Байланысты: 6-ДӘРІС Заманауи әдебиет үдерісі Дауылбаева Назерке (1)
Жасынан өжет, бірбет болып өскен Ш.Смаханұлы ауыл-елде жүргенде ағайын-туысқа, құрдас-көршіге алуан үлгіде өлеңнен алқа тағып, «ақын бала» атанады. Көзіне-көңіліне ұнамаған қайсыбір құбылыс-көріністерді, кеудесімен көкті, танауымен тауды тіреген әкім-қараларды, желіккен жеңгейлер мен желпінген бозбала-бойжеткендерді өлең өрімімен өрнектеп, оның өзін көбіне әзіл-әжуаға айналдырып, сын-сықақпен мінеп, шымшыма-шаншымамен түйреп жүрген кездері көп болады. Ауыл-елде сын-сықақ жазып, «шатақ Шақар» атанатыны да осы тұс.