Локальдық мағынада тәрбиелеу - баланың қандай да бір қасиетін, тәртіп әдеттерін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру процесінің теориясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбие берудің тар мағынадағы анықтамасына сүйенеміз.
«Оқыту» ұғымының мазмұнын анықтаудың көптеген нұсқалары бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы авторлардың бұл процестің функцияларын, мақсаттарын және нәтижелерін қалай түсінетіндіктеріне байланысты. Мысалы, Ю.К.Бабанский оқыту процесін педагог пен балалардың мақсатты, бағытты, ретті өзгеріп отыратын өзара ықпал әрекеті ретінде ашады, оның барысында оларды тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері шешіледі.
П.И.Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде оқыту аға буынның өсіп келе жатқан ұрпаққа қоғамдық қатынастар, қоғамдық сана, мәдениет және еңбек өнімділігі, белсенді өзгерістер жөніндегі білім және қоршаған ортаны қорғау тәжірибесін мақсатты, бағытты, ұйымдастырылған түрде беруі деп түсіндіріледі.
И.Я.Лернер оқытуды балалардың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының белгілі бір бөлігін меңгеру мақсатындағы педагог пен балалардың мақсатты, бағытты өзара ықпал әрекеті деп түсінеді. Бізге бұл анықтама көбіреккөңілге қонымды сияқты, себебі оқыту тек қана білімді, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздемейді, сонымен бірге айналамен қарым-қатынас жүйесін, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгеруді де қамтиды.
Білім беру ұғымы ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңында жүйелі түрде қарастырылған. Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін мемлекет белгілеген білім деңгейін меңгеруде азаматтың қол жеткізген нәтижелерін көрсететін тәрбие мен оқытудың мақсатты және бағытты процесі ретінде қарастырылады.
В.В.Краевский білім беруді адамзаттың қоғам өміріне қатысуға дайындауда тәрбие мен оқыту және адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесінен тұратын мақсатты түрдегі іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде анықтайды. Ю.К.Бабанский білімберуді оқушылардың ғылыми білім жүйесін, таным білігі мен дағдыларын меңгеру процесі мен оның нәтижесі, соның негізінде дүниеге көзқарас, тұлғаның адамгершілік және басқа да сапаларын қалыптастыру, шығармашылық қуаты мен қабілетін дамыту деп түсінеді.
Бұл мектепке дейінгі педагогика үшін жетекші ұғымдардың анықтамаларының аз ғана бөлігі. Әрбір педагог іргелі кәсіби санаттарды талдай келе, оның мазмұнын анықтайды және қандай да бір автордың көзқарасын бөлісуге хақысы бар.
Мектепке дейінгі педагогика сөздігінде философия үшін жетекші болатын көптеген басқа ұғымдарды (заңдылық, мәнділік, принцип, субъект және т.б.), психология үшін (даму, жеке тұлға, психика, эмоционалдық ахуал, ойлау және т.б.), тәнтану үшін (ми, қаңқа, бұлшық ет тонусы, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.) және т.с.с түсіндіреді. Мектепке дейінгі педагогика адамды, қоғамды барлық қырынан зерттейтін ғылымдардың тілін пайдаланады. Оның тілі бай, жан-жақты, бұл мектепке дейінгі педагогика пәнін жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттайтын үшінші элемент – зерттеуәдістері. Бұл әдістердің көмегімен педагогикалық практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, эксперимент, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз мінездемелер беру, педагогикалық құжаттарды, балалардың іс-әрекет нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алдымызда арнайы тақырыпта қарастырамыз.
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі санаттарын анықтағаннан кейін оның функциялары мен міндеттерін ашуға көшеміз.
Соңғы жүзжылдықта адамзаттың адамды зерттеу мәселелері оның дамуының барлық кезеңдерінде анағұрлым алға жылжыды. Жаңа білім қорының өсуіне, шынайы өмірдің әртүрлі салаларына педагогикалық ойдың таралуына байланысты педагогиканың жаңа салалары пайда болды. Сүйтіп, педагогика озінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жылдарында тәрбие туралы ғылымның тармақталған жүйесіне айналды.
Тәрбие туралы ғылымдар жүйесінің іргетасы жалпыпедагогика, ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді, кез келген типтегі және түрдегі тәрбие беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің негіздерін жасайды.
Тәрбие жүйесіндегі ғылымдар жүйесінде жасерекшелікпедагогикасына қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалық шақтың барлық кезеңдерінде жас ерекшелік даму ерекшеліктеріне сәйкес туғаннан бастап есейгенге дейін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады. Жас ерекшелік педагогикасының нысаны бала, ал зерттеу пәні – балалық шақтың түрлі сатыларындағы (ерте жас, мектепке дейінгі жас, мектеп жасы) оқутәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері, құралдары, технологиялары.