Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі ұйымдарда біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру



бет29/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

6-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі ұйымдарда біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдеріс
2.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті жоспарлау
3.Мектепке дейінгі ұйымдарының педагогикалық үдерісінің біртұтастығы: теориялық негіздері, мәні, құрылымы, компоненттері.

Ең алдымен педагогикалық үдеріс, тұтас педагогикалық үдеріс ұғымдарының мән-мағынасына тоқталайық. Үдеріс (лат. Процесусс – алға басу) деген ұғым мынаны білдіреді:



  • Жағдайлардың даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;

  • Белгілі бір нәтижені жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы

Педагогикалық үдерістің мәні екі жақты сипаталады: ең әуелі жұмыс істеп тұрған 1) әлеуметтік жүйе ретінде; 2) өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.

  1. Әлеуметтік жүйенің белгілері:

  • Жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмысы сол мақсатқа бағытталады;

  • Өзара байланысты элементтерден (бөліктерден) тұрады.

  • Жүйе өзінің ішкі қарама-қайшылықтарына байланысты дамуға қабілетті;

  • Ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады;

Мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық үдерістің мәнін түсінумен тікелей байланысты. Яғни, педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы мұғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады. Педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің материалдар негізінде жасалды.
Педагогикалық үдерістің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты Э.И.Моносзон, Г.Н.Филоновтың еңбектерінде көрсетілген. Педагогикалық үдеріс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей байланысты. Кеңес кезеңінде педагогикалық үдеріске (XIX ғас.) алғаш анықтама берген П.Ф.Каптерев болды. Олпедагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір выпвапбөөөөөбөлшегі ретінде өмір сүреді деген.
Бөлшегі ретінде өмір сүреді деген. М.АДанилов өзінің педагогикалық үдеріс – педагогикалық теорияның обьектісі деген еңбегінде, ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдірілуі айқындалды. Ю.И.Бабанскийдің жүргізген зерттеуі нәтижесінде, оқыту үдерісін оптимизациялау біртұтас педагогикалық үдерістің ішінде қамтамасыз етілуі тиісті деген қорытынды жасалды. В.С.Ильин де оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру мәселесін зеттеу нәтижесінде, дәл сондай қорытындыға келді. Қазақстанда педагогикалық процесті алғаш зерттегендердің бірі Н.Д.Хмель.
Педагогикалық үдеріс – біртұтас обьект ретінде өзіне тән интегративтік қасиеттерінен туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне ие болады. Мұғалім – оқушы жүйесінің біртұтастығы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен, педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады. Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосылқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалы айтамыз. Ол – үдеріске қатысушы барлық субьектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды, олар: әртүрлі реттегі қосымша жүйенің функциялық арнайы бағытта мамандануы; субьектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қатынастардың қосындысы.
Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күшке байланысты. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші деп – қойылатын талаптар мен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзінек айналады. Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал бұл іс-әрекетсіз мүмкін емес. Яғни қарама-қайшылық адам жүйесінде пайда болады да, адам-адам жүйесі арқылы шекшіледі. Мұғалім педагогикалық үдерісте маңызды орын алады. Ол оқушының басқа да жүйелермен байланысты жанастырады, ол қажетті іс-әрекеттерді және оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы осы байланыстарға ықпал етеді.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржвқты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмыстарының сапасы жоғарылайды. Педагогикалық үдерістің басты идеясы – оқыту мен тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптерінің, заңдылықтарының, мазмұнының, әдістері мен формаларының бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Үдеріс деген ұғымның мағынасы педагогикалық үдерісте түпкі нәтижеге жету қозғалысы – бірізді әркеттердің жиынтығы арқылы қандай нақтылық әрекеттер керектігін және қандай жағдайда өзгерту қажеттілігін ұстаздар жақсы білуі керектігін талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап педагогикалық үдерістің құрлымын (мақсат, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдер, құралдар, ұйымдастыру,тапсырма, нәтиже) білумен тікелей байланыста болады. Педагогикалық үдеріс – оқытушылар мен оқушылардың білім алу мақсатына қарай бірге қадам басқан іс-әрекет.
Тұтас педагогикалық үдерісте кешенді ықпал жасау іс-әрекеттерді нақты жоспарлау, әртүрлі жұмыстарды табиғи бірлікте жүзеге асыру. Мұғалім іс-әрекетінің обьектісін – педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы – мұғалімнің шеберлігін ұтымды қалыптастаруға алатын орны жағынан ең құрметті болып табылған. Себебі, ол қабілеті мен белсенділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдепөғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшеліктерін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастырады. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларға оқу пәнінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірбиені алуға үйрету, адамзаттың жинақтаған барлық мәдениет байлығын меңгерту болып табылады. Белгілі бір уақытқа дейін оқушы әлеуметтік тәжірибені өз бетімен меңгере алмайды, сондықтан ол мұғалім-оқушы жүйесінің элементі болады. Оқушы өзін-өзі бағалай алмайды және өзімен жұмыс істей алмайды, ол басқа адамдармен қатынаста болуы керек, сондықтан,м бұдан басқа жүйе пайда болады
Мұғалім мұғалім-оқушы жүйесін қарай басқару керек екендігін білу үшін, оның іс-әрекеті обьектісін теориялық біліммен қамтамасыз ету қажет. Мұғалім оқушының басқа да жүйелермен байланысын жанастырады, ол қажетті іс-әрекеттерді және оқушылардың өзараәрекеттерін ұйымдастыру арқылы осы байланыстарға ықпал етеді. Мұғалім-оқушылар жүйесініғ біртұтастығы – мақсат пен нәтиженің бірлігімен, педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады. Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік сапасы де өзара қилысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол тұтас педагогикалық үдерістер мұғалім мен оқушылардың өзара байланыстылығы олардың іс-әрекеттерімен сипатталады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерьактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагоностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
Мекетепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерьактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру, мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
Педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.
Ақпараттық-коммуникативті технологиялар.
Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерьактивті тақта, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үрдістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылад.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы, белсенді ролін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.
Музыка жетекшісі – міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін, өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді;
Интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял-елесі;
Коммуникативтік – ересектермен және құрдастарымен сөйлесу қабілеті;
Рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
Өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка жетекшісімен қатар тәрбиеші білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғасының табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернеттен алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Блум таксономиясы» технологиясы- бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. Блум таксономиясы негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез-келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген блум әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. Балаларды шығармашылық дамытуда АКТ-ның тигізер пайдасы орасан зор екенін панорамалық флипчарт сабақта дәлелдедік. Болашақта Блум таксономиясы әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметімізді жоспарлай алсақ және оның жүйесімен жұмыс жасай білсек еш қателеспейміз. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:
1 – білу
2 – түсіну
3 – талдау
4 – қолдану
5 – жинақтау
6 – қорытындылау
Ұйымдастырылған оқу қызметін алты бөлікке жіктеп жаза отырып, АКТ-ны пайдалану оқу қызметін жандандыра түседі, ойлау, сөйлеу, ұшқыр қиялы дамиды деп ойлаймын. Өз жұмысымды балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.
Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір-бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі. Топтық оқытуда балаларды топқа бөліп оқыту балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әртүрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту – тіл үйренудің ұжымдық формасы, бұл үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұқбаттасу арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып, әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдісі арқылы іске асады. Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады. «Сөйлейтін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі қажетті сөздер, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.«Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже:
Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Баланың жеке қабілеті анықталады;
Балалар бір-бірлерінен қалмауға тырысады;
Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды роль атқаратыны мәлім. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-анасы. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қателігін түсіне білетін, дұрыс жүріп күтіне білетін, үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін.
Білімді жинап, дүниені шолатындай, — балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды», — деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет