Тақырыбы: Қазақстанның тауар нарығы
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қолда бар табыс және оның бөлінуі. Тұтыну функциясы
2. Жинақтау функциясы
3. Инвестиция және оның түрлері
4. Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнс кресі.
Дәріс тезисі:
Тұтыну (С) - бұл белгілі бір уақыт аралығында үй шаруашылығымен тұтынылған тауарлардың жалпы саны. Басқаша айтқанда, тұтыну - жалпы тұтыну немесе төлемқабілетті сұраныстың көрінісі. Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және, керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген шекті бейімділік ( МРС ) шамалары қолданылады.
Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді.Басқаша айтқанда, тұтынуға деген орташа бейімділік - бұл тұтынуға жұмсалатын жалпы табыстың үлесі:
Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл тұтыну өзгерісінің табыс көлемінің өзгерісіне қатынасы:
,
Тұтыну функциясы тұтынудың белгілі бір факторлардан тәуелділігін сипаттайды:
,
Табыс болмаған жағдайда да экономикалық агенттер белгілі бір көлемде шығын жұмсайды. Мұндай шығындар макроэкономикада автономды шығындар деп аталады, яғни автономды шығындар табыстан тәуелсіз шығындар болып табылады.
Жинақтау (S) - бұл табыстың тұтынылмайтын бөлігі, басқаша сөзбен айтқанда, жинақтау тұтынуды белгілі бір шамаға қысқартады. Оны табыс пен тұтыну арасындағы айырма түрінде көрсетуге болады:.
Жинақтаудың ұлттық және жеке деп аталатын түрлері болады. Ұлттық жинақтау - тұтыну мен мемлекеттік сатып алу көлемдерін шегергеннен кейінгі қалатын экономикадағы жиынтық табыс. Ұлттық жинақтау жеке және мемлекеттік жинақтаудан тұрады. Жеке жинақтау (Sp) – бұл тұтынуға кеткен шығындар мен салықтарды шегергеннен кейінгі үй шаруашылықтарының табысы. Мемлекеттік жинақтау (Sg)- мемлекеттің жиналған салық түрінде алған табыстары мен шығындарының айырмасы.
Жинақтау функциясы жинақ көлемінің қандай факторлардан тәуелді екендігін көрсетеді:,
Жинақтауға деген орташа бейімділік (APS) - жалпы табыстың (Y) жинақталатын бөлігі. Ол табыстың қанша бөлігінің жинақталатынын көрсетеді:
. немесе.
Жинақтаудың өсіміне кететін табыс өсімінің үлесі жинақтауға деген шекті бейімділік (МРS) деп аталады.
Жалпы мағынада инвестиция болашақта табысты арттыру мақсатында капитал салу дегенді білдіреді. Инвестицияның құрамына машиналар мен жабдықтарды алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға, қорды арттыруға жұмсалған барлық шығындар кіреді. Өндірістік және капитал тауарларының жалпы көлемі нақты сұраныс немесе инвестициялық сұраныс деп аталады.
Инвестицияның динамикасын төмендегі факторлар анықтайды: күтілетін таза пайда мөлшері; нақты пайыздық ставка; салық салу деңгейі; өндіріс технологиясындағы өзгерістер; қолда бар негізгі капитал; экономикалық күту; жиынтық табыс динамикасы.
Акселератор дегеніміз - ұлттық табыс өскен кезде жаңа инвестициялар қанша есе өсетіндігін көрсететін коэффициент. Инвестиция өсімі түрінде көрсетілетін табыс өсімінің әсері акселератор коэффициентінен тура тәуелділікте болады, сондықтан табыстың өсуі жаңа инвестицияның бірнеше еселеп өсуіне әкеледі.
Әдебиет
Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.
Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.
Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.
Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |