Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


-ТАҚЫРЫП. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мазмұны мен әдістемесі



бет21/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

3-ТАҚЫРЫП. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мазмұны мен әдістемесі.
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуы және тәрбиелеу әдістемесі
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой және сенсорлық
4.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі
5.Эстетикалық тәрбие
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуы және тәрбиелеу әдістемесі. Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың тиімділігі педагогикалық процестің ұйымдастырылуына, ғылыми және материалдық қамту деңгейіне, басқару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен,өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен сипатталады.Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның өзге де жүйлерімен тығыз байланысты жұмыс істейді.Мәдениеттің,ғылымның, экономиканың және өнердің әсерімен дами отырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлық салаларына өзінің әсерін тигізеді.Қазақстан елі өз тәуелсіздік бағыттағы даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесі жан – жақты жетілдірудің мүмкіндері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі ьбола отырып дене тәрбиесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Қазіргі кезеңде еліміздеге деғне тірбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулықтарын нығайтумен қоса тұла бойындағы биологиялық- психологиялық қасиеттердің жан жақты жетілуіне барлық жұмысын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиісті. Дене тәрбиесі негізгі екі бөлімнен тұрады: біріншісі Спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрдешұғылданып кәсіпке айналуы. Екіншісі дене шынықтыру, бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал “Дене тәрбиесі” “Дене шынықтыру” деген түсінігінен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі. Дене тәрбиесі педагогикалық процесте үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.Дене шынықтырудың құрамдас бөлігі спорт болып табылады. Спорт адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан, материалдық және рухани байлықтарды игіліігіне дарыту.
Балалар дене тәрбиесінінің міндеттері
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің мұғалімін дайындауда “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” атты пәнді оқыту негізінде болашақ жоғары білімді маманға тәжірибелік жұмыс кезеңдерінде алға қойылған дене тәрбиесіне қарасты мақсаттарды орындаудағы тиімді жолдарды пайдалану, дене тәрбиесінде қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып көптеген әдістермен тәсілдерді дұрыс іріктеп қолдануды үйрету болып табылады.Дене тәрбиесінің ең басты мақсаты адам балысының дене жағынан жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін қамтамасыз ету болып табылады.Дене тәрбиесі процесінде барлық міндеттердің көптүрлілігі үш топты құрайды: сауықтыру, тәрбиелілік, білім беру.Сауықтыру міндеттері денсаулықты артыруға, денені жетілдіруге көмектесетін, адам ағзасының құрылымын бірқалыпты деңгейде дамытуға бағытталаған.Сауықтыру міндеттерінің негізгі көрсеткіштері адамның денсаулығын жақсарту және денені дамыту болып табылады.Тәрбиелілік міндеттер дене және рухани күштердің белгілі нәтижесінде адамның жан – жақты дамуына бағытталған.Дене тәрбиесі педагогикалық процестің құрамында бола отырып, өзіне тән құрал, әдіс арқылы тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді.Білімділік міндеттер белгілі бір қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, осы саладағы арнаулы білімдермен қаруландыруға бағытталған.Дене туралы білім адамдардың қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын, білімді жинақтауға ғана емес, сонымен қатар өз білімі мен тәжірибесін өмірде қолдана білуді және дене жаттығуларын жеке дара игеруді, пайдалануды қарастырады.
Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.Бастуыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2 – 2,7 кг. өседі. Алты жастан он екі жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есеге артады, бала миының көлемі ұлғаяды, нерв жүйесінің жетілуі жалғасады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

  1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін

  2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін

  3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін

  4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін

  5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жеткіншектік жас 13 – тен 16 жасқа дейін (ер балалар)

12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)

16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)

21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)

36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)

56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)

  1. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін

  2. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады.

  1. Жаңа туғавн бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

  2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

  6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

  7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепек балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс – әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет