Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


-ТАҚЫРЫП. Сәби шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу



бет20/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

2-ТАҚЫРЫП. Сәби шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу.
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Сәби шақтағы балалардың дамуы мен тәрбиелеудің ерекшеліктері
2.Бір жастағы балаларды тәрбиелей
3.Екі және үш жастағы балаларды тәрбиелеу

Бала ағзасының негізгі ерекшелігі - үнемі өсуі мен жетілуі болып табылады. Сәбилік шақ - бұл адамға тән психофизиологиялық үрдістердің тез қалыптасу кезеңі. Өмірінің алғашқы екі жылында балалардың дене және жүйке-психикалық жағынан дамуы үшін тез өсуі тән. Бір жасқа тола бала өз бетімен жүреді. Өмірінің екінші жэне үшінші жылында оның негізгі қимылдары жетіле түседі, өзінің қимыл белсенділігін айналасындағылармен үйлестіре бастайды. Бір жастағы баланың сөздік қоры 10-12 сөзден, екі жасқа тола бастағанда 200-300, ал үш жасқа тола бастағанда 1500 сөзге дейін көбейеді. Баланың сәбилік шақта дамуы ағзаның жиі жарақаттанғыш ауруларға қарсыласу қабілеті төмен қолайсыз кезінде жүзеге асады. Бала өмірінің алғашқы жылдарында дене және психикалық даму арасындағы өзара байланыс күшті болады. Бала ағзасының қалыптасу мен аса шапшаң даму кезеңі - сәбилік шақта көңіл-күйінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Сәби баларды тәрбиелеуде олардың қосу үдерісі тежеу үдерісінің басым болатынын есепке алу керек. Сәбилік шақтағы тәрбие жұмысының мазмұнына мына бөлімдер кіреді:


а) сәбилік шақтағы балалар үшін белгіленген күн ырғағын сақтау, яғни ұйықтаудың, тамақтанудың, ояу жүрудің тәулік бойына дұрыс бөлінуі әр түрлі іс-әрекеттің ауысуы;
ә) күн ырғағы процестерінің яғни тамақтандырудың, гигиеналық күтімнің, ұйықтауға жатқызудың, су процедурасының және т.б. дұүрыс жүргізілуі;
б) жеке және топпен оқу іс-әрекет, ойын, көңіл көтерулер жүргізу;
в) балалардың белсенді түрде және өз бетінше әр түрлі іс-әрекет етуі үіиін жағдайлар жасау. Тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру оның формалары ме әдістерін таңдап алуға, балалардың бүкіл тірлігін дүрыс ұйымдастыруға байланысты. В.А.Вагнердің айтуы бойынша, мынандай екі әдісті қолданған жағдайда (ана зертгеу ғылыми болып табылады. Олар: онтогенетикалық және филогенетикалық әдістер. Екеуі бірігіп филогенетикалық әдісті құрайды.
Жүріс-түрыстың онтогенезі дегеніміз — бұл жүріс-тұрыста қайсысы туа, қайсысы жүре қалыптасатындығы туралы мәселе болып табылады. Онтогенездің түрлері: 1) Пренатальды кезең (туылғанға дейін); 2) Постнатальды кезең (туылғаннан кейін); 3) Ойын кезеңі.
Халық педагогикасында сәби шақтағы балаларды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтық тәрбие дәстүрлі, әдет-ғұрыптарды, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары, бейнелеу өнері, қолөнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Халық педагогикасының қайнар бұлағы - ауыз әдебиеті түрлері. Адамдық ұстанымдарға негізделген шығармалар — ертегілер, эпостық жырлар, ақындар айтысы, аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар, жаңылтпаштар, жүмбақтар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жас үрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, ақыл-ой санасы дамыту, дене, еңбек, эстетикалық т.б. тәрбиесін жүзеге асыруға бағытталған. Жас ұрпақгы намысшылдыққа, ерлікке, отаншылдыққа, жақсылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, тазалыкка, еңбекке, шеберлікке т.б. тәрбиелеген.
Салт-дәстүрдің түрлері:
- Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;
- Тұрмыстық салт-дәстүрлер;
- Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер;
- Үйлену, үй болу салт-дәстүрлері.
Салт-дәстүр дегеніміз - халыктың ұрпактан-ұрпаққа мұра болып қалып отыратын, қалыптасқан озық салты мен әдет ғұрыптың жиынтығы. Мектеп жасына дейінгі балапар ата-анасының, апа-ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша сәбилік шақтан-ак халық ауыз әдебиетімен таныс бола бастайды.
Сәби шақтағы балалардың үлкендермен қарым-қатынасының маңызы. Сәби шақтағы балалардың үлкендермен карым-қатынас жасауының маңызы зор. Қарым-қатынас дегеніміз - адамдардың өзара әрекеттесуі, бір-бірімен пікір бөлісуі. Ол әлеуметтің өмір қажеттігі, ол ақпараттық, нормативтік таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас нормаларын коғам реттеиді, оның сәби жастағы балалардың іс-әрекетінен көруге болады.
Ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда сәби шақтағы балаларда қарапайым ұғымдар қалыптасуы, әр түрлі заттар мен құбылыстар туралы мағлұматтар алады, қоршаған ортаны бағдарлауды нақтыланады, үлкен адамдармен балалар арасындағы карым-қатынас нығаяды, адамгершілік тәрбиенің негізі қаланады, баланың жеке басының ерекшеліктері қалыптасады, баланың эмоциялық сферасы дамиды.
Екі жастағы балаларға сипаттама Екі жасқа қараған бала дене күші мен психикасы жағынан одан әрі жетіледі. 2 жастағы баланың салмағы орта есеппен 12-12,7 кг, бойы 85-86 см, ал сүт тісінің саны 20-дай болады. Нәрестеге қарағанда бұл топтағылардың қимыл белсенділігі мен дербестігі арта түседі. Баланың түрегеп жүре бастауы негізгі қимылдардың өте күрделі түрлерінің пайда болуына себепкер болады, айналаны тану мүмкіндігін өзгертеді, яғни олардың жүйке жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді. Бөбектердің ересектермен көңілді қарым-қатынас жасауы жаңа мазмұнға ие болады. Үлкендер күнделікті тұрмыста, серуенде, оқу іс- әрекетінде, ойын кезінде балалармен сөйлесу арқылы оларды оқыту, тәрбиелеу міндетін атқарадьі, заттық және ойын түріндегі өте маңызды іс- эрекеттерін қал ыптастырады. Осылардың нәтижесінде баланың өзін қоршаған орта жайлы түсінігі кеңейеді, сенсорлық тәжірибесі артып, оиланып, сөйлеуі дамиды. Зейін, есте сақтау сияқты психикалық процестер жетіліп, эмоциясы, көңіл-күйі молыға түседі. Бала денесінің дүрыс қалыптасуына үнемі қамқорлық жасап отыру кажет. Ересек адамның дұрыс тәрбиелік ықпалы баланың бір қалыпты психикалық дамуының негізгі шарты болып табылады. Бала басқалармен болатын қарым-қатынас қүралын, оның түрлі тәсілін меңгеру нәтижесінде өз бойына үжымда кабылданған мінез-кұлық негіздерін сіңіреді.
Екі жастағы балалардың қимылдары, тілінің дамуы, заттармен жасайтын әрекеттері Балалардың әр түрлі дербес, өз бетінше эрекетін үйымдастыру барысында, қарым-қатынас жасау кезінде бөбектердің белсенді, бірқалыпты куанышты көңіл-күйде болып түратын жағдайлар жасау, бала қимылының жүгіру, жүру, өрмелеу, жетілуіне мүмкіндік береді. Әр баланың тиісті мөлшерде қозғалуын қадағалау, балалардың қимылды ойындарға қызығушылығын тудырады, арбамен жүру, доппен ойнау, баспалдақты төбешікке шығып, қайта түсу, жолмен жүгіру, жеңіл шардан, пластмассадан істелінген кегелдерді қүлату және т.б. басқаның ойынына кедергі жасамауға тәрбиелейді. Қимылды ойындарды отырып ойнайтын ойындармен алмастырып отыру қажет. Құмның, кардың үстіне сызыктар салып, ойнауға мүмкіндік жасау керек. Алғаш жекелеген заттарды бейнелейтін суреттерді, кітаптағы заттар мен қимыл-әрекет бейнелерін іздеп тауып,оларды атай білуге үйрету қажет. Балаларға қысқа өлеңдер, әзіл-сықақтар, тақпақтар оқып беру арқылы кайталап айтуға құштарлығын арттыру керек.
2 жаска дейінгі балаларда барлық сөйлеу реакциясының түрлерін калыптастыру, сөйлеуге еліктей білу мен сөзді түсінуін өрістету керек. I жарты жылдықтың ең негізгі мақсаты - үлкендер сөзін түсінуін жақсарту, жоғарыда көрсетілген мақсаттармен катар, II жарты жылдықта сөйлеу белсенділігінің дамуына ерекше көңіл белу кажет. Затпен әрекет жасау, үлкендермен болатын карым-қатынастар, айналаны бакылау әрекеттерінің нәтижесінде сюжетті бейнелеу, ойын пайда болып, бала ойында өмірдің карапайым жағдайларын бейнелейді. Күнделікті өмірде, сабақта, ойын кезінде затпен әрекет жасау барысында баланың елестете ойлау белсенділігі артады. Ол баланың әрекет жасауымен бір мезгілде өтіп жатады. Әрі затпен әрекет жасаудың дамуы тілді меңгерумен тікелей байланысты болатын қүбылыс.Сондықтан затпен катынас жасау сөзбен бейнелеп, оның елестете ойлауы же дел қалыптаса бастайды.
Үш жастағы балалардың дамуы және тәрбиелеу ерекшелігі 1-ден 2 жасқа дейінгі бала денесінің кауырт өсу каркыны 3 жасқа аяқ басканда біршама баяулайды. Орташа алғанда бала жылына 2 кг салмак қосады, бойы 7-8 см -дей өседі. 3 жасқа карай баланың орташа салмағы 14,8- 15 кг, бойы 95-96 см арасында ауыткып отырады, кеудесінің аумағы 52 см болады. Баланың бүкіл дене құрылысы өсіп, жүйке жүйссі дамиды.Қозғалу I мүшелері жетіле түседі. 1 Балалар өз тілегі мен іс-әрекетін тежей алатын болады, бірак онысы үзаққа бармайды, біркелкі қимыл жасаудан тез шаршап, айналаға әуестенгіш келеді. Бала түрмыс жағдайында, ойын, сабақ үстінде меғүрлым дербес бола бастайды, қимылдары да барынша үйлесімді бола береді. Жүйке жүйесінің одан әрі жетілуі сергу мерзімінің үзара түсуіне әсер етеді. Дене бітімінің сымбатты болуын қадағалау, мәдени-гигиеналық эдеттер мен өзіне-өзі кызмет ету машықтарын қалыптастыру, балалардың дене күшінің үйлесімді дамуына ықпал жасайды. Баланың сенсорлық өрісін оку іс-эрекеті үстінде және өз әрекеті барысында заттардың өрісін кескінімен, көлемімен, түсімен, салмағымен, олардың кеңістіктегі орналасуы мен және динамикалық ерекшеліктерімен таныстыру арқылы жетілдіріп, /шар домалайды, ал текше домалайды/ отыру кажет.
Үш жастағы балалар ойыны және балалармен қарым-қатынасы Балалардың көңіл-күйі сергек, қуанышты болуға тиіс. Ол үшін сабырлы түрде ынталанып ойнауға қажетті ойыншықтарды өздері таңдап алуға үйрету қажет. Негізгі қимыл-әрекетін жүру, жүгіру, лақтыру, домалату-жетілдіре түсетін ойындарды қолдап дамыта берген жөн. Ойын кезінде ойыншықтарды көлеміне, түсіне, (қызыл, көк) карай салыстыра білу кабілетін жетілдіріп ойынға қажетті заттарды, кейбір қүрылыс материялын (текше, кірпіш) дұрыс атай білуге үйрету керек. Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін, игі қарым-катынас жасауын, бір-біріне кедергі келтірмей, қатар ойнай білуін жэне бірлесіп ойнауға деген ынтасын өрбіте отырып, жолдасының қолындағы ойыншығын тартып алмай, ойыншықтарды пайдалануға, оларды қайтадан орнына қоюға; машықтандырып отыру керек. Балалардың ойын кезінде қарапайым рөльдерді орындай білуін қалыптастыру, яғни белгІлі бір рөлге сәйкес қимыл жасай білуге (шеше, шофер, дәрігер) кейбір кейіпкерлердің қарапайым образын жасай білуге (қоян болып секіру) үйрету, берілген рөльге ылайық қимыл-эрекеттер түрін тауып, оларды байланыстыра білу баулу қажет. Ойын кезінде қуыршақты - адам, ойынышықтарды тірі кейіпкерлер ретінде пайдалануға үйрету (ит болып үру, әтеш болып шақыру: ит қашып кетті, қүс үшып кетті т.б.) керек. Балалардың ойын кезіндегі жағымды қарым-қатынасын мадақтап отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет