Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды



бет19/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Тақырыбы: Қазақстанның ақша-несие жүйесін талдау

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Ақша агрегаттары

2. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары

3. Ақша ұсынысының моделі

4. Ақша мультипликаторы.

5.Монетарлық саясаттың мақсаты мен құралдары

6. Монетарлық саясаттың экономикаға ықпалы

7. Милтон Фридменнің «Ақша ережесі».



Дәріс тезисі:

Ақша –мәміле жасау үшін қажетті қаржылық активтің түрі. Ақшаның басты қасиеті – оның жоғары өтімділігі, яғни ақшаның аз шығынмен тез арада басқа актив түрлеріне өту қабілеттілігі. Ақша массасын өлшеу үшін ақшалық агрегаттар пайдаланылады. Оларға М1, М2, М3, L агрегаттары жатады. Ақшалық агрегаттардың құрамы мен саны әр елде әр бөлек болады. Ақша экономикада бірқатар қызметтер атқарады. Ақшаның атқаратын негізгі қызметтері төмендегідей:айырбас құралы, құн өлшемі, жинақтау немесе қорлану құралы.

Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш тәсіл арқылы жүзеге асырылады:ақша беру арқылы, банк есебінде жазу арқылы, бір тұлғаның екінші тұлғаға бережақ екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.

Осы негізде төлем құралдарының үш түрі бар: қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар), чектер, ағымдық шоттар, қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).

Ақшаға деген сұраныс - бұл ақшаның белгілі бір қорына деген қажеттілік. Ол халық пен фирмалардың қолма-қол ақша және чектік депозиттер түрінде сақтағысы келетін төлем құралдарының саны арқылы анықталады.

Ақшаға сұранысты екі тәсіл арқылы түсіндіруге болады: классикалық (соның ішінде монетаристік), кейнстік.

Ақша ұсынысын экономикада мемлекет жүзеге асырады. Ақша ұсынысының (Мs) құрамына қолма-қол ақша (С) мен депозиттер (D) кіреді:

Мs = С+D

Қолма-қол ақша (С немесе М0) мен міндетті резервтер (R) бірігіп ақша базасын (МВ) құрайды:



МВ = С+R

Ақша мультипликаторы ақша базасын бір бірлікке өзгеруі ақша ұсынысын қаншалықты өзгертетіндігін көрсетеді. Депозиттеу коэффициенті (сr) мен резервтеу нормасы (rr) ақша мультипликаторын азайтады.
Кез-келген мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты - іскерлік белсенділікті көтеру, инфляцияны төмендету және елдің төлем балансын сақтау. Бұл саясат банк жүйесі арқылы жүргізіледі.Банк жүйесі қазіргі кезде екі деңгейден тұрады: Орталық Банк пен коммерциялық банктерден.

Елдегі ақша-несие саясатын жүргізудің құралдары төмендегідей:

Міндетті резервтер дегеніміз – КБ-дің ОБ-те пайызсыз салым ретінде сақтауға тиісті депозитінің бөлігі.Міндетті резервтер нормасы – КБ-тің депозитінің көлемінен алынатын соманың пайыздық көрінісі. Ол салым түрлеріне байланысты ерекшеленеді. Мерзімдік салымдардың міндетті резервтеу нормасы талап еткенге дейінгі салымдардың нормасына қарағанда төмен болады.

КБ артық резервтерді де сақтайды. Ол – міндетті резервтерден артық, белгілі бір жағдайға қажетті қаражаттар. Бұл банктерді ақшаны айналысқа жіберуден түсетін табыстан айырады. Сол себепті пайыздық ставка өскен сайын артық резервтер деңгейі төмендейді.

Есептік ставка – ОБ-тің КБ-ге несие беруі кезіндегі белгілеген ставкасы.

Ашық нарықтағы операциялар – бұл бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кең қолданылады. Бұл құрал бойынша ОБ мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады (көбіне қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды алады).

Қатаң монетарлық саясат ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Ал икемді монетарлық саясат – пайыздық ставканы белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Инфляция кезіндегі ақшаға деген сұраныстың өсуі тұсында қатаң монетарлық саясат қолданылады.

Ақша айналысы жылдамдығының аяқ астынан өзгеруінен сақтану үшін икемді монетарлық саясат қолданылады.

Пайыздықставкағаәсеретуарқылыинвестицияғажәнебасқадамакроэкономикалықкөрсеткіштергеәсерету үшінақшанарығындағытепе-теңдіктіжүйелітүрдебұзусаясатыкейнстікақшасаясатыдепаталады.

Ақша ұсынысыныңшексіз өсуіпайыздықставканыәріқарайтөмендетеалмайды. Бұлпроцесс өтімділіктұзағы (өтімділікторы)депаталады.

Фишер теңдеуі номиналдық ставканың нақты ставкадан және инфляция деңгейінен тәуелділігін көрсетеді. Ақшаның сандық теориясы мен Фишер теңдеуі ақша массасы мен номиналдық пайыздық ставка арасындағы байланысты көрсетеді. Ақша массасының өсуі инфляцияның өсуіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде номиналдық пайыздық ставканың артуына ықпал етеді. Инфляция мен номиналдық пайыздық ставка арасындағы байланыс Фишер әсерідеп аталады.

Әдебиет


  1. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

  2. Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.

  3. Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.

  4. Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.

  5. Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет