Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы



бет34/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

8-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы.
Дәріс жоспары (1сағ)
1.Отбасы тәрбиеснің негіздері
2.Отбасы тәрбиесі
3.Отбасының мектепке дейінгі ұйыммен ынтымақтастығы
4.Ата-аналардың балалармен қарым-қатынас стилі

1.Отбасы тәрбиесінің негіздері. Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.


Қазіргі нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардыңөміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне “өзінше” қиындық әкелді.
Қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарыныңбасым болуы.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасында тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Конвенция баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана “баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін” орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында “мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.
Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған Конвенция, “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының жалпы декларациясы” және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
2. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
ҚР “Білім беру туралы” заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманныңталабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Қоғамдық отбасының тәрбие Ұмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет. Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиеніңмаңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Оқушының отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық үрдістің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетініңалуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді.Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Үйдегі ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық үрдістің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрыңғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Қазіргі отбасындағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі – оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас отбасының педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады.
Педагогикалық үрдістің сипаттамалары отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасындағы педагогикалық үрдістің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады. Олар 1.жоғары, 2. орташа, 3.төмен.
Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар.. Орташа деңгейде отбасының педагогикалық үрдісі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді.
Төмен деңгей отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады.
Отбасы жайлы алғашқы мәліметтерді “Менің отбасым”, “Біздің отбасындағы демалыс күні”, “Менің үйдегі міндеттерім”, “Оқушының отбасындағы бір күні” атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық көзқарасы, отбасының рухани Ұмірі, оның мүшелерінің өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Отбасы – іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап етеді. Мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланыңоқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасы арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі.
Отбасы мен мектептің ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір отбасыларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар отбасыларға).
Отбасылар мен мектептің ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Отбасына бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, “жанұя суреті” ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі “жаман” тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады”, – дейді А.С. Макаренко.
Оқушылардың ата-аналары оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есік күндері” дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады.
2.Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата – ананың қызғушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата – ананың балабақшаға , тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет