Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды



бет20/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Тақырыбы: Тауар және ақша нарықтарының өзара байланысы

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1.IS-LM моделінің теңдеулері мен айнымалылары

2. Тауар және ақша нарығындағы теңдестік

3. IS-LM моделіндегі фискалдық саясаттың тиімділігі

4. Ығыстыру әсері.
Дәріс тезисі:

IS-LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтайтын экономикалық факторларды табуға мүмкіндік беретін тауар-ақша теңдестігінің үлгісі. Бұл үлгі экономиканың нақты (тауар нарығы) және ақша нарығында қалыптасқан жағдайларға байланысты пайыздық ставка (r) мен табыс деңгейінің (Y) теңдестік мәндерін анықтайды.

Бұрын байқағанымыздай, IS қисығы тауар нарығындағы теңдестік қисығы IS қисығының кез-келген нүктесінде инвестиция мен жинақ тең болады. Олардың теңдестігі тауар нарығындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігінің шарты болып табылады. IS қисығын салу үшін жинақтау және инвестициялау функциялары қолданылады.IS қисығы теріс көлбеулі болады, өйткені пайыздық норманың төмендеуі инвестиция көлемін арттырады, ал бұл кезегінде жиынтық сұранысты арттыру арқылы ұлттық табыстың тедестік мәнінің өсуіне әкеледі.

Кейнс крестін пайдалана отырып та IS қисығын салуға болады.

Төмендегі шарттар орындалғанда IS қисығы неғұрлым жатыңқы болады:


  1. Инвестиция мен таза экспорттың пайыздық ставка динамикасы жоғары икемді болуы;

  2. Тұтынуға деген шекті икемділіктің жоғары болуы;

  3. Cалық салудың шекті ставкасының жоғары болмауы;

  4. Импорттауға деген шекті икемділіктің көп болмауы.

IS қисығы тұтыну шығындарының,мемлекеттік шығындардың,таза салықтың, инвестиция көлемінің өзгеруі есебінен оңға немесе солға орын ауыстырып отырады.

LM қисығының пайыздық ставка мен ұлттық табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсететіндігі белгілі. Оның бойындағы кез-келген нүкте ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңдестігін білдіреді. Ақша нарығындағы мұндай теңдестік ұлттық табыс өскен кезде пайыздық ставка да көтерілген жағдайда орын алады.

Төмендегі шарттар LM қисығының жатыңқы болуын қамтамасыз етеді:


  • пайыздық ставка динамикасына ақшаға деген сұраныстың икемділігінің жоғары болуы;

  • ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ жинамикасына икемділігінің жоғары болмауы.

IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде тауар және ақша нарықтарының теңдестігі қалыптасады.IS қисығы жоспарланған шығындармен байланысты болғандықтан оның өзгерісі фискалдық саясаттағы өзгерістерді көрсетеді, өйткені ол ақша ұсынысымен байланысты. Сонымен, IS-LM үлгісі макроэкономикаға фискалдық және монетарлық саясаттың әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шығындар мен салықтың төмендеуі ығыстыру әсеріне әкеп соғады. Ығыстыру әсері ынталандырушы бюджет-салық саясатының басты проблемасы болып табылады. Ол ынталандырушы фискалдық саясаттың тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Ығыстыру әсерін төмендегі сызба арқылы көруге болады:

G↑ (немесе Т↓) => Y↑ => C↑ => Y↑ =>Mⁿ↑ => R↑ =>I↓, Xn↓ => Y↓

мультипл. ығыстыру

әсер әсері

Экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған фискалдық саясаттың нәтижесінде пайыздық ставка өсуі салдарынан инвестиция мен таза экспорттың төмендеуі орын алады. Бұл ұлттық табыстың азаюына әкеледі.

Ынталандырушы фискалдық саясаттың қаншалықты тиімді жүргізілгендігін бағалау үшін ығыстыру әсерінің көлемі өндіріс көлемінің өсу көлемі салыстырылады.

Егер ығыстыру әсерінің шамасы өндіріс көлемінің өсуінен төмен болса, жүргізілген фискалдық саясаттың тиімді болғаны. Ығыстыру әсері мәнінің мейлінше аз болу шарттары:



  • ақша нарығындағы пайыздық ставканың өсуіне инвестиция мен тазп экспорттыңаз

икемді болуы;

  • ақшаға деген сұраныстың пайыздық ставка өсуіне жоғары икемді болуы. Бұл кезде LM жатыңқылау болады.

Әдебиет

        1. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

        2. Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.

        3. Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.

        4. Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.

        5. Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет