7-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі ұйым және мектеп.
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Баланы мектепте оқытуға дайындау
2.Балабақшада мектепке дайындау үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері
3.Баланы мектепке дайындаудың мазмұны (дене, психологиялық, зияткерлік, әлеуметтік-адамгершілік, мотивациясы, эмоционалдық)
4.ҚР мектепалды даярлық білім беру тұжырымдамасы
Балалардың мектепте оқуға дайын болуын қалыптастыру мектепке дейінгі мекеме мамандарының педагогикалық қызметінің маңызды және заңды нәтижелері болып табылады. Мектепке дайын болу – педагогикалық процеске қатысушылардың мақсатты бағытты түрдегі дайындығының және стихиялық әрекетінің кешенді нәтижесі.
Тақырыптың базалық ұғымдарының мазмұнын ашып, олардың өзара арақатысын анықтайық.
Дайындық – жеке адамның ерекше міндеттерін тиісінше орындауына қажетті білім, білік, ұстанымын қалыптастыру және байыту. Біздің жағдайымызда – оқушының әлеуметтік ролін орындау және және әрекеттің жаңа түрін меңгеру.
Мектепке дайындау – мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы жан-жақты дамытудың жоғары деңгейін және балаларды оқу пәндерін меңгеруге арнайы дайындауды қамтамасыз ететіндей мектепке дейінгі мекемеде білім беру жұмысын ұйымдастыру.
Мектепке дайын болу психологиялық-педагогикалық сөздікте мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу мен оқытудың қорытындысы және мектепке мақсатты түрде жүйелі дайындаудың нәтижесі деп анықталады. Мектепке дайын болу – мектепке дейінгі ересек жастағы баланың мектепте жүйелі ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін жемісті қамтамасыз ететін морфофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Ол бала организмінің, жүйке жүйесінің өсіп жетілуі себепті, психикалық процестің даму деңгейінен, бала тұлғасының қалыптасқандығы себебінен болады. «Дайындық» және «дайын болу» терминдері себеп-салдар қатынасымен байланысты: дайын болу тікелей дайындық сапасына тәуелді және сонымен анықталады.
Мектепке дейінгі педагогикада баланы мектепке дайындау нәтижесімен байланысты тағы да бір термин бар – мектеп жасына толу. Бұл ұғымның мазмұнын әртүрлі авторлар өзінше түсіндіреді. Оны біреулері мектепке дайын болудың синонимы десе, басқалары «мектеп жасына толу» және «мектепке дайын болу» деп бөледі. Көбінесе мектеп жасына толу дегенді морфологиялық және функционалдық дамудың сондай деңгейі, онда бала мектепте жүйелі оқудың талаптарын орындай алады (биологиялық, функционалдық, жетілгендік, физиологиялық функциялардың дамуы, денсаулық жағдайы) деп түсінеді. Мектеп жасына толу баланы дамытудың психикалық және физикалық жақтарын біріктіреді. Бұл дайын болудың басқа түрлеріне (тұлғалық, адамгершілік, әлеуметтік, интеллектуалдық) негіз болады. Мектеп жасына толу организмнің жетілуінің психикалық-физиологиялық аспектісін көрсетеді.
Баланы мектепте оқуға дайындаудың мақсаттарын, мазмұнын және әдістемесін көрсеткенде тағы да бір – «сабақтастық» термині қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |