат  тілі,  жылы  лебіздер 

тілі,  тəңірін  таныған  тіл,  періштелер  мен 

пəк жандар тілі, еркіндік пен теңдіктің тілі, 

«бостандық»  деп  жар  салған  тіл  жəне 

«тəуелсіздік» деп тебіренген тіл. Ана тілі – 

халқын тура жолдан тайдырмаған көсем-

дер  тілі,  елдің  беріктігін  сақтаған  билер 

тілі.  Яғни,  қазақ  мемлекетінің  патриоты 

ана  тілін  жете  меңгерген  жəне  қосымша 

тілдер  білетін,  өз  бетімен  шешім  қабыл-

дай  алатындай  көзқарасты  қалыптасты-

ратын жеке тұлға болмақ.

Отаншылдық сезімді қалыптастырудың 

тағы бір шарты – халық пен мемлекет ара-

сындағы  өзара  сенімді  нығайту  «Береке 

бас – бірлікте», «Бірлікте болсаң – биікте 

боласың»,  –  деген  халық.  Ата-бабамыз 

Отанға деген пəк сезімнен, өршіл патрио-

тизмнен  əсер  алған  жандар.  Бір  сөзбен 

айтқанда, елінің, жерінің өткенін сезінбей

оның ерлікке, адамгершілікке толы тари-

хын,  өнерін  жете  ұғынбай  отаншылдық 

сезімді  ояту  мүмкін  емес.  Сондықтан  да 

өткен тарихты объективтік тұрғыдан сара-

лап  зерделеуге  ұмтылу  –  заман  талабы. 

Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың 2030 жылға 

арналған  стратегиялық  бағдарламасын-

да, міне, осы ізгі мақсатты көздейді.

Өткенін білмеген халық қадірін білмейді. 

Халық  қандай  жайды  бастан  кешірді, 

бүгінгі заманға қалай қол жеткізді? Халық 

өз  тарихын  жасау  үшін  тер  төгіп,  қанын 

сарп  етті,  азап  шекті,  тар  жол  тайғақ  ке-

шуден өтті, жерін қорғап, елін сақтады – 

осының  барлығын  бүгінгі  ұрпақ  білуге, 

қастерлеуге тиіс.

Тəуелсіздік  –  қазақ  халқының  сан  ға-

сырлық  арманы.  Отанымыздың  көгінде 

көгілдір  туымыздың  мəңгілік  желбіреуі  – 

тəуелсіздігіміздің арқасы.

Тəуелсіздіктің туы өздігінен тігілген жоқ. 

Осы  жолға  жету  үшін  қанша  тер  төгілді? 

Тəуелсіз  елдің  еркін  ұлты  ретінде  бойын 

түзеп, өзгелермен терезе теңестіру үшін, 

патриоттық, намысшылдық сезімдерін қа-

лыптастыру керек.

Əр нəрсені өз атымен атай білетін дең-

гейге  жеткен  ұлт  қана  алыс  ертеңдерге 

аптықпай жетеді.

Ақиық  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың 

«Берік денелі, түзу ойлайтын, дəл пішетін, 

дəл табатын ақылды болса, сұлу сөз, си-

қырлы  үн,  əдемі  түрден  лəззат  алып, 

жаны  толқындатарлық  болса,  баланың 

тəрбие  алып,  шын  адам  болатындығы» 

деген қағидасы өміршең болып отыр. Дəл 

осындай  игі  қасиеттерді  бойына  сіңірген 

жалпы адами құндылықтарды меңгерген, 

қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына 

сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру – 

баршамыздың алдында тұрған міндетіміз.

Адам  махаббаты  қандай  мəңгі  болса, 

оның  патриотизмі  де  сондай  мəңгілік. 

Адамзат  махаббатсыз,  мұратсыз  өмір 

сүре алмайды, оны теріске шығару еш нə-

тиже де, жеміс те бермейді Олай болса, 

қазақстандық патриотизмсіз біз де өнегелі 

ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтар-

дың  биік  отаншылдық  сезімі  бүгінге  ғана 

емес, ертеңге де, болашаққа да керек.

Софья Ахметжанова,

№25 ЖОББМ 8 сынып оқушысы

Қойшығара Салғараұлы өзінің «Қазақтар» атты кітабында былай деген: 

«Тәуекелдің саясаткерлігі, көршісінің көңіл күйін күні бұрын аңғаратыны, со-

ған қарай қарсы әрекет жасап, қауіптің алдын орауға ұмтылатыны».

Хандар  жайлы  тізбек  өз  реті-

мен келе жатыр. Қазақ тарихын-

дағы  əрбір  ханның  өзінің  орны 

мен  ерекшелігі  бар.  Бүгінгі  ай-

татынымыз  қазақ  үшін  аянбай 

еңбек  еткен  Тəуекел  хан  жайлы 

болмақ. Ел үшін де, жер үшін де 

еңбегінің  орасан  зор  екенін  осы 

мақаладан білетін боларсыздар. 

ХАНДЫҚ ТҰҒЫРЫ

«Шығай  Хақназар  хан  қайтыс 

болғаннан  кейін,  Қазақ  хандығы-

ның  ханы  ретінде  ресми  түрде 

аталғанымен,  іс  жүзінде  хандық 

та,  билік  те  оның  үлкен  бала-

сы  Тəуекел  сұлтанның  қолында 

болғанға ұқсайды. Шығыс автор-

ларының  көне  шығармаларында 

осы  кезеңдегі  шешуші  қимыл, 

нəтижелі  істің  басында  үнемі 

Тəуекел  сұлтанның  жүруі  осы-

ның  дəлелі  деген  пікірлер  бар. 

Нақты  жылы  көрсетілмеген  соң, 

болжамның  түрлі  болатыны  да 

заңды.  Оған  талас  та  жоқ.  Де-

генмен  осы  арада  бір  нəрсенің 

басын  ашып  алсам  деп  едім. 

«Тəуекелдің  Шығай  өлгеннен 

кейін  хан  болғаны  анық»,  десек, 

онда, меніңше, тарихта Тəуекелді 

«хан»  деп  көрсету  1597  тауық 

жылынан  басталуға  тиіс  сияқты. 

Өйткені  Тəуекелді  хан  деп  мо-

йындау Искандар Муншидің «Та-

рих-и Əлемара-йи Аббаси» атты 

еңбегіндегі  «Хан  атағын  иеленіп 

кеткен  қазақ  сұлтаны  Тəуекел» 

деген дерегінен кейін ғана орнық-

ты ғой», – дейді Қойшығара Сал-

ғараұлы өзінің зерттеу еңбегінде.

САЯСАТТЫҢ 

МАЙДАНЫНДА

Тарихшы 

М. 


Əбусейітова 

аталған  кітабының  бір  тарауын 

«Тəуекел 1594 жылы өзін Мəскеу 

мемлекетінің  бажағы  (боданы) 

етіп  қабылдауды  өтініп  Федор 

патшаға  елшілікпен  Құлмұха-

медті жіберді» деген сөйлеммен 

бастайды.  Қазақ  хандығы  тари-

хының  елеулі  бір  кезеңінің  бас-

тау тұсындағы жағдайды талдау 

арқылы  ой  қорытар  тараудағы 

ғалымның  өзге  тұжырымдарына 

тоқталмай-ақ,  осы  жалғыз  сөй-

лемнің  өзі  де  тарихшылар  ұс-

танған  бағыттың  қандай  екенін 

айтып  тұрған  секілді.  Ол  бағыт 

қазақты  қалайда  орысқа  жақын-

датып, оның ел болуын, жұрт бо-

луын ұлы орыс халқының арқасы 

етіп  көрсету,  соны  қазақтардың 

ерте сезінгенін, есі бар азаматта-

рының бəрі ертеден орыстың қол 

астына  кіруге  «құлшынып»  тұр-

ғанын таныту. Сонау XVI ғасыр-

дың  перзенті  қазақ  ханы  Тəуе-

келді  арнайы  елшісін  жіберіп, 

Федор  патшаға  «қолтығыңа  ала 

гөр» деп өтінтіп тілентуі осының 

анық  айғағы.  Демек,Тəуекелдің 

елшілігінің  мақсаты  тіпті  басқа. 

Ресейдің  сыртқы  саясаты  мұра-

ғаты  қорынан  алынған  Тəуекел 

ханға  қатысты  материалдарын 

алып, орыс патшасының қол ас-

тына алуын өтінген бір ауыз сөз, 

не  болмаса,  соны  аңғартар  бір 

емеурін  бар  ма  екен.  Жоқ,  таба 

алмайсыз. 

МАҚСАТТЫ КӨТЕРІЛІС

Тəуекел Сыр өңірінің қалалары 

үшін  күресті  бастап,  1586  жылы 

Ташкентті  алуға  əрекет  жасай-

ды.  Абдаллах  ханның  əскерлері 

оңтүстікте шоғырланғанын біліп, 

Тəуекел  Мауараннахрдың  сол-

түстік аймақтарына шабуылдай-

ды.  Оның  шабуылы  Түркістан, 

Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты 

қалаларды талқандады, Тəуекел 

шайқасқа түспей, асығыс шегініп 

кетті.  Сөйтіп,  Тəуекелдің  Таш-

кентті  алуға  жасаған  алғашқы 

əрекеті  сəтсіз  аяқталды.  Таш-

кент  өңірінде  болған  көтеріліс 

сол кездегі қазақ халқы тарихын-

дағы маңызды оқиғалар қатары-

на  жатады.  Ол  жөнінде  Хафиз 

Тыныштың  «Шарафнаме  –  ий 

шахи» жəне Мукимидің «Зафар-

наме»  деген  еңбектерінде  қы-

зықты  мəліметтер  мен  оқиғалар 

келтірілген.  Ташкент  көтерілісін 

зерттеушілер осы кезге дейін на-

зар аудармай келді, ал ол Орта 

Азия  –  Қазақстан  аймағындағы 

тарихтың  дамуына  едəуір  дəре-

жеде ықпал еткен. Мақсатты түр-

де  табанды  жүргізілген  жұмыс 

қашанда өз жемісін бермек. Ара-

да жыл жарымнан аса уақыт өт-

кенде Тəуекел де мақсатты ісінің 

нəтижесін көрді. Дəлірек айтқан-

да, 1588 жылы Ташкент төңірегі 

мен  Ходжент  жəне  Шахрухия 

қалаларының  тұрғындарының 

Абдолланың немере інісі Рүстем 

ұлы  Өзбек  сұлтанға  қарсы  кө-

терілісі бұрқ ете қалды. 

ҮЗІЛГЕН ЖОРЫҚ

Өзінің  алға  қойған  мақсатын 

біртіндеп  жүзеге  асырып  келе 

жатқан  Тəуекел  ханның  ажал 

уақыты  да  жақындай  түседі. 

1598  жылы  Орта  Азияға  жорық 

жасайды.  Сырдария  бойындағы 

қалаларды  қайтарып  алу  үшін 

бар күшін жұмсап, жеңуге тыры-

сады.  Осындай  жан  беріп,  жан 

алып жатқан айқастың аласапы-

ран  бір  тұсында  Тəуекел  ханға 

оқ тиіп, ауыр жараланады. Қапы-

сын тауып қадап атқан жау мер-

гені қазақ ханына қан жұттырды. 

«Батырдың  ажалы  батырдан» 

дегендей, мергеннің ажалы мер-

геннен  болды.  Тəуекелдің  ауыр 

жараланып,  аттан  құлауы  қазақ 

қолының  шабуылын  тоқтатуы-

на мəжбүр етті. Сөйтіп, ай бойы 

айқасып,  не  жеңе  алмай,  не 

жеңілмей, қазақ əскері Ташкент-

ке  оралды.  Осында  келгеннен 

кейін  жарасы  ушыққан  Тəуекел 

хан  көп  ұзамай  қайтыс  болады. 

Талай жыл талмай күресіп, бүкіл 

Мауренахрді  Қазақ  хандығының 

құрамына  енгізіп,  хандығын  қа-

һарлы  мемлекетке  айналдыру 

жолында  күш-қайрат,  ақыл-ай-

ласын  бірдей  сарп  еткен  ұлы 

саясаткер арманына жете алмай 

осылайша көз жұмды.



Түйінсөз. Тəуекел хан негізгі 

мақсатына жетпегенмен, қазақ 

үшін  көп  іс  тындырған  ұлы 

хандардың  бірі  болды.  Оның 

тұсында  Қазақ  хандығының 

еліне ел, жеріне жер қосылды. 

Тəуекел  ханның  шебер  сая-

саткерлігі  нəтижесінде  бүкіл 

көршілеріне  қазақтар  өз  ық-

палын жүргізді. Бұрын қолдан 

шығып кеткен Түркістан, Таш-

кент,  Ферғана  қазақ  хандығы-

на  қарады.  Көріп  отырғаны-

мыздай саясаттың ебін тауып, 

тиімді  жағын  ұстап,  бүтін  бір 

халық  үшін  еңбегінің  орасан 

зор  екеніне  басымызды  иіп 

тұрып мойындаймыз.

Ақмарал ЕРМАНАТ

ШЕБЕР САЯСАТКЕР – 

ТӘУЕКЕЛ ХАН 

3

Ұлы жеңіс



ЕРЛІК – ЕЛДІҢ ҚАСИЕТІ, 

ЖҮРЕКТІЛІК – ЖІГІТТІҢ 

ҚАСИЕТІ

С

оғыс  –  адамзат  ба-

ласына  келген  нəу-

бет  іспетті.  Нəубет-

ке,  амал  жоқ,  көппен 

бірге  көрген  қиындық 

ретінде  қабылдап  көну 

керек. Сол сұм соғыста 

даламыздың  талай  ер-

жүрек ұлдары мен ерке 

қыздары  атаның  туын 

жықпаймыз  деп,  ана-

ның намысы үшін туған 

жердің  топырағын  жау-

ға таптатпаймыз деп қолдарына қару алып соғыс 

майданына аттанды. Сол жалынды жастардың қа-

тарында менің атам да болған еді.

Атамның  артынан  қалған 

жұрнағы  ретінде  Ұлы  Отан 

соғысында жүріп өткен сали-

қалы да, сындарлы жолын ой 

иелігімнен өткізіп, қағаз бетіне 

түсіруге  шешім  қабылдадым. 

Атам – Ералин Нұрғали Ера-

лыұлы 1922 жылдың 14 нау-

рызында Баянауыл ауданына 

қарасты Шонай елді мекенін-

де  орманшы  Ералы  ақсақалдың  отбасында  дүниеге 

келді.  1932  жылы  мектеп  табалдырығын  аттап,  1942 

жылдың  қаңтар  айында  10  сыныпта  оқып  жүргенде 

Отан қорғауға əскер қатарына шақырылады. Ел басына 

ауыр күн туған кезеңде атам не бары 20 жастағы бозба-

ла болатын. Жас кезінен қолына қару алып, жан түрші-

герлік  қан  майданда  ұйқысыз  түндерде  жаумен  талай 

арпалысып,  жанталасқан  жаудың  үздіксіз  шабуылына 

тойтарыс бере жүріп талай күндерін мұз жастанып, қар 

құрсағында өткізді. Өзінің ұйымдастырушылық қасиеті-

мен,  қан  майдандағы  ержүректілігімен  жас  та  болса, 

атам  №  887  атқыштар  полкінде  зеңбірекшілер  бөлім-

шесінің командирі болды. Курск түбіндегі шайқаста да 

жан арпалыса шайқасып, Отан алдындағы ұлы боры-

шын өтеді. Осындай үлкен шайқастардың бірінде ауыр 

жарақат  алып,  госпитальға  түседі.  Осыдан  кейін  аға 

сержант Ералыұлы Нұрғали еліне қайтады.

Аталарымыздың  жанымен,  қанымен,  ерлігімен,  еңі-

реп  жүріп  жаудың  тауын  шағып,  туын  жығып,  жеңістің 

таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Осынау Жеңіс күніне 

жету үшін еліміз 1418 сұрапыл күн мен түнді басынан 

өткізді. Сұм соғыс аяқталғаннан кейін атамның жасаған 

ерен ерліктері мен жаугершілік қасиеттері үшін «Қызыл 

Ту»  ордені  берілді.  1946  жылы  өмірлік  жары  –  Рахым 

қызы  Мапрузамен  шаңырақ  көтереді.Апам  да  соғыс 

кезінде  Баянауыл  ауданы,  «Большевик»  колхозын-

да тылда аянбай еңбек еткен абзал жан еді. Екеуі де 

өмірінің соңына дейін халық игілігі үшін еңбек етіп, жас-

тарға өмірдің қиындықтарына төзе білуге, адамгершілік 

пен  ізгілікке,  еңбекқорлық  пен  жауапкешілікке  үйрету-

ден еш жалықпайтын.

Абай атамыз айтпақшы: «Ұстаздық еткен жалықпас, 

үйретуден балаға» деп соғыстан кейінгі жылдары атам 

өз өмірін келешек ұрпаққа білім нəрін сусындауға, яғни 

ұстаздық  жолына  арнайды.  Атамның  алдынан  талай 

білімді де, өнерлі ұрпақ қанат қақты. Атамды өз көзім-

мен көрмесем де, ол кісі жайлы анашымнан жəне кө-

ненің көзі – қарт аталар мен апалардан сұрап білдім. 

Сол  адамдардың  айтуынша,  Нұрғали  ата  ауылдың 

ұстазы ғана емес, ақыл-кеңес беретін жолбасшысы да 

болыпты, тіпті келеңсіз істерге бой алдырып адасқан-

дар  осы  кісіге  келіп  жүгінетін.  «Тура  биде  туған  жоқ» 

дегендей, ол парасаттылығымен талай дау-дамайдың 

түйінін шешіп, тура жолды көрсетіп, қара қылды қақ жа-

ратын əділ төрелігін айтушы, ісі мен сөзі ұштасқан, өте 

парасатты,  адамгершілігі  мол,  ержүрек,  адал  азамат 

болған деседі.

Қазақта «Əке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пі-

шер»  деген  бір  тамаша  сөз  бар,  атам  мен  апамның 

артынан  қалған  жан  дегенде  жалғыз  ғана  перзенті 

менің  анам-Сəуле.  Анам  да  əке  жолын  қуып,  ұстаз-

дақ қызметін атқаруда. Анамның да алдынан көптеген 

шəкірттер қанат қағуда, өз ісін, яғни ұстаздық қызметін 

сүйетін жəне білімді игеруден жəне үйретуден жалық-

пайтын құрметті мұғалімдердің бірі.

Мен атамның жүріп өткен өнегелі тағдыры мен Отан-

ды қорғаған, талай жанға хат танытқан өмірін мақтаныш-

пен айтатын боламын. Əрқашанда батыр атам туралы 

естеліктерді есімде сақтаймын. Ел үшін үлкен қиындық-

пен, қанмен келген ұлы күннің қаһармандарының ерлігі 

мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері 

ешқашан ұмытылмайды жəне ұмытылмақ емес.

Айдана Абухасен, 3 курс студенті

Адамзат тарихында болған зұлым да жойқын соғыс Кеңестік Одақ азаматтары-

ның Жеңісімен аяқталды. Бұл Жеңіс үшін қаншама керекулік азаматтар майдан-

да қанын, тылда терін төкті. Оларды Жеңіске жетелеген Отанға, Анаға, бауыр мен 

ағайынға деген жұдырықтай жүрегіндегі соққан лүпілі емес пе?!

…Аттан деді, ол ертең аттанады,

Аттанады еңбектің ақ табаны.

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгерлердің рөлін атқарады

Ол ертең аттанады…

М.Мақатаев

Қанаш Қамзин

Қанаш  Қамзин  1919 

жылдың  29  қарашасында 

қазіргі Ақсу қаласы Жолқұ-

дық  ауылында  (бұрын  Ка-

ганович, кейін Ермак ауда-

ны  болып  аталған)  дүние 

есігін ашты.

1944 жылы сəуірдің 12-сі-

нен  13-іне  қараған  түні 

Қанаш  Қамзин  бастаған 

үшінші  атқыштар  ротасы 

жаудың  Днестрден  өткел 

бермей  тұрған  ең  берік 

бекінісі  –  «Биіктік  –  65-ті» 

басып  алды.  Осы  биіктікте 

жасаған  ерлігі  үшін  Қанаш 

Қамзинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944  жылдың  көктемі  болатын.  Бұл  фашистік  жау 

əскерін ығыстыра бастаған жауапты кезең болғаны та-

рихтан белгілі. Кеңес Одағы құрамындағы Молдавияны 

азат ету шайқасы 1944 жылы көктемде басталды. 2-нші 

Украин майданының əскерлері Румынияның Яссы қала-

сының маңайына жетеді. Ал 3-інші Украин майданының 

жауынгерлері Одесса қаласын фашистерден тазартқан-

нан кейін Днестр өзенінің сол жағалауына жақындайды. 

Бұл алапат ұрыс Яссы-Кишинев операциясы атауымен 

тарихқа жазылды. Операция неміс фашистерінің жəне 

онымен одақтас əскери топтарға ойсырата соққы беруді 

мақсат етті.

Бұл  оңай  қол  жеткізетін  мақсат  емес-тұғын.  Бұл  уа-

қытта  Қанаш  Қамзин  3-інші  Украин  майданы  52-нші 

атқыштар  дивизиясының  429-ыншы  атқыштар  полкінің 

рота командирі еді. Əскери естеліктерден оның сол кез-

де-ақ өзінің ер жүректілігімен, жауынгерлерді шабуылға 

бастаудағы батыл əрекеттерімен назарға іліккенін оқуға 

болады.


Лейтенант  Қанаш  Қамзин  осылайша  қан  майданда 

ерлік көрсетті.

Оспан Машиев

1925  жылы  26  наурыз 

күні  дүниеге  келген.  1942 

жылы  қараша  айында  со-

ғысқа  шақырылды.  Пав-

лодар  облысында  20-шы 

карантинде болды, Павло-

дардан Новоссібір қаласы-

на кетті. Одан əрі Монғолия 

шекарасына жіберілді. Сол 

жерде  1942  жылдан  1948 

жылға дейін болды. Жапо-

нияның Мерген қаласында 

соғысқан. 80 полк, 57 диви-

зиясында 40 күн Жапон соғысына қатысты. Оспан ата 

1946 жылы ерлік үшін медальімен, Ұлы Отан соғысын-

дағы кеңестік халықтың жеңісіне 40 жыл құрметіне Ерлік, 

қайсарлық пен өжеттілік үшін орденімен, Жапониядағы 

жеңіс үшін ордені, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жу-

ков медальі, ҰОС 30 жылдығы белгісі, ҰОС жеңісінің 50 

жылдығы,  Жеңістің  55  жылдығы  белгісі,  КСРО  əскери 

күштерінің  60  жылдығы  жəне  КСРО  əскери  күштерінің 

70 жылдығы медалдерімен марапатталды.

Қайыргелді Дүйсекенов

Қайыргелді ата 1913 жылы дүниеге келген. 1942 жыл-

ға дейін Ертіс ауданында құрылған үш совхоздың бірі – 

«КСРО онжылдығы» ауылында мал шаруашылығы са-

ласында еңбек еткен. 1942 жылдың қаңтарында əскер 

қатарына шақырылып, Ленинград майданына жіберілді. 

Алты  ай  бойы  соғысып,  майданнан  жаралы  келеді. 

Елде бір айдай емделіп, қайтадан майданға аттанды.

Революция бесігі болып саналатын Ленинград қала-

сы үшін кескіленген ұрыстардың бірінде қатты жарала-

нып, қасындағылар өлдіге санап, жертөле ішіне тастап 

кетеді.  Есін  жиса  өлгендер  ішінде  жатса  керек,  соңғы 

күш-қайратын  жиып,  жертөледен  шығып,  осы  маңда 

байланыс  жасап  жүрген  жауынгерлерге  тап  болады. 

Осылайша  ажал  тырнағынан  аман  қалған  Қайыргелді 

ата бейбіт заманның  өскелең  ұрпағына сұм соғыс жа-

йындағы əңгімелерін айтып, мол тағылым қалдырды.

1943  жылдың  мамырында  майданнан  екінші  топта-

ғы  мүгедек  деп  танылып,  елге  қайтарылады.  Жұбайы 

Күлəш екеуі өмірге 2 ұл, 3 қыз əкеліп, көзінің тірісінде 

бəрін  қанағаттандырып  кетті.  Өзі  1987  жылы,  жұбайы 

2008 жылы өмірден озды.

Әкімбек Әйтібаев

1919 жылы 1 қаңтарда дүниеге келді. Павлодар облы-

сы, Кеңес колхозында қарапайым отбасында өскен. Ке-

ңес бастауыш мектебін аяқтағаннан кейін Иса Байзақов 

атындағы совхоздың М.Горький орта мектебінде оқуын 

жалғастырды. Жеті жылдық біліммен бұл мектепті 1935 

жылы тəмамдағаннан кейін аудандық оқу бөліміне мұ-

ғалім болып қызмет етеді. 1939 жылы аудандық əскери 

комиссариатқа шақырылып, 10 қазанда Кеңес əскері қа-

тарына алынады. 1939 жылдың 29 қарашасынан 1940 

жылдың наурызына дейін Фин соғысына қатысады. Бұл 

соғыста бірнеше рет жарақат алады.

Ал Ұлы Отан соғысы басталғанда қатардағы жауын-

гер ретінде 73-ші Батыс атқыштар полкының 35-ші бри-

гадасында болған. 1942 жылдың 3 наурызында Фрунзе 

қаласындағы 6 айлық командирлер дайындығынан өтіп, 

осы жылы 118-ші Батыс атқыштар полкының атқыштар 

взводына командирі, 1944 жылдың 4-сəуірінен Мəскеу 

əскери  округінде  280  атқыштар  ротасының  командирі 

болады.

Ұлы  Отан  соғысы кезінде  Əкімбек  Əйтібайұлы  3  рет 



қатты жараланады. Ерліктері үшін Варшаваны азат ету-

де Қызыл Жұлдыз орденімен, Берлинді азат етуде І-ІІ-ІІІ 

дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен жəне 8 ме-

дальмен марапатталған. Жеңіс күнін аман-есен қарсы 

алып, 1946 жылы 2 сəуірде туған жеріне қайтып орала-

ды. Октябрь орталау мектебінде 1946-1984 жылдарда 

оқушыларға  білім  беріп,  білім  саласына  өзіндік  үлесін 

қосты.


Әмин Өмірзақов

1917  жылы  Павлодар 

облысы,  Май  ауданы,  Ар-

шалы  ауылында  дүниеге 

келген.  Еңбек  жолын  не 

бəрі  13  жасында  Лебяжі 

ауданына  қарасты  №23 

партсьезд  совхозында  қа-

тардағы жұмысшы ретінде 

бастайды. 1941-1942 жыл-

дары  Кеңес  əскері  қата-

рына  шақырылғанға  дейін 

өңірдегі  мал  бордақылау 

шаруашылығында  есепші, 

кейін аудандық жинақ кас-

сасының меңгеруші қызметін атқарады.

Əмин ата 1942 жылы Кеңес əскері қатарнына шақы-

рылып,  майданға  жіберілді.  Сталинград  майданына 

қатысады.  1942-1943  жылдар  аралығында  неміс  бас-

қыншыларына  қарсы  соғысып,  ауыр  жарақаттанды. 

Денсаулығына байланысты елге оралуға мəжбүр бола-

ды.


Елге  оралған  соң  жаңқиарлықпен  еңбек  етті.  1944 

жылы  Лебяжі  аудандық  ұйымына  хатшы  қызметіне 

қабылданды.  1950-1953  жылдары  Галкин  ауылында 

Халықтық  кеңестің  депутаты  болды.  Зейнеткерлікке 

шыққанға дейін асыл тұқымды қой шаруашылығы сала-

сында еңбектенді. Ұлы Отан соғысында 

көрсеткен  ерлігі  үшін  ІІ  дəрежелі  ор-

денімен,  Құрмет  грамотасымен  ма-

рапатталған.

Əмин ата 1999 жылдың 9 мамыр-

да дүниеден озды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет