Тақырыбы 10. Абайдың Шығысы. Өлеңдері мен дастандарындағы шығыс сарыны
Сағат саны 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 1.Абайдың нәр алған рухани мектебі
2.Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар
3.Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары
4.Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі М.Әуезовтің еңбегі
5.Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі
Дәріс тезисі Қазақ әдебиетінің классигі Абай бұл тақырыпқа шығыс классиктерінен басқаша келеді. Ең алдымен, Абай Александр Македонскийге кінәсіз елдерді күшпен жаулап алушы, қанқұмар патша деп қарады да, поэмасында оны осы өз түсінігіне сай етіп суреттеді. Екіншіден, Абай Александр тақырыбына тарихи жақтан қарады. Поэманың басында Ескендірдің әкесі - Филипп, туған қаласы - Македония. Филипп өлгесін, 21 жасында патша болды, «ханның ханы, патшаның патшасы» атанды, Аристотель оның ұстазы деген сөздердің тарихи деректермен дәлме-дәл келулері өз алдына, басқа елдерді жаулап алу идеясы Александрдың жас кезінен-ақ аңсаған арманы деп таныды. «Өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартып қарады, оңды-солды» деген жолдарымен Филиптің бір жеңістігінен хабар алғанда, өз замандас-жолдастарына жас кезінде айтқан Александрдың: «Отец все делает до нас, и мне с вами не останется совершить ни одного славного подвига», - дейтін сөздерінің мазмұны бір. Демек бұл жайттар Александр туралы Абайдың тек әдеби мұраларды ғана емес, көптеген тарихи материалдарды да зерттегендігін және олардан қазақ ақыны өзінше қорытынды шығарып, Александрдың образын өзінше жасағандығын көрсетеді.
Абай поэмасында да әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Поэмада екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, поэманың идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
Біздің жыл санауымыздан 4 ғасыр бұрын өмір сүрген тарихи екі адамды ақын алады да, біреуін қантөккіш жауыз адамдардың өкілі етіп, екіншісін өмірдің бұраң жолдарын көп көрген, әр алуан құбылыстар мен ағымдарға зерделене қарап, әрқайсысына өзінше баға беріп, одан өзінше қорытынды шығарушы ақыл иесі, дана адамдардың өкілі етіп көрсетеді.
Күншілдік, қызғаншақтық, қаражүректік, қанішкіштік, қанағатсыздықтарды Ескендірдің басына жинақтайды. Абайша, Ескендірде жаулағыштықтан басқа қасиет аз. Басқа ақындарда суреттелінетін әділдік, даналық Абай Ескендірінде жоқ. Мінезі шәлкес, ашуланса, жұрттың бәрін қырып жіберуге әзір. Шат аузындағы қақпаға кездескен жерде де Ескендір ақылды адамның мінезін көрсетпейді. Жұмбақ қақпаның ар жағынан сөйлеген жұмбақ адамның сөзі арқылы ақын Ескендірге өз үкімін шығарады:
Бекіту сұрақтары: Абайдың нәр алған рухани мектебі
2.Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар
3.Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары
4.Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі М.Әуезовтің еңбегі
5.Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі
Әдебиет 1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы 11. Абай философиясы, ойшылдығы. Дүниетанымының табиғаты
Сағат саны1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 1.Абай ойшыл, философ ақын
2.Әл-Фараби және Абай