Патриоттық тәрбие Париоттық тәрбиенің Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асыру жолдары:
NIS-program білім беру бағдарламасының барлық пәндері арқылы. Әсіресе, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» жаңа пәні, сонымен қатар құқық негіздері, тарих, география, әдебиет және тілдер ерекше маңызды болып табылады.
Экскурсияларға бару:
ұлттық және тарихи-өлкетану мұражайлары,
елдің ірі зауыттары мен кәсіпорындары (елді индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде), өз елі үшін мақтаныш пен оны жақсартуға үлес қосу ниетін қалыптастыру мақсатында әскери бөлімдер;
мемлекеттік ұйымдар (Үкімет үйі, Сенат, министрліктер, жергілікті басқару органдары және т. б.));
туған өлкесін және оның тарихын тану мақсатында Қазақстан бойынша өлкетану экскурсияларына және туристік жорықтарға шығу (мысалы Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Ботай археологиялық қазба жұмыстары, Баянауыл, Қорғалжын қорығы және т. б. ).
Ресми және бейресми жағдайда саясат, өнер, бизнес саласындағы ел көшбасшыларымен кездесу және олармен білім беру саласындағы, экономикадағы, әлеуметтік қарым-қатынас, шығармашылық т.б. өзекті тақырыптарды талқылау.
Мемлекеттік мерекелерге арналған концерттер, конкурстар, көрмелер және басқа да іс-шаралар: Тәуелсіздік күні, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні
Патриоттық тәрбиенің пәрменді тәсілдерінің бірі еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлеріне, олардың ұрпақтарына алғыс хаттар жазу болып табылады. Алғыс хаттарда оқушылар қоғам қайраткерлерінің еліміздің дамуына қосқан үлесін (ғылым, саясат, өнер, бизнес, мемлекеттік басқару және т.б.) көрсетеді. Оқушылар көрнекті тұлғаларды өздері таңдайды, олардың өмірбаянын зерттейді. Осылайша, олар елімізде болып жатқан оқиғалар, ұлы жаңалықтар, адамдар мен оқиғалар туралы көп мағлұмат алады.