Тапсырма. Капитал және жер нарығы
Мәнжазба дайындау
Базалық ұғымдарды жаттау.
Студенттермен келесі сұрақтарды талқылау:
1. Капитал ұғымын түсіндіріңіз. Капиталдың қандай түрлерін білесіз?
2. «Негізгі капитал» мен «негізгі өндіріс құралдары» ұғымдары арасында қандай байланыс бар?
3. Айналым капиталы дегеніміз не?
4. Дисконттау ұғымын түсіндіріңіз
5. Нақты және номиналды пайыздық ставка дегеніміз не?
6. Инвестиция ұғымы және кәсіпорынның инвестициялау қызметінің негізгі мақсаты қандай?
7. Жер нарығының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы неде?
8. Жердің рентасы ұғымына анықтама беріңіз
9.Жердің ұсыныс қисығы вертикаль формада болады, мұны Сіз немен түсіндірер едіңіз?
Әдістемелік нұсқау. «негізгі капитал», «айналым капиталы», «адам капиталы», «нақты пайыздық ставка», «номиналды пайыздық ставка», «дисконттау», «инвестиция», «жер нарығындағы сұраныс», «жер нарығындағы ұсыныс», «рента», «дифференциалды рента», «абсолютті рента» ұғымдарының анықтамаларын жатқа білу, жоспарға сәйкес сұрақтарды талқылап, тарату материалдарындағы жаттығуларды орындау қажет.
Әдебиет
1.Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.
2.Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
3.Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.
4.Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.
5.Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.
6.Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған.- // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.
Достарыңызбен бөлісу: |