11.5 Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Тапсырма. Еңбек нарығы
Мәнжазба дайындау
Студенттермен келесі сұрақтарға дайындалу:
Еңбек нарығының басқа өндіріс факторлары нарығынан ерекшеліктері неде?
Еңбек нарығындағы сұраныс кімнің тарапынан болады?
Еңбек нарығындағы ұсыныс кімнің тарапынан болады?
Еңбек нарығындағы жеке жұмысшының ұсыныс қисығының формасы қандай және неліктен деп ойлайсыз?
Жалақы дегеніміз не және оның қандай түрлері мен формаларын білесіз?
Нақты және номиналды жалақының айырмашылықтарын түсіндіріңіз?
Кәсіподақтың еңбек нарығындағы ролін қандай көрсеткіштермен түсіндірер едіңіз?
Әдістемелік нұсқау. «еңбек нарығындағы сұраныс», «еңбек нарығындағы ұсыныс», «жалақы»ұғымдарының анықтамаларын ұғыну керек. Еңбектің басқа өндіріс факторларынан ерекшелігін ажырату, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін білу, жалақыға әсер ететін факторларды білу қажет.
Әдебиет
1.Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.
2.Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
3.Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.
4.Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.
5.Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.
6.Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған.- // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.
Достарыңызбен бөлісу: |