Байланысты: 6-ДӘРІС Заманауи әдебиет үдерісі Дауылбаева Назерке (1)
Ол мектеп партасынан, төменгі сыныптан басталған ақиқатқа, өмірге, өлең-өнерге құштарлық хақында былай дейді: «Әсте сатирик болсам» деп армандамадым десем, өтірік айтқан боп шығар едім… Кейін мұғалім болып жүріп те, өлеңнен қолымды үзгенім жоқ. Ауданда мұғалімдердің август конференциясы өтер кезде «Жанды газет» шығаратынбыз. Бұл қабырға газеті де менің шымшыма, шаншымаларыма көп орын беретін. Жазғандарым республикалық газет-журналдарда да көрініп жүретін». Ұстаздық қызметтен кейінгі еңбек орны – «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Ара» журналы болды. Ол туралы: «Қай газетте, иә журналда жұмыс істейін, журналистік өмірдегі мақсатым айқын болды, ол – белең алған кемшіліктерді аяусыз сынау еді» деп жазды Шона естеліктерінде.