3 тәжірибе. Темір гидроксиді золін алу (гидролиз реакциясы)
Жұмыстың орындалуы. Түбі тегіс колбада 95 мл дистилденген суды қайнағанша қыздырады. Колбаны алмай плитканы өшіріп, пипеткамен қайнап тұрған суға 5 мл 2%-тік темір хлориді ерітіндісін аздап ағызады. FeОCl –мен тұрақталған қызыл-қоңыр түсті темір гидроксиді золі пайда болады. Золь түскен жарықта өте мөлдір болуы тиіс. Зольдің түсін бастапқы темір хлориді ерітіндісімен салыстырыңдар. Процесстің химизмі: FeCl3 + 3H2O→ Fe(OH)3¯ +3HCl Fe(OH)3 + HCl→ FeOCl +2H2O FeOCl«FeO+ +Cl- {m[Fe(OH)3]nFeO+ (n-x)Cl-} + xCl-
4 тәжірибе.Темір-көкродийлі мыс (II) гексацианоферратызолін алу (екіншілей (қосарлана) алмасу реакциясы)
Жұмыстың орындалуы. 20 мл 0,1%-тік K4[Fe(CN)]6ерітіндісіне 1 мл 1%-тікCuSO4ерітіндісін қосамыз, алынған золь қоңыр-қызыл түсті болады. Процесстіңхимизмі: CuSO4+ K4[Fe(CN)]6→Cu2 [Fe(СN)6]¯+ 2K2SO4 CuSO4 «Cu2+ +SO42- {m [Cu2[Fe(СN)6]] n Cu2+(n-x) SO4 2-} xSO4 2- CuSO4 артығымен емес,K4[Fe(CN)]6артығымен алынған болса мицелла формуласын жазу.
5 тәжірибе.Берлин лазурі золін алу (екіншілей (қосарлана) алмасу реакциясы)
Жұмыстың орындалуы. Пробиркаға 2-3 мл темір (III) хлориді ерітіндісін құяды және оған араластыра отырып 1-2 тамшы калий (II) гексацианоферраты ерітіндісі тамшысын қосады. Жасыл түсті берлин лазурі золінің пайда болғанын бақылау. Процесстің химизмі: 4 Fe Cl3+3 K4[Fe(CN)]6 → Fe4[Fe(СN)6] 3 +12КCl FeCl3« Fe3+ + 3Cl- {m [Fe4 [Fe(СN)6] 3] n Fe3+ 3(n-x) Cl-] +}3хCl-
Пробиркаға 2-3 млкалий (II) гексацианоферраты ерітіндісін құю, оған араластыра отырып 1-2мл темір (III)хлоридін қосу керек. Қою-көк түсті берлин лазурі пайда болады. Бұл компоненттердің қатынастары өзгергенде коллоидты бөлшектердің заряд белгісі өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Процесстің химизмі: 4 Fe Cl3+3 K4[Fe(CN)]6 → Fe4[Fe(СN)6] 3 +12КCl К4[Fe(СN)6] « 4К+ + [Fe(СN)6]4- { m [Fe4[Fe(СN)6]3] nFe(СN)64- 4(n-x) K+} 4xK+
6 тәжірибе.Марганец диоксиді золін алу (тотықсыздандыру реакциясы)
Жұмыстың орындалуы. Түбі тегіс колбаға5 мл 1,5%-тік калийперманганаты ерітіндісін құяды және 50 мл дистилденген сумен сұйылтады. Сосын колбаға тамшылатып 1,5-2,0 мл 1%-тік натрий тиосульфаты ерітіндісін қосады. Калий перманганаты марганец диоксидіне дейін натрий тиосульфатымен тотықсызданды.