Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды


АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ



бет37/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
Силлабус ДОТ МИКРОМАКРО 1ФК во 19-20

12. АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ

1-аралық бақылау

1. Төмендегілердің қайсысы микроэкономикада зерттеледі?

А) жұмыссыздықтың өсуі В) электроэнергияның өндіріс шығындарыС) жалпы баға деңгейінің ауытқуы D) мұнайдың дүниежүзілік бағасының іскерлік белсенділікке әсер етуі

2.Университетте білім алудың балама құнына жатпайды:

A) оқу ақысы B) тамақ пен киімге кететін шығын C) оқулық алуға кететін шығын

D) университеттегі оқудан бас тартқан жағдайда алынатын жалақы



  1. Экономикалық модель озық болып саналады, егер ол:

A) неғұрлым көп экономикалық айнымалыларды мен олардың арасындағы байланысты қамтыса

B) аз экономикалық айнымалылар мен олардың арасындағы байланысты қамтыса

C) көтерілген мәселеге жауап алу үшін неғұрлым аз ақпарат көлемін тартуды тұжырымдаса

D) математикалық формулалар мен теңдеулер көмегімен берілсе



  1. Бір тауарды өндіру үшін бас тартылатын басқа бір тауардың көлемінде берілген

тауар құны бұл:

A) тауардың нарықтың құны B) тауардың бухгалтерлік құны

C) тауардың балама құны D) тауардың тиімді құны

4.Өндіріс мүмкіндіктер шекарасы әдетте иілген қисық түрінде беріледі. Оны былайша түсіндіруге болады:

A) түсінуге ыңғайлырақ B) экономикалық өсуді сипаттайды C) ресурстардың шектеулігін көрсетеді D) ресурстарды әр түрлі пайдалану тәсілдері тұсындағы олардың әркелкі тиімділігін көрсетеді

6. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, қандай жағдай орын алады?



  1. тапшылық

  2. теңдестік

  3. нарықта өзгеріс болмайды

7. Ұсыныстың артық болуы, әдетте:

А) бағаның көтерілу жағына ықпал жасайды В) бағаға ешқандай ықпал көрсетпейді (жасамайды) С) бағаның төмендеу жағына ықпал етеді D) сұраныс көлемін үлкейтеді

8. Тауар тепе-теңдік бағасы Р дейік. Егер мемлекет бағаның төменгі деңгейін 2Р деп белгілесе, нәтижесінде:

А) тауарға ұсыныс азаяды В) тауар артықшылығы пайда болады

С) ұсыныс қисық сызығы оңға жылжиды D) барлық жауаптар дұрыс

9. Тауарға сұраныс азайды, сонымен бірге тауарға ұсыныс көбейді. Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемге бұл қандай әсер етеді:

А) тепе-теңдік сан азаяды, ал тепе-теңдік бағаның өзгеруін болжау қиын

В) саны азайып, бағасы көтеріледі

С) саны көбейіп, бағасы төмендейді

D) бағасы төмендеп, саны көбееді не азаяды

10. Сұраныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:

А) тауар өндірісі технологиясының жетілдірілуінен

В) тұтынушы табысының азаюынан

С) тауар сатып алу көлемінің өсуінен

D) тауар бағасының өзгеруінен

11. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:

А) тауар өндірісі технологиясының жетілдірілуінен

В) тұтынушы табысының азаюынан

С) тауар сатып алу көлемінің өсуінен

D) тауар бағасының өзгеруінен

12. Келесі тауарлар бойынша сұраныстың бағалық икемділігі жоғары болады:


  1. дәулетті тауарға қарағанда алғашқы қажеттіліктегі тауардың

  2. тұтынушылар бұл тауарды жоғары тиімділікпен тұтынған жағдайда

  3. тауар өндірісінің балама шығындары көп болған жағдайда

  4. тауардың тұтынушыға қажеттілігі аз болғанда

13. Егер тауар бағасының бір пайыздық төмендеуі сұраныс көлемінің екі пайызға артуына әкелсе, сұраныс:

  1. икемсіз

  2. икемді

  3. бірілік икемді

  4. өте икемсіз

14. Төмендегілердің қайсысы икемді сұранысты сипаттамайды?

  1. бағалық икемділік коэффициенті бірден аз

  2. егер баға өссе, сатушы түсімі қысқарады

  3. сатып алушылар баға өзгерісіне сезімтал болады

  4. сұраныс көлемінің өзгерісі баға өзгерісіне қарағанда жоғары

15. Төмендегілердің қайсысы икемсіз сұранысты сипаттамайды?

  1. ауыстырушы тауарлар көп болады

  2. сатып алушылар оны сатып алуға өз табысының аз бөлігін ғана жұмсайды

  3. бұл тауар тұтынушы үшін алғашқы қажеттіліктегі тауар болып табылады

  4. сұраныс қысқа уақыт аралығында ғана орын алады

16. Егер тауар ұсыныс икемсіз болып, оған сұраныс қысқарса, сатушы түсімі:

  1. өседі

  2. қысқарады

  3. егер сұраныс икемді болса, қысқарады

  4. егер сұраныс икемсіз болса, қысқарады

17. Пайдалылықты өлшеудің кардиналистік әдісі келесіні көздейді:

A) сол уақыт аралығындағы тауарды тұтынудан алынғын жалпы қанағаттану шараларын

B) жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылықты

C) пайдалылық шамасын сандық тұрғыдан бағалауды

D) шекті пайдалылықты сапалық бағалауды

18. Жалпы пайдалылық максимум болғанда:

А) шекті пайдалылық түседі

В) шекті пайдалылық 0 (нөлге) тең

С) шекті пайдалылық ең үлкен шамаға тең

D) шекті пайдалылық өзгермейді

19. Жеке адам бір игіліктің 2 бірлігін тұтынады (пайдаланады). Екінші бірліктің шекті пайдалылығы 5 тең екендігі мәлім. Жалпы пайдалылық шамасы жөнінде не айтуға болады?

A) ол 5 тең B) 10 тең C) 10 көп D) бар мәліметтер ондай болжамдарға жеткіліксіз

20. MRSXY = 1 /2. X және Y тауарлар жөнінде не айтуға болады?

A) X және Y тауарлары тұтынуда бірін – бірі толықтырады

B) X пен Y нағыз субституттар болып келеді

C) X пен Y тауарлары үшін талғамсыздық қисық сызығы ауыстырудың шекті нормасымен сипатталады

D) X пен Y тауарлар үшін координат басына қатысты талғамсыздық қисық сызығы дөңес


  1. Төменегі агрегатталған шамалардың қайсысы ұлттық табыс көлемін анықтауда қолданылмайды:

А) корпорация пайдасы

В) мемлекеттік трансферттік төлемдер

C) кәсіпкердің несие алғаны үшін төлейтін пайызы

D) ренталық табыс

E) жалақы


  1. ЖІӨ өндірісіндегі мемлекеттік сектордың үлесін анықтау үшін не істеу керек:

А) тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған мемлекеттік шығындардың көлемін есептеу керек

B) қызметтер категориясына жатпайтын тауарларға жұмсалған мемлекет шығындарының сомасын анықтау керек

C) мемлекеттің аралық тауарларға жұмсаған шығындарын алып тастап, тек аралық өнімді сатып алумен байланысты мемлекеттік шығындарды есептеу керек

D) тек тұтыну тауарларына жұмсалған мемлекеттік шығындарды есептеу керек

E) жоғарыдағы жауаптың бәрі дұрыс емес


  1. Қосылған құндарды қосу арқылы есептелген ЖІӨ-дегі фирма үлесін есептеу үшін құрылған(өндірілген) өнімнің нарықтық құнынан төмендегінің қайсысын шегеру керек:

А) фирманың мемлекетке төлейтін барлық жанама салықтарын

B) фирманың бөлінбеген пайдасын

C) амортизацияны

D) басқа фирмаларға сатылған өнім көлемін

E) барлығы дұрыс емес


  1. Төмендегі агрегатталған шамалардың қайсысы шығындар сомасы бойынша есептелген ЖІӨ-ге кірмейді:

А) жалпы инвестиция

B) С+І+G


C) тауарлар мен қызметтердің таза экспорты

D) тауарлар мен қызметтердің мемлекеттің сатып алуы

E) жалақы


  1. Ұлттық табыс пен ұлттық өнімді есептеу кезінде төмендегі шамаларды қосуға болмайды:

А) тұтыну шығындары мен жеке жинақты

B) таза инвестиция мен тұтыну шығындарын

C) корпорация пайдасы мен кәсіпкерлердің несие үшін төлейтін пайызын

D) Үкіметтің сатып алу шығындарын, жалақыны

E) тұтыну шығындары мен жалпы инвестицияны


  1. Егер номиналдық табыс 8 %-ға, ал баға 10%-ға өссе, нақты табыс:

А) 2%-ға өседі

B) 18%-ға өседі

C) 2%-ға төмендейді

D) 18%-ға төмендейді

E) бұрынғы күйінде қалады


  1. Егер баға өссе:

А) тұрақты бағасы бар бағалы қағаз иелері өз шығындарын арттырады

B) ақшаға деген сұраныс және пайыздық ставка деңгейі өседі

C) пайыздық ставка өзгерісіне икемді шығындар көлемі артады

D) тұрақты бағасы бар бағалы қағаз иелерінің сатып алу қабілеттілігі артады

E) жоғарыдағы жауаптың бәрі дұрыс


  1. Егер мемлекет қоршаған ортаны қорғауға байланысты талапты күшейтсе, бұл төмендегі жағдайларға әкеледі:

А) өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар өседі және жиынтық ұсыныс қисығы оңға орын ауыстырады

B) өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар өседі және жиынтық ұсыныс қисығы солға орын ауыстырады

C) өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар өседі және жиынтық сұраныс қисығы солға орын ауыстырады

D) өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар төмендейді және жиынтық сұраныс қисығы солға орын ауыстырады

E) өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар төмендейді және жиынтық сұраныс қисығы оңға орын ауыстырады


  1. Дж. Кейнс елдегі тұтыну шығындарының көлемі, ең алдымен, төмендегі фактордан тәуелді деп есептеледі:

А) тұтынушылардың тұрған жерінен

B) жанұя мүшелерінің жас шамасынан

C) ақша ұсынысының өсу қарқынынан

D) ұлттық табыс деңгейінен

E) жеке иеліктегі табыс деңгейінен


  1. Егер нақты пайыздық ставка өссе:

А) инвестицияға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды

B) инвестицияға деген сұраныс қисығы солға жылжиды

C) инвестицияға деген сұраныс қисығы жоғары орын ауыстырады

D) инвестициялық шығындар қысқарады

E) жоғарыдағы жауаптың бәрі дұрыс емес


  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысын “ақшаға жақындарға” жатқызуға болмайды:

А) чектік емес жинақ салымдарын

B) ірі мерзімдік салымдарды

C) несие карточкаларын

D) қысқа мерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздарды

E) шағын мерзімдік салымдарды


  1. Егерзаңарқылыпайыздықставкатеңдестікдеңгейдентөменетіпбелгіленсе, онда:

А) ақшаға деген сұраныс ақша ұсынысына қарағанда артық болады

B) ақшаға деген сұраныс ақша ұсынысына қарағанда төмен болады

C) ақшаға деген ұсыныс көлемі өседі, ал ақшаға сұраныс қысқарады

D) ақшаға деген сұраныс көлемі өседі, ал ақша ұсынысы қысқарады

E) ақшаға деген сұраныс және ақша ұсынысының көлемі артады


  1. Егер индекс түрінде берілген бағаны Р, ал ақшаның құндылығын Д деп белгілесек, онда:

А) Р=Д-1 B)Д=1/Р C) 1=Д/Р D) Д=Р-1 E) Д=1-Р

  1. Ірі мерзімдік салым қай агрегаттың құрамына кіреді:

А) М1B) М2 C) М3 D) М2 және М3 E) М-нің құрамына тіпті кірмейді

  1. Егер номиналдық ЖІӨ қысқарса, онда:

А) мәміле үшін қажет ақшаға деген сұраныс және ақшаға деген жалпы сұраныс өседі

B) мәміле үшін қажет ақшаға деген сұраныс және ақшаға деген жалпы сұраныс қысқарады

C) мәміле үшін қажет ақшаға деген сұраныс өседі және ақшаға деген жалпы сұраныс қысқарады

D) мәміле үшін қажет ақшаға деген сұраныс қысқарады және ақшаға деген жалпы сұраныс өседі

E) мәміле үшін қажет ақшаға деген сұраныс және ақшаға деген жалпы сұраныс өзгеріссіз қалады


  1. Егер номиналдық ЖІӨ көлемі 4000 млрд. долларды, ал мәміле үшін қажет ақшаға сұраныс көлемі 800 млрд. долларды құраса, онда:

А) активтер тарапынан болатын ақшаға деген сұраныс 3200 млрд. долларды құрайды

B) ақшаға деген жалпы сұраныс 4800 млрд. долларды құрайды

C) орташа есеппен әр бір доллар жылына 5 рет айналады

D) ақша ұсынысының көлемін арттыру керек

E) активтер тарапынан болатын ақшаға деген сұраныс 4800 млрд. долларды құрайды


  1. Егер ақшаға деген сұраныс және ақша ұсынысы өссе, онда:

А) ақшаның тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік пайыздық ставка өседі

B) ақшаның тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік пайыздық ставка төмендейді

C) ақшаның тепе-теңдік көлемі өседі, ал тепе-теңлдік пайыздық ставканың өзгерісін анықтау мүмкін емес

D) тепе-теңдік пайыздық ставка өседі, ал ақша санындағы өзгерісті анықтау мүмкін емес

E) ақша санындағы өзгерісті және тепе-теңдік пайыздық ставканың өзгерісін анықтау мүмкін емес


  1. Банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша мен ҰБ-гі коммерциялық банкттердің резерві- бұл:

А) депозит

B) міндетті резерв

C) артық резерв

D) ақша базасы

E) пайыздық ставка


  1. Ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы –бұл:

А) ақша мультипликаторы

B) депозиттік мультипликатор

C) артық резерв

D) ақша базасы

E) қолма-қол ақша


  1. Ласпейрес индексі бойынша тұтыну бағалары индексін анықтаудағы кемшілік:

А) ағымдық мерзімдегі игілік саны ескерілмейді

B) базистік мерзімдегі игілік саны ескерілмейді

C) базистік мерзімдегі игілік бағасы ескерілмейді

D) ағымдық мерзімдегі игілік бағасы ескерілмейді

E) барлығы дұрыс емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет