Бекіту сұрақтары:
1. Абай шығармаларындағы мораль философиясы
2. Абай шығармаларындағы “адам болу шарттары”.
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы 13. Абайдың дінге көзқарасы
Сағат саны1
1.Абай және дін , дүниетанымының ерекшеліктері
2.Абайдың дінге көзқарасы
Дәріс тезисі
Ұлы ойшылдың дінге көзқарасын сөз еткенде, оның дін туралы түсініктерінің қалыптасуына; дүние мен құдай, тән мен жан, адамгершілік пен иман туралы топшылаушыларына; дінге ғылымды қарама-қарсы қою тәсілдеріне; дін мен этика туралы түсініктеріне; Қазақстанда ислам дінінің қалай тарап, қалай дамығандығы жөніндегі пікірлеріне; дін иелеріне мен мекемелерге, діни әдет-ғұрыптарға берген сынына; әдебиеттегі діншілдік бағыттармен күресе отырып, халықтар достығы идеясын қалай қуаттағандығына жан-жақты тоқталуға болады.
Дін мәселелері туралы Абайдың таламдары мен түсініктері, діни әдет-ғұрып пен дін иелеріне берген сыны – ағартушылық, антиклерикалдық бағыттарғы талдам, сын. Сондықтан Абай дін жөніндегі пікірлерінде көптеген қайшылықтар бар. Сонымен В.И. Ленин ескерткендей, өткен дәуірдің мәдениет өкілдерін өзінен бұрынғылармен, өз замандастарымен салыстырғанда, қоғам өмірінің рухани мәдениетіне қандай үлес қосқандығымен бағаласақ, Абайдың дін мәселелері жөніндегі пікірлерінде көптеген озық оң, алысқа сілтейтін арна бар екендігін сезбеуге болмайды. Өмірін тобықты ішінде өткізген, мектеп тәрбиесін Семейде алған Абайды дін жөніндегі түсініктері қалай қалыптасты?
Келешек ойшыл ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына медресе бірталай әсер етеді, ықпал тигізеді. Бұл жай Абайдың алғашқы кезде жазған “Иузи-рәушан, көзі – гауһар”, “Әліфби” өлеңдерінен айқын сезіледі. Жас Абай бұл өлеңдерін өзі медреседе оқыған араб, парсы тілдерімен шұбарландырады. Бұл өлеңдер – жас ақынның алғашқы тілін және оның сол кездегі ойлау тұрғысынан бейнелейді. Абай дүниетанымының бір ерекшелігі – ол бүкіл адамзат мәдениетінен үйреніп өнеге алған, ұлттық мұсылмандық тар шеңберде қалып қоймаған. Академик М. Әуезов айтқандай, Абай өзін “шығыс адамы едім”, “мұсылман едім” деп дін тұсауына бағындырмаған. Оқуға, үйренуге келгенде Абайға Низами, мен Науаи да, Пушкин мен Толстой да, Сократ пен Аристотель де, Фзули мен Батыр да, - бәрі бірдей. Абай бұлардың бірі мұсылман, екіншісі христиан, үшіншісі буддашы екен деп бөле қарап, діни мән беріп жатпаған. Демек, дін иелерінің және қаһарлы әкесінің уағыздарына қарамастан, Абай мұсылмандықтың құлы бола алмаған.
Бекіту ұрақтары:
1.Абай және дін, дүниетанымының ерекшеліктері
2.Абайдың дінге көзқарасы
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы 14 Абай және ел билігі мәселесі
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Абай және ел билігі мәселесі
Дәріс тезисі
Абайдың халқына, еліне қызметі ақындығымен, ойшылдығымен шектеліп қана қоймай, “халқын, елін түземекке”, “жұрт меңгермекке”, яғни ел басқаруға сөзімен де, ісімен де араласқан адам. Ел басқарудың теориялық жағынан ұлы ақын алдымен сол елдің құрамына кіретін халық (көп, тобыр) пен кемелдің (единицаның) қоғамдағы орнын, рөлін көрсетіп, анықтап алады.
Абай шығармашылығында халық, бұқара туралы түсінік марксистік көзқарастан өзгеше екі мағынада: бірінде – тұтас халыққа арналып «қалың елім, қазағым қайран жұртым» деп, бірде кекті, бірде шерлі айтылса, екіншісінде, «Сәулең болса кеудеңде…» деген өлеңінде, таза отаршылдық мүдде тұрғысынан ресейлік ел билеу жүйесіндегі болыстық сайлау тудырған елдегі анархистік бассыздықтан халықтың шырқы бұзылған, азғындаған «ерген елі бейне ноль» немесе тобыр күйінде суреттелетіндігі. Мұндай жағдай елдегі хандық билеу жүйесін жойып, елді ұлттық басқарудан айыру үшін әдейі жасалған зиянкестіктің салдары болатын. Оны Жанақ ақын екі жолға сыйғызып: «Ханнан – қайрат, байынан – қайыр кетіп, Телмірген теңдігі жоқ ел болған кез» – деп, күйіне жырға қосады. «Телмірген теңдігі жоқ» күйге түскен елдің халқы өзін-өзі басқара алмайды. Ал, өзін-өзі басқара алмаған, психологиялық жаншылған жұртқа халық деген атаудан гөрі «тобыр» деген ұғым үйлесіңкірейді.
Бекіту сұрақтары:
Абай және ел билігі мәселесі
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы 15 Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Абайдың поэмалары.
2. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны.
Дәріс тезисі
Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз.
Бірақ жалпы алғанда, көлемдері азғана, оқиға, сюжеттері шағын шыққан осы поэмалардың да негізгі идеясы мен мақсаты Абайдың көп лирикалық шығармаларындай, ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын көреміз. Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың, не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмайды. Олардың поэмалары кең өмірді мол қамтитын, кейде роман- поэма, кейде қалың уақиғалы, шытырман шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды.
Осы жылдарды еске алганда, Абайдың біз тексергелі отырган поэмалары, ең әуелі жоғарыда ескерткендей, шағын халдерді алып, содан өсиеттік, ұстаздық ой туғызуға тырысады. Екінші жағынан, Абай өзінің ұзақ шығармалар тудырарлық қуатын байқап, осы тұста тәжірибе жасап көреді.
Бекіту сұрақтары:
1. Абайдың поэмалары.
2. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны.
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Достарыңызбен бөлісу: |