Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына
үлкен әсер ететінін атап өту;
Ата – анадармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрдерін қалай ұйымдастыруға болады?
1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары
2.Психологиялық-педогогикалық кеңес беру жұмыстары
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс
4.Диогностикалық талдау жұмысы
1.Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру, ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау.
2.Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы - ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету. Олар: лекциялар мен әңгімелер, жеке кездесу, психологиялық тест.
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс - ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару. Мұндай бағытқа: ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару, маман дәрігерлермен кездесу, балалардың (ашық есік күні) сабақтарына қатысу.т.б жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
4.Диагностикалық талдау жұмыстары - ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс
түрлерін ата- аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне
байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс -пікірлермен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Ұнайды;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
Ата-аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
Ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Бір-біріне көңіл бөлу
Тыңдау
Сыйлау
Көзбе-көз қарау
Тиімді орынды таңдау
Әзілді сезіну
Ұрыс-керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Ата-ана жұмысын осылайша ұйымдастырудан қандай нәтижеге қол жеткізуге болады:
Ата-ананың өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білуі.
Балабақшада педагогикалық сенімнің күшейуі.
Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығының оянуы.
Оқу тәрбие жұмысының ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде одан әрі дамуы.
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін артуы.
Осы жұмыстар іске асқан жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясында белгілеген мына ұстанымдар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру қызметінің сапасын арттыру мәселесін шешу жолын айқындайды: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» [1]. Осыған орай, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұр.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» [2] деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады.
Жас бала дегеніміз ол-ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де, ал балабақшадағы тәрбиеші болса жаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті. Балабақшада әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктерін қалыптастырады.
Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында көрсетілген [3].
Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқыы үлгілеріқалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты- білімде. «Білім бір құрал.Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды»,-дейді А. Байтұрсынов[4].
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына
үлкен әсер ететінін атап өту;
Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары
2.Психологиялық-педогогикалық кеңес беру жұмыстары
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс
4.Диогностикалық талдау жұмысы
1.Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру, ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау.
2.Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы - ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету. Олар: лекциялар мен әңгімелер, жеке кездесу, психологиялық тест.
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс - ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару. Мұндай бағытқа: ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару, маман дәрігерлермен кездесу, балалардың (ашық есік күні) сабақтарына қатысу.т.б жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
4.Диагностикалық талдау жұмыстары - ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата- аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс -пікірлермен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Ұнайды;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
Ата-аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
Ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Бір-біріне көңіл бөлу
Тыңдау
Сыйлау
Көзбе-көз қарау
Тиімді орынды таңдау
Әзілді сезіну
Ұрыс-керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Ата-ана жұмысын осылайша ұйымдастырудан қандай нәтижеге қол жеткізуге болады:
Ата-ананың өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білуі.
Балабақшада педагогикалық сенімнің күшейуі.
Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығының оянуы.
Оқу тәрбие жұмысының ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде одан әрі дамуы.
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін артуы.
Осы жұмыстар іске асқан жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Қорытындылай келгенде «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ата-анамен тәрбиеші арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
"Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас жүйесі.
Ата-ана – баланың бас ұстазы.
Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің іргетасы.
Баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы
іспеттес.Өзі үлгі болумен қатар мейірім мен
махаббат иесі болуы қажет.
«Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қытынастың үш түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға деген және заттық әлемге деген қарым-қатынасы Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi. Олар отбасында отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдiсi нәтижесiнде мектеп жасына дейiнгi бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер (киiм кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты әлi де болса аса қажет етедi деп тұжырымдайды . В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады.
Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына байланысты» - деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады. Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік құбылыстар, тәрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды.
Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді [4]. Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады ретінде танылады.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады